Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 12.02 Mb.

бет1/96
Дата08.01.2017
өлшемі12.02 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
1410

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 



 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 

Қарағанды “Болашақ” маңызды білім беру колледжі 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 

Карагандинский колледж актуального образования “Болашақ” 

 

 



 

 

Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі: 



тәжірибесі,  қазіргі жағдайы, мәселелері және даму 

бағыттары 

ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 

 

Современная система дошкольного образования: 



опыт, состояниепроблемы и векторы развития 

Материалы ІІ международной научно-практической конференции 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қарағанды 2016 

 


 

 



«Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі: тәжірибесі, қазіргі жағдайы, мәселелері және 

даму бағыттары» атты ІІх алықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Қарағанды 

маңызды білім беру «Болашақ» колледжі, Қарағанды 2016ж, 1308 б. 

 

Материалы  ІІ  международной  научно-практической  конференции  «Современная  система 



дошкольного образования: опыт, состояние, проблемы и векторы развития», Карагандинский колледж 

актуального образования «Болашақ», г.Караганды - 2016г, стр 1308  

 

 

ISBN 978-601-273-310-5 



 

 

Жинаққа  «Мектепке  дейінгі  білім  берудің  заманауи  жүйесі:  тәжірибесі,    қазіргі  жағдайы, 



мәселелері  және  даму  бағыттары»  атты  ІІ  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияға 

қатысушылардың мақалалары енгізілген.  Мақалалар білім берудің жаһандану мен ұлттық кеңістіктегі 

мәселелеріне  арналған.  Жинақ  материалдары  білім  берудің  барлық  деңгейдегі  қызметкерлер, 

педагогтар, ғалымдар, жас ізденушілердің назарына ұсынылған. 

 

Редакция алқасы ұсынылған ғылыми мақалалардың мазмұнына жауап бермейді. 



 

В настоящем сборнике размещены статьи участников ІІ международной научно-практической 

конференции «Современная система дошкольного образования: опыт, состояние, проблемы и векторы 

развития». Статьи посвящены проблемам современного образования в глобальном и национальном 

контекстах.  Материалы  сборника  представляют  интерес  для  работников  всех  уровней  образования, 

педагогов, ученых, начинающих исследователей. 

 

Редакционная  коллегия  не  несет  ответственности  за  содержание  представленных  научных 



статей. 

 

 



 

Алқа мүшелері/Редакционная коллегия: 

Мамраева Г.Б., директор ККАО «Болашак», кандидат экономических наук 

Капанова  И.Х,  Тендікова  А.Б.,  Абильдина  Б.К.,  Ильяшова  Б.Ф.,  Заверина  Е.В.,  Жексенова  Б.О., 

Казангапова С.О., Жамангарина М.А. 

 

 

ISBN 978–601–273–270–2 



 

 

 



 

 

 



 

 



ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН – КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ 

СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НӘТИЖЕЛІ ҚҰРАЛЫ 

 

Абдрахманова А.А.  



КМҚК МДМ «Күншуақ» балабақшасы 

Балқаш қаласы 



 

Адамзат баласы өмірінде маңыздылығы жөнінен ерекше, ғажайып кезеннің бірі – 

мектепке  дейінгі  кезең.  Осы  кезенде  баланың  танымдық  қабілеті  қалыптасып, 

айналадағы  дүниені,  әлемдегі  заттық  және  әлеуметтік  жүйені  ұғынады.  Мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  қоршаған  ортаны  тануы  белгілердің  әр  түрлігінің  және 

заттардың қасиеттер арасында хабардар болу тәсілдеріне үйренетін белсенді қызметті 

болжайды. Қазіргі таңда көру қабілеті бұзылған балалардың саны күннен күнге артып 

жатқаны  белгілі,  бұл  балалардың  әлеуметтік-тұрмыстық  бейімдеу,  кеңістікті 

бағдарлау, көру арқылы қабылдау қабілеттерінің маңыздылығы зор. Бала дүниені сезім 

мүшелерінің  көмегімен  танып  біледі,  ал  таным  оның  өмір  тәжірибесіндегі 

таңдауларымен,  ақпараттар  туғызған  эмоциялық  сезімдермен  тығыз  байланысты. 

Көзді – «жан дүниенің айнасы» дейді. Жалпы бала қоршаған ортаның 80 пайызының 

көз арқылы қабылдайды. Көру қабілетінің бұзылуы алғашқы ақаулық түрі болып келіп, 

баланың танымдық дамуының қалыптасуына кемістіктің туындауына әкеп соғады. 

Ойын-балалардың  негізгі  іс-әрекеті  ретінде  психологиялық,  педагогикалық 

маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік 

дамытушылық  мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына 

ықпал  етеді.  Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  А.С.Макаренко 

былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, 

қызметтің қандай манызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, 

өскен соң жұмыста да сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең 

алдымен ойыннан басталады.  

Ойын –баланың өмір танымының алғашқы қадамы. Ойынның басты ерекшелігі 

баланың  ойлау  қабілетін  жетілдіру  болып  табылады.  Ойын  –  балалардың  негізгі  іс 

әрекетінің  бір  түрі.  Ойын  барысында  балалардың  жеке  басының  қаситеттері 

қалыптасады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  көргендерін,  байқағандарын, 

айналасынан  естігендерін  ойын  кезінде  қолданатының  байқау  қиын  емес.  Балалар 

ойын барысында айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені 

тани  бастайды,  өзінің  күш  жігерін  жұмсап,  сезімін  білдіруге  мүмкіндік  алады, 

достарымен араласуға үйренеді. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қоршаған  ортаны  тануы  белгілердің  әр 

түрлігінің және заттардың қасиеттері арасында хабардар болу тәсілдеріне үйренетін 

белсенді қызметті болжайды. Көру қабілеті бұзылған балалардың сенсорлық тәрбиенің 

нәтижелі құралдарының бірі – негізгі іс-әрекетінің бір түрі балаларды тану тәсілдеріне 

оқыту болып табылатын дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындарды көру қабілеті 

бұзылған  балалардың  сенсорлық даму  процессіне әсер  етуіне  байланысты  екі  топқа 

бөлуге болады ( Л.И.Плаксина):  


 

 



1.

 

көру қабілеті бұзылған балалардың сенсорлық сфера және сенсорлық қызметтің 



дамуына арналған дидактикалық ойындар

2.

 



логикалық ойындар, олардың мақсаты – сенушілік тәжірибені мағыналық жүйеге 

келтіруі. 

Бірінші топ ойындары балалардың айырып тану іскерліктері, салыстыру, заттық 

әлемін белгілеу, мінездемелі белгілерді атауды дамытады. 

Ойындардың екінші тобында балалар заттарды жалпы және айырмалық белгілері 

бойынша топтастыруға және жүйеге келтіруге үйренеді. Топтастыру кезінде балалар 

заттар  аралық  жалпылықты  қондырады,  жұптар  құрайды,  заттарды  сенсорлық 

белгілері  және  кеңдік  мінездемелерге  байланысты  топтарын  құрастырады.  Жүйеге 

келтіруге байланысты ойындарда балалар заттардың ара қатынасын айқын белгімен 

ғана белгілейді: бір түсті, бір мөлшерлі және т.б. 

Мазмұны  бойынша  дидактикалық  ойындардың  үш  түрін  ұсынуға  болады 

(Удальцова Е.И., Михайлова З.А.): 

1.

 

заттармен ойын; 



2.

 

үстел-баспа ойыны; 



3.

 

ауызша ойындар. 



Көру қабілеті бұзылған балалар заттарды көріп толық қабылдай алмайтындықтан, 

олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері аз және толық емес.Заттармен 

ойын заттық ұсынулардың және заттармен әрекетердің құрылуына жағдай жасайды, 

балаларды  мінездемелі  белгілерді,  құбылыстардың  және  заттардың  қасиеттерін     

талдауға  үйретеді.  Ойындардың  осы  түрлері  көру  қабілеті  бұзылған  балалармен 

жұмыста  әсіресе  маңызды,  себебі  олар  маңызды  дәрежеде  заттық  ұсынулардың 

баюына және анықтауына жағдай жасайды.  

Ойындар  мен  тапсырмалардың  нақты  үлгілерін  қарап  шығайық.  «Кім 

таяқшаларды  тезірек  жинайды?»  Балалар  айқын  түсті  кішкене  қораптарға  бір  түсті 

таяқшаларды  жинауға  ұсыныс  жасалады.  Ойын  барысында  олар  түстерді 

диференциялайды,  барлығы  қанша  таяқша  жинағанын  есептейді.  Дәл  осы 

таяқшалардан әр түрлі геометриялық пішіндер және қарапайым заттар бейнелеулерді 

(үй, жалауша, шырша, кішкене қашаны) жасайды. «Дәл осындай тап» тапсырмасында 

балалар  8-ден  10-ға  дейінгі  бір  түсті,  бірақ  әр  түрлі  реңді  дөңгелектерді 

диференциялайды.  Қараңғы  реңінен  жарығына  қарай  реңдерден  тұратын  қатар 

жасайды.  «Түстер  бойынша  жайып  қой»  ойынында  балалар  берілген  үлгі  бойынша 

түрлі түсті реңдер қатарын жасайды. Түрлі түсті реңдердің гаммасын тез жасаған бала 

ұтады.  «Қай  көбелектің  қанаттары»  жаттығуында  балалар  көбелектің  әр  түрлі 

мөлшерлі  қанаттарының  суреттерін  қарайды  (5  жұп  қанат  беріледі).  Балалар 

қанаттардың мөлшерін, түсін, қанаттардағы өрнектерді анықтап қарайды, бөлімдерден 

тұтас  көбелекті  жинайды.    «Ою  жаса»  дидактикалық  ойында  үлгі  бойынша 

геометриялық  пішіндерден  ою  біріктіруге  ұсыныс  беріледі.  Осы  кезде  балалар 

олардың  пішіндерін,  түстерін,  мөлшерін,  кеңістіктегі  орналасуын  атайды.  

«Шыныаяқтарға  табақшаларды  іріктеп  ал»  ойынында  түрлі  түсті  шыныаяқтар  мен 

табақшалар  беріледі.  Балалар  әрбір  шыныаяққа  түсі  лайықты  табақша  іріктеп  алу 

керек. 


 

 



Көру  қабілетін    белсендіруге  жағдай  жасаушы  ойындарға    «Өрнекті  лото», 

«Домино»,  «Кесінді  және  сюжетті  суреттерді»,  «Сиқырлы  қапшық»,  «Сиқырлы 

дөңгелектер», «Айна», «Өрнекті кілем», «Тышқанды жасырі», «Сұрыптау»  жатқызуға  

болады.  

Түс  айыру  қабілетін  дамыту  үшін  «Шарларға  түрлі  түсті  жіптер  үйлестір», 

«Бөліктерден  гүл  біріктір»,  «Мозайка»,  «Кемпірқосақ  түстері»,  «Бағдаршам», 

«Моншақтарды  жіпке  тізу»,  «Не  алысырақ?»,  «Ұзын-қысқа»,  «Биік-аласа»,  «Жуан-

жіңішке»,«Кең-тар» дидактикалық ойындары балалардың көз мөлшерін дамытады.  

Көрермен назарын және есте сақтау қабілеттерін дамытуға  «Не өзгерді?», «Тура 

сондай затты тап», «Не жоғалды?» т.б.   

Әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуге «Отбасы», «Дүкен», «Шаштараз», «Емхана», 

«Хайуанаттар  бағы».  «Әрбір  балаға  өз  ойыншығын  тауып  бер»  ойынында  балалар 

ойыншықтарды теріп алады: ұл балаға-көлік, қыз балаға-құыршақ және т.б. Сонымен 

қатар  ойыншықпен  ойнағанда  қандай  іс-әрекет  жасайтынын  атайды.  «Құыршақты 

киіндір» ойынында балалар жыл мезгіліне сай, қуыршақтың мөлшеріне байланысты 

киім теріп алады. «Кім өз моншақтарын тезірек тізеді» ойыны көз мөлшері мен қол 

ұсақ  моторикасын  дамуына  жағдай  жасайды.  Жылдамдылыққа  байланысты  ұтыс 

эелементі еңгізіледі. Көрермен кеңдік бағдар жасауына арналған  «Бөлмеде лайық еңді, 

биік,  ұзын  заттарды  тап»,  «Кім  сенің  қай  жағында  тұр?»,  «Іздер»,  «Көрші»,  «Әрбір 

ойыншықтың  өз  орны  бар»  ойынында  балалар  ойыншықтарды  мөлшері  сәйкесті 

қораптарға  жинауға  үйренеді.  «Кімнің  телефоны?»    ойын  шытырман  шешуге,  кім 

кіммен  телефонмен  сөйлесіп  жатқанын  анықтау  үшін  көздермен  телефон  бауының 

бақылауға  үйретеді,  көру  арқылы  қабылдау,  кеңістікті  бағдарлау  мақсатымен 

ойнатылады. Сабақтарда және ойындарда алынған барлық іскерліктер мен  білімдер 

балалардың күнделікті өмірінде нықталып бекінеді.  

Серуен  уақытында  кеңдік  хабардар  болуды  және  көрермен  түйсіктерді  дамыту 

үшін келесі ойындар мен тапсырмаларды қолдануға болады: «Екі ағашты салыстыр», 

«Ұқсас  жапырақты  тап»,  «Қардағы  із»,  «Жолды  дыбысқа  жүріп  өт»,  «Ізбен  жүр», 

«Қайда  жасырылды?»,  «Қар  бүршіктерін  салыстыр».      Серуенде  табиғи 

құбылыстардың өзгеруі, жыл мезгілдерінің алмастырылуы, жануарлар мен өсімдіктер 

әлемін анықтап қарау және тексеруді келесі ойындарда байқауға болады: «Алғаш түсіп 

қалған жапырақтардың түсін ата», «Жапырақ бойынша өсімдікті ата», «Құстарға жем 

бер», «Үлкен және кішкене мұзшаларды көрсет», «Гүлдерді ата» бұл тапсырмаларда 

балалардың  көру  функциялары  жаттығады.  «Қоңырауды  қайдан  шалғанын  тап?»  

ойынында дыбыс бағытын кеңістікті бағдарлауға жаттығу жүреді: алдымда, артымда, 

оң жағымда, сол жағымда, жоғарыда, төменде т.б. «Кім шақырғанын тап?» балаларды 

жолдастарының дауыстарын диференциялауға үйретеді.  

 Көру  қабілеті  бұзылған  балалардың  нақтылы  заттық  дүниемен  қатынасты 

болатын ойындармен қатар балалар ұсынулары бекітілу үшін ауызша дидактикалық 

ойындар  қолдануға  болады.  Мысалы:«Суреттеу  бойынша  тап»  ойыны.  Балаларға 

заттық  бейнелермен  суреттерді  ұсынады:  ойыншықтар,  ыдыс,  киім,  т.б.  Жұмбақ 

жасыру,  затты  суреттеу.  Жұмбақты  шешкен  карточканы  алады.  Карточканы  көп 

жинаған бала ұтады. 

Дидактикалық жаттығулар: 



 

 



1.

 

берілген сөз нені білдіретінін бейнелеу; 



2.

 

сөзді оны бейнелейтін суретпен байланыстыру; 



3.

 

бірдей аяқталатын сөздерді құрастыру; 



4.

 

ұқсас сөздердің бұындарын атау. 



Сенсорлық  қимылдатқыш  ойындар  тану,  түрлерді,  түстерді,  мөлшерлерді 

реңдерді  топтастыруға  арналған  жаттығулар  үшін  қажет.  Балаларға  басқа  заттарда 

таныс сапалар тап, тепе-теңдік ұғымы, салыстыру, сұрыптау, схемалардың көмегімен 

орналастыру  және  табу  жаттығуларын  көру  арқылы  қабылдау,  кеңістікті  бағдарлау 

қабілеттерін дамытады. 

Қарапайым ойындар көру қабілеті бұзылған балалардың бөлек затты заттардың 

тобына  қоса  санау  қабілеттілігін  дамытады.  Келтірілген  ойындар  мектеп  жасына 

дейінгі  балалардың  жалпылауға  және  қоршаған  ақиқаттың  хабардар  болу  үшін 

қабілеттіліктерін жоғарлатады, сонымен қатар балалардың көру қабілетін дамытады 

және белсендіреді.  

 

Әдебиеттер: 



1

 

Абрамович В.Л.,  Дьяченко О.М.,  Говорова Р.И.,  Цеханская Л.И.. 



«Игры  и  упражнения  по  развитию  умственных  способностей  у  детей  дошкольного 

возраста.» Москва 1989 г. 

2

 

Касабуцкий Н.И.,  Скобелев Г.Н., Столяр А.А.,  Чеботаревская  Т.М. 



«Давайте поиграем»,  Москва 1991г. 

3

 



Михайлова З.А. «Занимательный математический материал», Москва 1985 г. 

4

 



Пилюгина Э.Г. «Занятия по сенсорному воспитанию» Москва 1986 г. 

5

 



Удальцова Е.И. «Дидактичесские игры в воспитании и обучении дошкольников», 

Москва 1976 г. 

 

 

САБАҚТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ: НАҚТЫ НӘТИЖЕ. 



 

Абдрахманова Қ.Ж., Сейтхазина Қ.Н. 

№63«Мөлдір» б/б КМҚК 

 

                  Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі  

Ыбырай Алтынсарин 

 

Жас ұрпақты  тірбиелеуде,  оның бойындағы туа біткен табиғи  мүмкіндіктерін  

дамыту,  бағалау,  сенім,  талап    ету    арқылы    жауапкершілігін    жетілдіруг, 

ынтымақтастық  педагогикасын пайдалану арқылы жеке  тұлғаны   қалыптастыруға  

жол  ашылады  -  ( «2030 – стратегиясын  жүзеге  асыру – жастардың  міндеті »  

атты    жолдауында  )  делінген    болатын.  Осы    мақсатта    даму    мүмкіндігі    

балалардың    дамып    жетілуіне      жан-  жақты    ат    салысуда  ,  Қазақстан  

Республикасының  2002  жылғы  11  шілдедегі  №343. [1, с 17]  Ең  алдымен  тәрбие  

ісіне  терең  сезім  қажет . Тәрбиеге  нағыз  сенім  бар  жерде  ғана, нағыз  талапшылдық 

, еңбек  тәртібі  бар . Даму  мүмкіндіктері  балалармен   жүргізілетін  қандай  жұмыс  


 

 



болмасын  балаларды  қоршаған  өмірге  биімдеуге,  олардың  сөйлеу  тілін  ой - өрісін  

дамытуға  негізделуге  тиіс. 

Оқыту  дегеніміз - өнер . Өнер  болғанда  күрделі, нәзік , көп  қырлы және  өзіндік  

ерекшеліктері  бар  өнер , өйткені  бұған  екі  адам  -  тәрбиеші  мен  бала  қатысады  . 

Оқыту  нәтижелері  баланың  білім  сапасынан  , даму  дәрежесінен  көрінеді . Оқыту  

әдістері    дегеніміз  –  тәрбиеші    мен    балалар    жұмысының    тәсілдері  ,  бұлардың  

көмегімен  балалардын  білімдік , шеберлік  пен  дағдыларын  игеруіне  қолы  жетеді , 

олардың  дүниеге  көз  қалыптасады    және   олардың  қабілеті  дамиды. 

Әдістің  мұндай  анықтамасы  оқыту  және  тәрбиелеу  процесінің  негізінен  туады. 

Тәрбиеші  балаларға  қажетті  тәрбие  мен   білімдерді  қамтамассыз  етіп, олардың  

ойлау    белсенділігін    арттырып,  білім    алуға    деген    ынтасын    оята    алатын  

жұмыстардың  әдістері  мен  тәсілдерін  таңдап  алады .  

Балалардың танымдық белсенділігін дамыту шағын орталық тәрбиешілері үлесіне 

тиіп,  ұйымдастыру  шеберлігімен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  бүгінгі  күні 

тәрбиеші-педагог  мамандарына  түпкілікті  білім  берумен  қатар,  кәсіби  і-әрекетінің 

ғылыми  негіздерін  практикада  қолдануға,  практикалық  біліктілік  пен  дағдыны 

қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. 

Ол  тәсілдер  үш  топқа  бөлінеді:  

Әңгіме  айту , түсіндіру , әңгімелесу , оқулықпен  және  кітаппен жұмыс  істеу. 

1. Көрнекі  әдістері : қызықты  тақырыпқа   сай көрнекі  құралдар болу керек . 

2. Осы өтетін тақырып  практикалық  әдістер  болу  керек . 

Мектеп жасына дейінгі баланың  ерекшеліктеріне  қарай  сабақта  балалар үшін  

ойынды Басшылыққа  алудың  ролі  зор . 

Жүзеге асыру жолдары: 

 

Бала  үйімен байланыс, ата-анасын 

зерттеу 

Тәрбие шаралары 

Шығармашылығын дамыту 

Үлгілі ата-ана 

Балалардың ортамен байланысын дамыту 

Балалардың  белсенділігін, дербестігін дамыту 

Өзіне -өзі сенімділігін арттыру 


 

 



И.Левитовтың  пікірінше,  балаларды,  шығармашылық  қабілеттері  деп  біз  іс-

әрекет  қорытындысында  жаңа  бір  нәрсені  үйренулері  және  олардың  даралық 

бейімділіктерінің, қабілеттерінің көрінуі болып табылады [2, с 6] 

«Өз біліміңмен балаларды шектеме, олардың туылған уақыты бөлек емес пе»?-

деп  айтылған  пікірге  зер  салып  қарасақ  [3,  с  8].  Сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстары: 

нақты нәтиже береді. 

Баланы неге дайындаймыз? 

 

Б  *    Қоғамның  белсенді  азаматы  болуға,ойын  еркін  жеткізіп,  шығармашыл 

ізденісті қалыптастыруға; 

А    *  Қалаған іске жауапкершілікпен қарауға; 

Л    *  Өз ойын, көзқарасын құра білуге;                                                       

А    *  Сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге; 

 

Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары  балалардың  негізгі ұстанымы. 



1. Дүниетанымдарын  кеңейту.  

2. Жеке қабілеттерін көре білу, оны     дамытуға  толық мүмкіндік туғызу.                                              

3. Қабілетіне қарай шығармашылық  жұмыспен шұғылдануға машықтандыру  

4. Бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету. 

5. Өз жұмысының нәтижесін көру. 

6. Өз-өзіне сын көзбен қарауына. 

7. Жеткен жетістігінен ләззат алуға   мүмкіндік беру.   

 

                 Күтетін  нәтиже 

Б                ойшыл  

а                мәселе  шешуге  үйренеді    

л                жазушы     

а                ұйымдастырушы 

                  

1. Ойшыл  ретінде  өздерінің  іс-әрекетіне  жауап  іздейді. 

2.  Мәселені    шешуші    ретінде    шешім    қабылдап,    жаңалық    ашу  жолында  

жұмыстанады. 

3.  Жазушы  ретінде    сурет    бойынша,    өз    ойларынан    өлең,    өтірік    өлеңдерді  

құрастырып  ортаға  салуы.  

4.  Ұйымдастырушы    ретінде    бала    өз  жоспарын    құрып,    өз    ісіне  

жауапкершілікпен  қарайды. 

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, 

мейірімділік,  ізгілікке  тәрбиелеп,  соны  мақсат  тұтса,  ұстаздың,  ата-ананың 

да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері

[4,  с  32]  Олар:  жалған  айтпадым,  жақсылықты  сатпадым  һәм  ешкімнен  ештеңені 

қызғанбадым. 

Бұл  үш  қасиет  әркімнің  өз  құдайы.  «Өз  құдайынан  айырылған  адам  бос  кеуде, 

өлгенмен тең» деген екен. [5, с 14]  Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны 

қалыптастыруда,  олардың  жан  дүниесіне  сезіммен  қарап,  әрбір  іс-әрекетіне  мақсат 



 

10 


 

қоюға,  жоспарлауға,  оны  орындауға,  өзіне-өзі  талап  қоя  білуге  тәрбиелеу  — 

адамгершілік  тәрбиенің  басты  мақсаты.  Мақсатқа  жету  үшін  сан  алуан  кедергілер 

болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке 

тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. 

Еліміздің  күші-  патшада,  сәбидің  күші-  жылауында»  демекші,  біздің  күшіміз, 

қорғанышымыз,  сеніміміз-  адамгершілігімізде  болуы  керек.  Ол  үшін  Ақанның  осы 

үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық. 



 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж 

2. Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау, — Алматы: Шартарап, — 

2000 ж 

3.Гризик Т.И. ж.б Дүниені танып білемін –Алматы: 2008 ж 



4. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж 

5. Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992 

 

 

К ВОПРОСУ О КОРРЕКЦИИ ДИЗАРТРИИ У ДЕТЕЙ В ДЕТСКИХ САДАХ И 



ШКОЛАХ 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал