Қазақстан тарихынан 6 сыныпқа арналған тест тапсырмалары Мақсаты Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білімділік, біліктілік, деңгейін анықтау. Оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру.
Міндеттері: 1. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыруға.
2. Ежелгі Қазақстан тұрғындарын, ежелгі тарихи кезеңдерді жадыда сақтай білуге тез еске түсіруге машықтандырады .
3.Ежелгі көшпелілер – сақ, ғұн, үйсін, қаңылы, сарматтардың өмір, тұрмысы салтымен терең меңгеруге, тұлғалық жағынан саралай білуді қаншалықты меңгерілгенін анықтау.
Тест тапсырмаларының мазмұнын анықтайтын құжаттар 1.ҚР мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты.
ҚР МЖМБС 2.3.4.01-2010
2.Көшпелілер әлем.і Сәрсекеев Б.С. Алматы, 2007ж .
3. Қазақстан тарихы пәні 6-сынып , Төлеубаев Ә.Т. Іргебаев Ғ.Д.«Атамұра» 2015 ж.
Өтілген тақырыптар Ежелгі адамдар өмірі. Етедегі терімшілер мен аңшылыр. Егіншілік пен малшаруашылыығының пайда болуы. Еңбек бөлінісі. Қола дәуіріндегі қазақстан. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары, сақтар мәдениеті. Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінде өмір сүргентайпалар. Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері.
Тест тапсырмаларының құрылымы.Тест тапсырмалары 15 сұрақтан тұрады. Олар 12 тестік сұрақтар, бір сұрақта нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңдайды, бір сұрақта хронологиялық ретпен орналастырады, соңғысын сәйкестендіру ретімен орналасқан.
Тестік тапсырмалардың мазмұны және іс-әрекет түрлері төмендегідей үлгі бойынша анықталған:
Білімдерін
қайталау
Білімдерін
қолдану
Білімдерін түрлендіру
60% (12 сұр.)
26% (2сұр. )
14% (1 сұр. )
Білімдерін қайталау – 60% (10 сұрақ)
Білімдерін қолдану - 26% (9 сұрақ )
Білімдерін түрлендіру 14% (6 сұрақ )
Берілген тест тапсырмалары оқушылардың өзін-өзі бақылап, дайындалуына пайдалы құрал.