УДК 811.512.122
Байғұтова Д. Н.
Қ
.
А
.
Ясауи
атындағы
ХҚТУ
ШИ
,
Қазақстан
,
Шымкент
БАҚЫЛАУ ДИКТАНТЫ ЖƏНЕ ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС
Макалада
окуучулардын
грамматикалык
эрежелерди
өздөштүрүүсүн
жана
сабаттуулук
деңгээлин
текшерүү
үчүн
жат
жазуу
алуунун
жана
андан
кийин
катанын
үстүндө
иштөөнүн
жолдору
тууралуу
сөз
болот
.
Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың грамматика тақырыптарын қандай
дəрежеде меңгергенін жəне сауаттылық деңгейінің қандай болғанын анықтау. Бақылау
диктантын жүргізу үшін мұғалім күні бұрын тапсырмалар беріп, жаттығу жұмыстарын
жүргізеді. Қайталауға тиісті ережелерді көрсетіп, үйге өз беттерінше даярлануға үйге
тапсырмалар береді. Олардың орындалу барысын үнемі қадағалап отырады. Түсініксіз
немесе шала қабылданған материалдар сыныпта қайта талқыланылып, оқушы біліміндегі
ақаулар түзетіледі. Мұндай дайындық жұмыстары бақылау диктантының сапалы өтуіне
əсерін тигізеді.
Бақылау диктантына арналған мəтін мүмкіндігінше мағыналық тұтастықта болғаны
дұрыс. Диктант мына жүйеде жүргізіледі. Мұғалім балаларды үзіліс кезінде жазылып
қойылған диктант тақырыбымен таныстырады.
Диктант мəтінін дауыстап бір рет оқып береді. Жазуда қандай ережелерді
басшылыққа алу керектігі қысқаша ескертіледі.
Əрбір сөйлемді мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Бірінші оқыған кезде
оқушылар жеке сөздерді сөз тіркестерін немесе сөйлемді көңіл тыңдап, олардың
мағынасын ұғып, жадында сақату керектігі ескертіледі. Екінші рет оқыған кезде балалар
сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы сөйлемнің сөзді қайырымнан (абзац) басталатыны
түсіндіріледі. Үшінші рет қайталағанда, олар жазған сөйлемнің дұрыстығын тексеріп,
тыныс белгілерін қоюы тиіс.
Мұғалім балалардың тегіс жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы
аяқтасымен, келесі сөйлемді оқуға кіріседі. Дəл осы сөйлемде кездесетін жазылуы қиын
сөздерді немесе ережесі өтілмеген сөздерді тақтаға жазып, оның жазылуына зер
салуларын ескертеді.
Тақтаға жазылған сөздер көп болса, бастауыш класс оқушыларының жас
ерекшеліктеріне байланысты бір сөздің орнына екіншісін шатастырып көшіруі мүмкін.
Сондықтан сөйлемді оқушылар жазып бітісімен, тақтадағы сөздер өшіріліп тасталғаны
дұрыс.
Балалар жазған диктант мəтінін бір рет оқиды. Оқушылар мұғалімге ілесе отырып
жазғандарын тексеріп шығады. Қателерді түзетеді.
Диктант мəтіндегі сөздері анық, бір қалыпты естілуі үшін мұғалім сыныпты аралап
жүрмей, бір орында тұрып оқығаны дұрыс.
Диктантты тексеріп, бағалау 2-3 күннен аспауы тиіс. Өйткені оқушылар өз
жұмыстарыың нəтижесін асыға күтеді.
Əдетте бақылау жұмысында екі сағат бөлінеді. Бірінші сағатта диктант жазылса,
екіншісінде қатемен жұмыс жүргізіледі.
Қатемен жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының жұмысында жиі кездесіп жүрген
қателердің түрі негізінен мына төмендегідей болып келеді.
1.
Əріптердің емлесін білмеуден (ы-і, ү-і, у-ю, і-у, ы-у, ы-у-ю, і-ю, п-б, н-ң, қ-ғ, м-н,
т.б.);
2.
Бас əріптің емлесін білмеуден (əсіресе жалқы есім мен жалпы есімді көп
шатастырады);
3.
Шылаулар мен септік жалғауларын ажырата алмаудан;
4.
Сұраулық шылауларды соларға ұқсас жұрнақтармен шатастырудан (барма,
бардың ба);
5.
Қос сөздің, біріккен өздің, қысқарған сөздің емлесін білмеуден;
6.
Күрделі сын есім. Күрделі етістіктердің жазылу емлесін білмеуден;
7.
Шылаудың қызметін жəне емлесін білиеуден;
8.
Сөздерді дұрыс буынға бөлуді білмегендіктен, тасымалдай алмаудан;
9.
Үндестік заңын білмеуден;
10.
Қосарлы дауссыздардың бір сыңарын тастап жазудан;
11.
Бастауыш пен баяндауштың арасына қойылатын сызықшадан;
12.
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін білмеуден,
13.
Диалогты сөздерді жаза білмеуден;
14.
Қаратпа, қыстырма, одағайлардың тыныс белгілерінен.
Міне, жоғарыдағы қателіктер оқушылардың жазба жұмыстарында кездесіп отырады.
Осы орын алып отырған олқылықтарды жою үшін көптеген жұмыс түрін жүргізуге тура
келеді. Атап айтқанда, бастауыш сыныптардағы қазақ тілі бойынша мынадай жұмыс
түрлерін жүргізуге болады:
1.
Сауатты жазуды жолға қоюды ең алдымен қалам (не шарикті автоқалам), сияның
бірыңғайлылығы, дəптердің ұқыпты, таза ұсталуы; əріп тұлғасының сақталып жазылуы.
(
каллиография); парақтың шетінен жиектеме қалдыру, қайырымнан, жаңа жолдан бастап
жазу; тақырып атауынан кейін ешқандай тыныс белгісінің қойылмайтыны; тақырыптың
жолдың ортасында жазылуы; қатені таңбалаудың белгілерін үйрету, дəптердің сыртын
дұрыс толтыру – мұның бəрі мұғалімнің бірінші күннен бастап қолға алатын жұмысы
болу керек.
2.
Əрбір диктанттан соң оған жан-жақты талдау жүргізудің жолдарын белгілеп
отырудың да маңызы зор. Бұл жұмысты тіркеп отыруға мұғалім арнаулы дəптер арнауға
болады. (əрбір оқушыға бір-екі парақтан бөліп).
3.
Жаттығу диктанттарын жиі əрі жүйелі жүргізу оқушылардың сауатын бекітіп,
білімін тиянақтауға игі ықпал жасайды.
4.
Жаңа сабақтың материалдары мен пысықтау жаттығуларында жазылуы қиын,
оқушылардың көп қате жіберетін сөздерінен мысалдар келтіру де сауатты жазудың негізі
болып табылады.
Қатені көп жіберетін оқушылармен қосымша жұмыс түрлерін жүйелі жүргізу
олардың біліміндегі олқылықты жоюдың ең тиімді жолы.
5.
Жазылуы қиын сөздерден тірек сөздер беріп жүргізілетін шығармашылық
жұмыстарды жүйелі жүргізу.
6.
Жазылуы қмын сөздер мен тыныс белгілерін игертуге дидактикалық ойындардың
нысаны етіп алуға да болады.
7.
Фонетикалық талдауларды жүйелі жүргізу көптеген орфографиялық қатеден
сақтандыруға əрі қатені жоюға көмектеседі.
8.
Оқушыларға орфографиялық сөздікті пайдалану дағдыларын игерту қажет.
9.
Қате жазылған сөздер бойынша жаттығулар өткізгенде, сөйлем ішіндегі ондай
сөздерді түзетуді оқушылардың өзіне жүктеген дұрыс. Мұндай жаттығулар көбінесе
бақылау диктантынан соң жүргізілсе, пайдалы болмақ.
10.
Синтаксистік талдауларды жүйелі əрі жиі жүргізу сөйлемдегі тыныс белгілерін
қоюға төселдіріп қана қоймай, сөйлемді стильдік жағынан дұрыс құра білуге де үйретеді.
11.
Сөздердің орны ауыстырылып берілген жаттығулар да сөйлемді дұрыс құрып ой
пікірді дұрыс бере білуге дағдыландыруда оқушыларды қайсы бір стильдік қателерден
сақтандырады.
12.
Диктантты тексергенде, қатенің астын ғана сызып, тұсындағы жиектемеде қате
жіберген грамматикалық категорияның астын ғана жабу. (мысалы, қаратпа сөз, үндестік
заңы, т.б. сияқты), ал түзетуді оқушылардың өзіне қалдыру; келе-келе қатенің таңбасын
ғана белгілеп, түзетуді; оқушылардың өздеріне тапсыру, қатемен жұмыс істеудің бір
түріне жатады.
Оқушылардың диктант мəтіндерін тексерген кезде мұғалім орфографиялық,
пунктуациялық қателерді түзету мына төмендегідей болып келеді:
1.
Қате жіберілген сөздегі əріп артық болған жағдайда, ол көлденеңінен сызылып
тасталады. Мысалы, ылақ, ырахмет.
2.
Сөздегі əріп қатені сызып, оған қажетті əріпті үстіне жазу. Мысалы бүгүн, құлұн.
3.
Тұтас сөздерді қателесіп бөлек жазылған кезде біріктіріп кесу. Мысалы, шек, аоа,
құ бақа, еш қашан.
4.
Қате біріктіріп жазылған сөздердің ара жігін ажырату. Мысалы, жер де, көк те,
аппақ.
Бұл тексеру тəсілдерінің артықшылығы қате жіберілген оқушы неден, қате кеткенін
бірден сезеді. Бірақ оны түзетуге ақыл ойын жұмсамайды.
5.
Қатені түзетпей, астын ғана сызып көрсету. Мысалы, (ырыс, ойын).
6.
Қате жіберілген сөзін түгелдей астын сызып көрсету. Мысалы, (ырыс, ойын).
7.
Қате жіберілген сөздердің астын сызбай жиектемеге шартты қою. Мысалы, емле
қате – 1, пунктуациялық қате - ∨, жаңа жол қатесі – z, бірге жазу – I, бөлек жазу – х,
түсініксіз - ? белгілерімен көрсету.
8.
Дəптердің жиектемесінде қате жазылған айтылуы ұқсас, емлесі басқаша сызықша
сөздерді жазып көрсету. Мысалы, қазір жаз ба? Сен кітапқа жазба!
9.
Диалект сөздерге байланысты қате кеткен сөздердің астын сызып талқылау
кезінде бұл сөздің əдеби баламасын баланың өзіне не ұжым болып таптыру. Мысалы,
Абзалдың өткір бəкісі қолынан түсіп кетті. (бəкі сөзі əдеби нормадағы пышақ сөзімен
алмастырылады).
10.
Қателердің астын сызып, жиектемелерге қате жіберген ережелерді қайталау
тапсырылады. Мысалы, Асан мен Айдар мектепке келді. Жиектемеге мұғалім мынадай
белгі қояды. §12. Яғни, 12-ші тарауды оқып шық деген мағынаны білдіреді. (2 сынып).
Оқушы бұл тарауды «Бас əріппен жазылған сөздер» тақырыбын тауып, ережені еске
түсіреді. Қатесін жөндейді.
11.
Сөзді сөздікке қарап анықтауда белгі қою. Қате кеткен сөздердің астын сызып,
жиектемеге «сөздік» деп жазу. Бұл тəсіл арқылы оқушыларды сөздіктермен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыруға болады.
Оқушылардың диктанттарда жіберген қателерін арнайы дəптерге жазып, жіктеудің
мəні зор. Мұнда мұғалім əрбір оқушының фамилиясын жазып, оның жіберген қателерін
тіркейді. Сол қателерді болдырмауға байланысты атқарылатын жұмыстар белгіленеді.
Жаттығу жұмыстары сараланып, олармен жүргізілетін əдіс-тəсілдер анықталады.
Диктантта
жіберілген
қателермен
мынадай
жұмыстар
жүргізуге
болады.
Оқушылардың диктант жұмыстары бағаланғаннан кейін, дəптерлер таратылып,
қателермен таныстырылады. Мұғалім оқушылардың көпшілігі қателескен сөздерді тақтаға
дұрыстап жазып, мағынасын түсіндіреді. Бұдан соң осы сөзбен оқушылар мысалдар
ойлап, сөйлемдер құрайды. Үйге қате жіберген сөздерін бірнеше рет көшіріп жазу
тапсырылады.
Оқушылардың диктант жұмыстарын бағалау.
Бірінші сыныпқа бақылау мəтінін таңдағанда, ондағы сөздердің айтылуы мен
жазылуы, бір-бірінен алшақ болмағаны жөн. Егер I-IV сыныптар үшін алынған мəтінде əлі
өтілмеген ережелер мен тыныс белгілері кездесетін болса, ондай сөздер тақтаға жазылады
немесе түсіндірілуі керек. Бірінші сыныпта жыл бойы екі-үш баспа əріппен жазба əріп,
екі-үш буын, екі-үш сөз немесе екі-үш сөзден құралған сөйлем, оқу жылы аяғында
диктант мəтіні 15 сөзден тұрады.
Ал, II-III-IV сыныптарда диктант пен көшіріп жазу үшін алынатын мəтін төмендегі
кестеде / таблица берілгендей болуы керек.
Сыныбы
Тоқсандар
I
тоқсан
II
тоқсан
Ш тоқсан
IV
тоқсан
II
20-25
сөз
25-30
сөз
30-35
сөз
35-40
сөз
III
40-45
сөз
40-50
сөз
50-55
сөз
55-65
сөз
IV
60-65
сөз
65-70
сөз
70-75
сөз
75-80
сөз
Жалпы қорытынды бақылау жұмысы тоқсан жəне жарты жыл аяғында немесе
бағдарламаның негізгі бөлімдері аяқталғанда жүргізіледі. Қорытынды тексерудің саны
төмендегі нормадан аспауы керек.
Сыныптар
I
ж.ж. IIж.ж
I
ж.ж. IIж.ж
I
ж.ж. IIж.ж
I
ж.ж. IIж.ж
диктант
2
4 5
5 4
4 6
Бастауыш сыныптарында диктант жұмыстары былай бағаланады.
«5»
деген баға қатесі жоқ, жазылуы анық таза каллиграфиялық талап бір-ақ жерінде
бұзылған немесе қалдырып кеткен əріп толықтырып жазылған диктантқа қойылады.
«4»
деген баға оқушының жіберген орфографиялық қатесі екіден аспаған, 2
пунктуациялық, 1 орфографиялық немесе 2 пунктуациялық, 5 орфографиялық 1
пунктуациялық қатеге қойылады. Жұмыс ұқыпсыз, немесе каллиграфиялық елеулі қателер
жіберіліп жазылған, түзетулері бірден аспаған жағдайда қойылады.
«3»
деген 3-тен 5-ке дейін орфографиялық қатесі (фонетика-графиялық) болған
немесе ол қателер мына варианттарда кездескен жағдайда: а) 3 орфографиялық, 2-3
пунктуациялық; ə) 4 орфографиялық, 2 пунктуациялық; б) 5 орфографиялық, 1
пунктуациялық қатеге қойылады. Жұмыс өте ұқыпсыз, кір немесе каллиграфиялық елеулі
қателер жіберіліп жазылған, түзетулері бірден аспаған жағдайда қойылады.
«2»
деген баға мынадай жағдайда қойылады:
Егер диктанттың орфографиялық қатесі 5-7-ге дейін жұмыс ұқыпсыз, сөздер мен
əріптер ауыстырылып жазылса, программа көлеміндегі тыныс белгілері қойылмаса немесе
бағдарламада көрсетіліп берілген сөздердің жазылуынан қате жіберілсе.
Диктантта жіберілген мынадай қателер есепке алынбайды: а) жіберілген қателердің
ережелері оқылмаған болса, ə) сөйлем соңында жеке жағдайда нүкте қойылмағаны мен
келесі сөйлемнің бірінші сөз бас əріптен басталып жазылған болса: б) бір сөз мəтін
мазмұнын бұзбайтын екінші сөзбен ауыстырылса.
Диктантта бір қатеге есептеледі: а) егер орфографиялық немесе фонетикалық,
графикалық жөнінде кездессе; ə) екі ұқсас жіберілген пунктуациялық қате; б) бір сөзден
қате қайталанып кездессе; в) екі дөрекі емес қате бір қатеге есептеледі; г) бір əріптің
қайталанып жазылуы тасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда бар бөлшегі жаңа жолда
қайталанып кездесуі, сөйлем ішінде бір сөз екі рет қайталанып жазылуы.
Əдебиеттер:
1.
Əуелбаев Ш. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы. –Алматы, 1982.
2.
Ұйықбаев И. Мектепте қазақ тілін оқыту мəселелері – Алматы, 1957.
3.
Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайындағы анықтағыш. -
Алматы, 1974.
4.
Серғалиев М. Қазақ тілі. -Алматы,1992.
5.
Балақаев М., Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 1994.
6.
Ысқақов А. Алфавит пен орфография ережелерінің жобасы туралы. //Қазақстан
мұғалімі. – 1953. -28 ақпан.
7.
Балақаев М. Орфографияның бірер ережелері // Қазақстан мұғалімі. -1953. -6
наурыз.
8.
Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың əдіснамалық жəне
əдістемелік негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс. авторефераты: 13.00.02. – Алматы: Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2004.-50 б.
Достарыңызбен бөлісу: |