Тақырыптық тексеру – жыл барысында жүзеге асырылады, қандай да бір нақты мəселені терең зерттеу мақсатында жүргізіледі. Мысалы, пəн бойынша білім сапасын анықтау немесе оқытудың интербелсенді əдістерін қолдану мүмкіндіктерін бақылау мақсатында т.б. бақылаушы пəн сабақтарына қатысады (3-6 сабаққа), бақылау нəтижелері педагогикалық ұжым алдында жария етіледі. Бұл тексеру түрі мұғалімдер жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді, нəтижесінде біліктілікті, əдістемелік білімді жетілдіру шаралары ұсынылатын болады.