Бақылау– есеп, реттеу, түзету функциясы



бет3/5
Дата07.01.2022
өлшемі40,17 Kb.
#17187
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-ресурс. Бақылау- есеп, реттеу, түзету функциясы

Фронталды бақылау- барлық қызмет түрлерін (оқу-тəрбие, əдістемелік, жеке оқытушылық) жаппай тексеру түрі. Мысалы, оқу үрдісін тексерудің жан-жақтылығы: білім сапасы, үлгерім көрсеткіштері, жеке оқушылармен жұмыс, сабақты ұйымдастыру, оқытудың əдістерін қолдану, жаңа оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру т.б, немесе жеке оқытушы қызметін бақылау: пəн оқытушылық қызметі, сынып жетекшілік қызмет, қоғамдық қызметі т.б.

Жеке бақылау – бір мұғалімнің жұмысын бақылау, тексеру.

Кешенді бақылау – бір сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдердің

жұмысын тексеру, бір сыныптың бір күндік сабақтарына жүйелі қатысу, сынып құжаттарымен танысу арқылы сыныптың оқу-үлгерім сапаларына баға беру жүзеге асырылады.



Пəндік бақылау– бір пəннен сабақ беретін мұғалімдердің жұмысы тексеріледі. Мұғалімнің білімді беру, оқыту əдістерін қолдану, пəннің негізгі мəнін түсіну, ғылымилық ұстанымды басшылыққа алу, беретін пəнін жетік білуі мен құзыреттілік сапалары бақыланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет