Бақылау және эксперимент Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы



бет2/8
Дата09.05.2022
өлшемі28,43 Kb.
#33118
1   2   3   4   5   6   7   8
2.Сабақтардағы бақылаулар. Табиғи объектілермен сабақтар өткізген балаларды өсімдіктер мен жануарлардың бөліктерін жақсылап көріп, дұрыс атауға үйретеді. Кейбір сабақтарда балалар жануарлардың қалай қоректенетінін, калай қозғалатынын бақылайды. Тәрбиеші балаларды жануарлардың коректенуі, қозғалуы — олардың дене мүшелерінің құрылысымен байланысты деген қорытындыға келтіреді, мысалы: «Кролик, көк шегіртке, бақа секіреді, себебі олардың артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ», «Құстарда (көбелектерде, инеліктерде) қанат бар, олар сол арқылы ұшады», «Мысық білдірмей жүреді, өйткені оның табандары мамықтай жұмсақ, жүрген кезде тырнақтарын соның ішіне тартып алады».Бөбектік жас топтарындағы екі жасқа қараған балалар сабақтарда мысықтың баласын, күшікті, тауық балапанын, тордағы құстың балапанын, шылапшындағы суда жүзіп жүрген балықты, жазда — б а қ а н ы, қоңызды бақылай алады. Сәбилер топтарындағы сабақтарда бақылаулар ұзақ болмауы тиіс. Зерттеп отырған объектіні балаларға жақындату, олардың ба-кылауларын әрекеттерімен және қуанышты көңіл күйлерімен байланыстыру өте маңызды. Тәрбиешінің сабақтардағы негізгі әдісі — заттарды балаларға жақындататын түсініктерді көрсету («Балық Анарға карай жүзді, ал енді Алиға» және т. б.) Бұл, кішкене балалардың бақылауларға деген ынта-ықыласын арттырады. Сондай-ақ балыктарды аквариумнан шылапшынға, ал содан кейін, қайтадан аквариумға жіберудің де маңызы бар.

Ойындық әдіс — балықтың қимылдарына қолдарьшен еліктеу — балаларды оны тағы да бақылап көруге мәжбур етеді. Қабылданған қимылдардын, елесі оны санада бекітуге мүмкіндік береді. Осындай әдістерді пайдалана отырып, сабақтарда балалармен қ ұ с т ы, бақ а н ы бақылауға болады.

Табиғат мүйісіндегі жануарларды көрсете отырып, тәрбиеші балалар назарын соған аударады. Әдетте, балықпен танысқан сабақтан кейін, балалардың аздаған тобы аквариумға келеді, оның тұрғындарын бақылайды және осы кезге дейін байқамаған нәрселерін байқап алады.

 Естияр топта аквариумдағы балықтарды бақылаған кезде, балықтрдың қозғалу, қоректену ерекшеліктерін, сыртқы түрінің ерекше сипаттарымен байланыстыра отырып ажыратады, мысалы: «Балық құйрығын қозғалтып, жүзгіш қанаттарымен жүзеді»; «Ол жемдерді көреді, оны ауызымен ұстайды».

Ересек топтарда аквариумдағы балықтарды бақылаған кезде, олардың дене пішіні мен қозғалу шапшаңдығы салыстырылады, мысалы: «Қозғалу шапшаңдығы үшін қызмет атқаратын семсері бар, семсер балықты табан немесе карппен салыстырыңдар. Олардың ішінен қайсысы шапшаңырақ қозғалатынын айтыңдар. Неліктен?» Балыктың бұрылған кездегі құйрығы мен жүзгіш қанаттарының қозға-лыстарын бақылау керек.

Естияр, ересек және мектепке даярлық топтарындағы бақылауға да тәрбиеші бағыт береді. Балаларға жануарлар денесінін, жеке бөліктерінің ерекшеліктерін атауды, олардың түсін анықтауды, олардың қалай қозғалатынын, қалай қоректенетінін бақылап көруді ұсынады. Бұл топтарда зерттеп жүргендерін белгілі нәрселермен салыстыру да қолданылады. Балалардың ойлауын белсенді ету үшін, оларды қорытынды жасауға, құбылыстың байланыстары мен себептерін анықтауға мынадай сұрактар көмектеседі: сен қалай білдің? Сен неліктен олай ойлайсың? Өздерінің бақылаулары мен қорытындыларын балалардың сөзбен дұрыс жеткізуін қадағалап отырудың өте маңызы бар.  Бұл сабақта тәрбиеші, әр түрлі анализаторларды (есіту, көру, түйсік) қатыстыра отырып, балалар зейінін белсенді етеді. Ол жануарға қарап алуды (жүнінің түсіне, көзіне, аяғына, саусақтарына), теңіз шошқасының қызылшаны қалай кеміретінін тыңдауды, оны сипауды ұсынады. Тәрбиеші сұрақтар береді, балалардың білгісі келгендерінің бәрін түсіңдіреді, жануарларды бақылауға ынталандырады. Бақылау барысында әр түрлі анализаторлар пайдаланылады. Балалар қоянның сыртқы ерекшеліктерін, оның қылықтарын, қозғалысын көру арқылы қабылдайды; жануарды ұстай отырып, оның жүнінің сапасын анықтайды.

Сабақта тәрбиешінің зейінін салыстыруға бағытталған сұрақт а р ы сияқты әдіс пайдаланылған (алдыңғы және арткы аяқтарының ұзындық айырмасы). «Қоян неге секіреді, неге ол жүрмейді?»— деп сұрақ қойып, тәрбиеші балаларды «Қояы» секіреді, өйткені оның артқы аяқтары алдыңғыларынан ұзын» деген қорытындыға келтіреді.

Сабақтар балалардың табиғат бұрышындағыларды бұдан былай өз бетімен бақылауларымен байланыстырылады: олар кроликтің нені қызығып жейтінін анықтайды; Жануарлар мен өсімдіктердің ортаға бейімдедуін түсіндіргенде: «Жаулары байқап калмауы үшін, балык, судың түсіндей түске боялған», «Қоян көрінгісі келмегендіктен сұр болған», «Құстарда ұшу үшін канаттар  бар» деген сияқты сөйлемдерді  қолдануға  болмайды, кең таралған осындай қателерді тәрбиешілердің ескеріп отырғаны жөн. Мұндай түсінік биологияның организм мен ортаның бірлігі жө-ніндегі негізгі заңын ғылыми түсінуге қайшы келеді.

Сөйлемдер шамамен мынадай болып құрылуға тиіс: «Қоянның секіретін себебі, оның артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ»; «Қоянның жазда сұр болатын себебі, мұндай бояу оны шөптің арасына жасырады да, ол көрінбейді. Бұл —оны жауларынан сақтап қалады»; «Құстарда қанат бар, сондықтан олар ұша алады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет