Бақылау және эксперимент Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы


Табиғат мүйісіне бақылау жасау



бет7/8
Дата09.05.2022
өлшемі28,43 Kb.
#33118
1   2   3   4   5   6   7   8
Табиғат мүйісіне бақылау жасау. Балалардың экскурсиялар мен серуендерде гусеницаларды (жұлдызқұрттарды), балықтарды, бақаларды, құстарды және тағы басқа объектілерді бақылаулары өте бағалы, өйткені бұл жануарлардың тіршілік етуі табиғи жағдайларда бақыланады. Өкінішке орай, мұндай бакылаулар кездейсоқ және-әдетте өте қысқа мерзімді болады. Сондықтан серуенде және экскурсияда басталған бақылаулар табиғат бұрышында жалғаса береді. Мысал келтіреміз.

Серуенде балалар гусеницаларды бақылайды, олардың сыртқы түрін, қозғалыстарын қарап шығады. Тәрбиеші ағаштың жас бұтағынан ұстап алған гусеницаны банкаға салады да, оны табиғат бұрышына апарады. Балаларға тапсырма береді: «Ертең қараңдаршы, бұл бұтақтың не болатынын». Келесі күні олар бұл бұтақтың жапырақтарын гусеницалардың кеміріп тастағанын көреді, демек, олардың жасаған   знянкестігін   анықтайды.

Табиғат бұрышы мен жер учаскесінде балалар зейінін бақылауларға аудару үшін: «Кім бірінші болып көреді?» немесе «Кім шап-шаңырақ табады» деген секілді ойындық әдістерді қолданған пайдалы.

5.Эксперимент. Эксперимент немесе тәжірибе — арнайы жасалған жағдайларда ұйымдастырылған бақылаудың ерекще түрі.

Сабақтарда, серуендерде немесе табиғат мүйісінде және балалар бақшасының учаскесінде балаларды жай тәжірибе жасауға тартудың, бақылағыштығын және білуге құмарлығын дамыту үшін, заттар мен табиғаттағы құбылыстарға белсенді де дұрыс көзқараста болуға тәрбиелеудің  өте   зор   маңызы   бар.

Қарапайым тәжірибелердің көмегі арқылы судың қатуы, қар мен мұздың суға айналуы, кемпірқосақтың және т. б. пайда болуы сияқты өлі табнғаттағы құбылыстарды балаларға көрсетуге болады.

Табиғатқа деген ынта-ықыласты тұрақтандыруға және өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу — олардың еңбегінің жағымды нәтижелерінің үлгісі арқылы ғана болады. Балаларды өсімдіктердің жақсы өсуін қамтамасыз ететін бағып-күту әдістеріне үйрету керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет