Бақылау жұмысы І - деңгей Стиль дегеніміз не?
Стиль нешеге бөлінеді
ІІ – деңгей Ресми іс қағаздар стилі дегеніміз не
2.Ресми іс қағаздарының түрлері
ІІІ – деңгей Бұйрық,Түйіндеме, Өмірбаян, Өтініш дегеніміз не?
Жауабы:
1. Стиль- сөйлеушінің (жазушының) белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптаулары.
2. Стильдің жалпы 5 түрі бар олар: ғылыми, ресми- іс қағаздар стилі, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі және ауыз екі сөйлеу стилі.
1. Аталған стиль ерекшелігі факт дәл көрсетіліп, алдын ала дайындалған бір үлгіге сай жазылады.
Мысалы: тағайындаймын, міндеттеймін, осы анықтама беріледі, жарлық етемін, түсніктеме сынды сөздер мен сөз тіркестері ресми-іс қағаздар стиліне тән.1.Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы, анықтамасын жазыңыз.
2.Бұйрық, ереже, нұсқау, хаттама, хабарландыру, мінездеме, қызметтік хаттар, қатынас қағаздары, келісімдер, шағымдар, өтініш, өмірбаян, түйіндеме, келісімшарт, сенімхат, тілхат, қолхат т.б.
1. Бұйрық дегеніміз –бұл ұйымның бастығы (оның міндеттерін атқаратын тұлға) негізгі қызмет немесе жеке құрам бойынша мәселелерді шешу мақсатында жасайтын құқықтық акт. Бұйрықтар түрлі мақсатта болғанымен, бір мәнге ие болады: кез келген шешімді орындау, мақұлдау немесе жұмыскерлерге өзгерістер туралы хабарлау.
Түйіндеме немесе Резюме (Резюме; француз тілінен алынған термин; “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді) — белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жаз- баша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат.