Ұлттық география олимпиадасы бойынша нұсқаулық, 7-8 сыныптар Аудандық деңгей



Дата27.11.2023
өлшемі15,04 Kb.
#129055
түріБағдарламасы
Байланысты:
География олимпиадасына нұсқаулық басқа облыстар


Ұлттық география олимпиадасы бойынша нұсқаулық, 7-8 сыныптар

Аудандық деңгей: сұрақтар мектеп бағдарламасына сай болады.
13 қазан сағат 10.30-12.00 аралығында аудан орталықтарында өтеді. Ұйымдастырушы - аудандық әдістемелік кабинеттер/облыстық Дарын орталықтары.
Облыстық деңгей: сұрақтар мектеп бағдарламасын және мектеп бағдарламасынан тыс ақпаратты қамтитын болады.
27-і қазан:
сағат 10.30 - 11.30 олимпиаданың бірінші кезеңі – теориялық сұрақтар
сағат 12.00 - 14.00 түскі асқа үзіліс
сағат 14.30 - 16.30 олимпиаданың екінші кезеңі – практикалық сұрақтар.


Олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдерінің құрылымы
I кезең – АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ
Кезеңнің ерекшеліктері: Аудандық кезеңнің тапсырмалары орта мектепке арналған география пәнінің (6-8-сыныптар) мазмұны бойынша дайындалған, алайда қатысушылардың географиялық эрудициясының болуы, мектепте алған білімін талдап, өз бетімен шығармашылық тұрғыдан дамыта алуы қажет. Логикалық және қалыптан тыс ойлау машықтары да құпталады.
Тапсырмалар елдер бейнесін, географиялық нысандарды, феномендерді, құбылыстар мен процестерді табуға ​​арналған 5 жауап нұсқасы бар тест сұрақтарынан тұрады. Тест сұрақтарында фотосуреттер, карталар мен диаграммалар, кестелер мен статистикалық материалдар қолданылады. Сондай-ақ классикалық олимпиада тапсырмалары болады. Тапсырмалар 1 жинақта келеді, яғни олимпиада бір турдан тұрады. Тур 90 минутқа созылады. Аудандық тур тапсырмаларының құрылымы 7 мен 8 сыныптар үшін бірдей болады, бірақ жас ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарында айырмашылық болады.
II кезең – ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ
Кезеңнің ерекшеліктері: Облыстық кезеңнің тапсырмалары орта мектепке арналған география пәнінің (6-8 сыныптар) мазмұны бойынша және мектептен тыс материалдарды, сондай-ақ National Geographic журналының 2023 жылғы сандарындағы материалдарды пайдалана отырып дайындалған. Дегенмен қатысушылардың географиялық эрудициясының болуы, мектепте алған білімін талдап, өз бетімен шығармашылық тұрғыдан дамыта алуы қажет. Логикалық және қалыптан тыс ойлау машықтары да құпталады.
Олимпиада 2 айналымнан тұрады.
1-айналым. Теориялық тур (тест)
2-айналым. Практикалық (жазбаша)
Теориялық турдың ерекшеліктері: Тапсырмалар елдер бейнесін, географиялық нысандарды, феномендерді, құбылыстар мен процестерді табуға ​​арналған 5 жауап нұсқасы бар тест сұрақтарынан тұрады. Тест сұрақтарында фотосуреттер, карталар мен диаграммалар, кестелер мен статистикалық материалдар қолданылады. Тур 60 минутқа созылады. Облыстық турдың тапсырмалары құрылымы жағынан 7 мен 8 сыныптар үшін бірдей, бірақ жас ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарында айырмашылық болады.
Практикалық турдың ерекшеліктері: Жазбаша айналым 5-6 бөлімнен – тақырыптық жағынан біріктірілген тапсырмалар тобынан тұрады. Әр бөлімде күрделілік деңгейі әртүрлі және жауап беру үшін әртүрлі дағдыларды қажет ететін сұрақтар кездеседі. Көбінесе сұраққа жауап беру үшін карталарды, диаграммаларды және басқа графикалық ресурстарды пайдалану қажет болады. Олар жазбаша тур тапсырмаларының жиынтығында болуы мүмкін. Тур 120 минутқа созылады.
Әрбір бөлім егжей-тегжейлі, аналитикалық сұрақтардан немесе ел, қала, нысан және т.б. анықтауға арналған сұрақтардан тұруы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет