Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар



бет1/4
Дата23.10.2023
өлшемі21,88 Kb.
#120881
  1   2   3   4

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Естімейтін балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз
2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың классификациясына тоқталыңыз
3. Арнайы әдебиетті талдап, естуінде ауытқуы бар балаларға арнайы білім алу мүмкіндіктерін керсетініз.

1. Естімейтін балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз
Естімейтін балалардың дамуының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін негізге ала отырып нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларды ажыратып оқыту қағидалары мен практикалық бағдарламаларын жасайды. Осы аталған мәселелердің ішінде еңбекке даярлау мен арнайы педагогикалық көмек көрсету үлкен орын алады.
Естімейтін балалардың психологиялық дамуының заңдылықтарын зерттеуге сүйене отырып білім беру және еңбекке даярлау бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулар жасалады. Осыған байланысты естімейтін және дамуында күрделі кемістігі бар естімейтін оқушыларды ажыратып оқытудың ғылыми–практикалық негізі жасалған. Түзету–педагогикалық бағдараламаларды құрастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Нашар еститін оқушыларды арнайы оқыту – нашар еститін оқушылардың жеке тұлғасының жан­-жақты дамуын және әлеуметке бейімделуін қамтамасыз ететін сурдопедагогиканың пәндік саласы болып табылады. Ол нашар еститін балалардың дамуының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін негізге ала отырып нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларды ажыратып оқыту қағидалары мен практикалық бағдарламаларын жасайды. Осы аталған мәселелердің ішінде еңбекке даярлау мен арнайы педагогикалық көмек көрсету үлкен орын алады.

2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың классификациясы
Есту қабілеті сақталған оқушылардың естімейтін оқушыларға қараганда жақсы меңгеретіні анық, осыган орай есту қабілеті сақталған окушылардың дамуын сөйлеу дыбысымен емес, қоңырау шылдыры мен баян т.с.с. құралдармен дамыту әдістері қолданылады. Бірақ бұл әдіс көп жағдайда өз септігін тигізбейді. Өйткені оқушылар содан кейін оларға айтылган сөзге көңіл бөлмейді.
Зерттеулер ары қарай кемістікті қалай дұрыс анықтауға болатынын көрсетті: Осыған мысал ретінде Ф.Ф.Рау және И.Гартшонның бірігіп жасаған классификациясы бола алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет