Бақылау сүрақтары:
АҮФ-ның қаңқа бұлшық еттеріндегі мөлшері қандай?
АҮФ-ның қайта түзілу (ресинтез) жолдары немесе механизмдері дегеніміз не?
АҮФ-н қайта түзу механизмдерінің жалпы сипаттамасы.
Жүмыстың қандай түрінде креатинфосфокиназа реакци- ясы арқылы АҮФ-ы қайтадан түзіледі?
АҮФ-ның қайта түзілуінде гликолиздің маңызы.
Аэробтыбиологиялықтотыгу-АҮФ-ның қайтатүзілуінің негізгі жолы.
Әртүрлі дене жүмысы кезіндегі қуат көздерінің жүмсалу реті қандай?
1. Бұлшық еттегi АҮФ-ның мөлшерi 5 ммоль.кг-1 орта есеппен 0,25-0,41 пайыз (ет салмағының). Егер бұлшық еттегi АҮФ-ның мөлшерi 0,25 пайыздан төмендесе ондағы кальций насосының жұмысы қиындап миозин мен актин жiптерiнiң арасындағы дәнекер үзiлмей, бұлшық ет жиырылған қалпында сiресiп қалады (Ригор құбылысы). Егер бұлшық ет ұлпасындағы АҮФ-ның мөлшерi 0,5 пайыздан көбейсе, миозин белогiнiң АҮФ-ын ыдырататын ферменттiк қабiлетi азайып, бұлшық ет жиырылмай босаңсып қалады. Сондықтан бұлшық еттегi АҮФ-ның мөлшерi әрқашан бiрқалыпта болуы қажет.
2. АҮФ-ның қайта түзiлу жолдары
АҮФ-ның қайта түзiлуiнiң оттексiз анаэробты жолдары:
креатинфосфокиназа реакциясы;
гликолиттiк (лактатты) реакция;
миокиназа реакциясы
3. АҮФ-ның қайта түзiлу механизмдерiнiң жалпы сипаттамасы
Қуаттылығы – белгiлi бiр уақыт аралығында АҮФ-ын қайта түзуге бөлiнген қуаттың ең көп мөлшерi.
Жылжымалы жылдамдық – жұмыс басталғаннан бастап АҮФ молекуласы түзiлу реакциясының ең жоғарғы сатысын көрсететiн уақыт.
Метаболиттердiң тиiмдiлiгi – барлық бөлiнген қуаттың пайдалы мөлшерi.
Метаболиттiң сыйымдылығы – АҮФ-ын түзуге бөлiнген қуаттың ең көп мөлшерiнiң бөлiну уақыты (ұзақтылығы).
Соңғы өнiмдердiң тиiмдiлiгi.
4. Анаэробты креатинфосфокиназа реакциясы - АҮФ-ның қайта түзiлу жолдарының iшiндегi ең қуаттысы (3,8 кДж. кг-1.мин-1), тез iске қосылатын (1"-3" – жылжымалы жылдамдығы).
КрФ+АДФ АҮФ+Кр Q=12,6 кДж. моль-
Қысқа мерзiмде, яғни 15-30 секунд аралығында максималды қарқындағы жұмыстар, мысалы, 100 м жүгiру, қысқа қашықтыққа жүзу, секiру, лақтыру, ауыр атлетика жаттығулары т.б. орындау үшiн креатинфосфокиназа реакциясының есебiнен қайта түзiлген АҮФ-ның үлесi зор.
5. Гликолиз бұлшық ет талшығы жасушасының саркоплазмасында өтедi. АҮФ гликолиз процесiндегi макроэргиялық қосылыстар мен АДФ арасындағы реакциялардан түзiледi. Гликолиз реакциясының қуаттылығы аэробты жолдан 1,5-2 есе көп болғанымен (2,5-3,1 кДж.кг-1.мин-1), креатинфосфокиназа жолынан кем.
7. Әртүрлi дене жаттығуларын қуатпен қамтамасыз ету кезiндегi АҮФ-ның қайта түзiлуi жолдарының қосылуы және жұмсалу ретi (Н.И. Волков, 2000)
АҮФ-ның жұмсалуы және КрФ реакциясы;
анаэробты гликолиз;
аэробты тотығу
Достарыңызбен бөлісу: |