Табиғи ресурстар:сарқылатын және сарқылмайтын болып жіктеледі.Сарқылатын қорлар:қалпына келетін,келмейтін деп жіктеледі. Қалпына келетін:жануарлар,өсімд, топырақ құнарлығы. Қалпына келмейтін:пайдалы қазбалар(көмір,мұнай,газ), бейметалды жер асты сулары,құрылыс материалд(мрамор,құм,гранит)
Шикізатты өндіру және алғашқы дайындықтан өткізу. Онда жүргізілетін негізгі операциялар.
Технология, әдетте, өнеркәсіптік шикізаттың құрамы мен қасиеттеріне көптеген шикізат түрлері үшін стандарттармен немесе техникалық шарттармен бекітілген белгілі бір талаптарды қояды. Шикізат осы талаптарды қанағаттандыру үшін көпжағдайда алдын ала механикалық, кейде химиялық дайындық пен байытуға ұшырайды: ұсақтау, ұнтақтау, сұрыптау, құрамдас бөліктерге бөлу және т.б.Пайдалы қазбаларды алдын ала өңдеудің негізгі операциялары: кесектерді жіктеу немесе мөлшері бойынша сұрыптау; тау жыныстарын ұнтақтау; брикеттеу және пісір (агломерация); байыту-гравитациялық, электромагниттік, электростатикалық, флотациялық, химиялық, термиялық және т.б.; сусыздандыру (қоюландыру, сүзу, кептіру); Шаңды бөліп алу.
6. Газ қоспаларын бөлу әдістері.
Газ қоспаларын бөлудің өндірісте кең тараған әдісі сорбция – қоспа компоненттерін,сұйық (абсорбция) немесе қатты (адсорбция) заттармен іріктеп сіңіріп алу процесі. Сіңірілген компоненттерді қайтадан бөліп шығарып алу (десорбция процесі), қыздыру, су буымен өңдеу және т.б. амалдар арқылы жүзеге асырылады. Адсорбциялық әдіске мысал ретінде газ қоспаларын іріктеп бөлу үздіксіз процесі жатады, бұл гиперсорбция деп аталатын әдіс кезінде қозғалмалы адсорбент – активтелген көмір қолданылады.
7. Сұйық ерітінділерді бөлу.
Сұйық ерітінділер еріткішті буландырумен, ерітіндіні пайдалы компонентпен жете қанықтыру, қандай бір компоненттердің тұнбаға немесе газ фазасына бөлінуімен концентрленеді. Сұйық қоспаларды бөліп алу үшін сұйықтық экстракция жүргізіледі. Суды буландыруды жиі минералды тұздар мен сілтілер өндірісінде, түсті металлургияда, және де қиын ұшатын қышқылдарды концентрлеу үшін қолданады. Табиғи ерітінділерді концентрлеу үшін суды буландырады (жазда) немесе мұзға айналдырады. Мұнай өңдеуде, спирттер, эфирлер, анилин және т.б. органикалық өнімдердің өндірісінде дистилляция мен ректификацияны қолданады, сол кезде қоспадан ең құнды компонент буланады, ал сұйық фазада құндылығы шамалы жоғары қайнайтын компоненттер қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |