Табиғи сулардың негізгі қасиеттерінің бірі элементтердің көптүрлілігі болып табылады. Табиғи сулардағы элементтердің жағдайы – органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі өзара әрекетінің нәтижесіне байланысты.
26. Судың құрамы, физика-химиялық және аномальды қасиеттері.
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Судың құрамында массасы бойынша 11, 19 % сутек, 88, 81 % оттек болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, молек. м. 18, 0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н (дейтрий) бар Су — ауыр су деп аталады. Ауыр судың физикалық қасиеттері өзгешелеу болады. Су 0°С - та қатып, 100°С - та қайнайды. 20°С - тағы тығыздығы 0, 99823 г/см3, 0 °С - тағы тығыздығы 0, 9168 г/см3 (мұзда), 0 °С - тағы тығыздығы 0, 9168 г/см3 (мұзда).
физикалық қасиеттері: Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді. Қалыпты қысымда 100°С - та қайнайды да, 0°Сда мұзға (р=0, 92г/см3) айналады.
Жай заттармен әрекеттесуі:
I. Судың металдармен әрекеттесу реакциялары:
2Na + 2НОН = 2NaOH + Н2↑
Са + 2НОН = Са(ОН)2+ Н2↑
Белсенділігі тым жоғары емес металл сумен әрекеттескенде оның оксиді түзіледі:
Mg + НОН = MgO + H2
Белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеспейді.
II. Бейметалдармен әрекеттесуі: Су кейбір бейметалдармен де әрекеттесе алады. Қыздырға көмірге су қоссақ екі түрлі газ қоспасы түзіледі — ол «су газы» деп аталады:
С + НОН=СО↑+Н2↑
Хлорды суға жібергенде екі қышқылдың қоспасы түзіледі.
Сl2 + НОН = НСlO + HCl
Күрделі заттармен әрекеттесуі:
I. Активті металдардың оксидтерімен әрекеттесіп гидроксидтер (негіздер) түзеді.
Na20 + Н20 = 2NaOH
Әктасқа су қосқанда оның қайнай бастағанын көреміз, реакция жылу бөле жүреді: СаО + Н20 Са (ОН)2 + Q
Металл оксидтері + су = негіз
|
II. Кейбір бейметалдардың оксидтері сумен әрекеттескенде қышқыл түзеді. Күкірттің бір түйірін алып жақсак оның оксиді түзіледі:
S + O2 =SO2
Жану өнімін суға жіберсек: S02 + Н20 = H2S03 күкіртті қышқыл түзіледі, көк лакмус қызарады. Дәл осындай реакциялар басқа бейметалдардың да оксидтерімен жүреді. Сl20 + H20 = 2HCl0 N2O3 + H20 = 2HN02
Бейметалл оксидтері + су = қышқыл
|
III. Белсенділігі жоғары металдардың гидридтері де сумен әрекеттесіп гидроксидтер береді.
NaH + НОН = NaOH + Н2↑
IV. Кейбір тұздар сумен химиялық әрекеттесіп кристаллогидраттар түзеді:
CuS04 + 5H20 = CuS04 * 5H20 мыс купоросы;
FeS04 * 7H20 темір купоросы;
Na2S04 * 10H20 глаубер тұзы.
Достарыңызбен бөлісу: |