Бақылау тапсырмасы (бағалауға)
Теориялық білімді пайдалана отырып, төмендегі тапсырмаларды жазбаша орындаңыздар және Модул жүйесіне жүктеңіздер.
Жазу талабы:
Тапсырманы орындауда, оны жазу талабы сақталсын: шрифт атауы Times New Roman, шрифт көлемі – 12, интервал 1. Сол жағынан - 3 см, оң жағынан – 1 см, жоғары және төменгі жағы – 2 см қалдырылады. Азат жолдың түсуі бірдей және тең 1,25 см.
Интернеттен алынған материал толық плагиат болмай, өңделіп, өз ойыңызбен толықтырылуы қажет.
8 апта. Көркем мәтінмен жұмыс әдістемесі
Тапсырма:
1. С.Симбаеваның «Белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер» атты әдістемелік құралын (2019 жыл) оқып танысыңыз, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді іріктеп, өз тәжірибеңізге қолдануға ең тиімдісін, қажеттісін жазып алыңыз, әдістемесін беріңіз.
2. «Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері» тақырыбында презентация дайындап, тапсырыңыз.
Шығармашылық тапсырма: Мәтін құрастырып жазыңыз.
Есеп беру түрі: «Жазу талабын» сақтай отырып жазбаша орындау, Moodle жүйесіне жүктеу
Достарыңызбен бөлісу: |