Бақыт пенен дәулеттің ұстайтұғын қазығы. Кердері Әбубәкір Қымбатты ханымдар! Әлемде бақытты әйелдер ӛте кӛп! Неге олар бақытты ? Иә, бұл сұраққа алысқа бармай-ақ: «Оның жолы болғыш»


 Ешқашан еркек болмысын жасамаңыз



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата18.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
4. Ешқашан еркек болмысын жасамаңыз. 


Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

«Салем, саған ұят емес пе,ӛзім білем, мені үйретпей-ақ қой, ӛзім 
шешім қабылдай аламын» - деген гүрілдеген дауыс, орынсыз іс-әрекеттер 
сізден әйелдің иісін шығармайды. Бұл қылықтар нағыз еркекті тартпайды.
Қанша жағымсыз еркек болса да, ӛз болмысыңызды әйел ретінде, нәзік жан 
ретінде сақтап жүріңіз. Сіз сол жағымсыз жағдайда жасаған әрекетіңіз
энергетикаңыздың сапасына әсер ету арқылы одан кейін кездескен жақсы 
еркекке әсер етеді. Нағыз әйел ӛз болмысын үнемі қалыпта ұстайды. Кӛп 
ханымдар кездескен жақсы ер азаматтардың ӛздеріне кӛңіл аудармайтынын, 
ауған кӛңілдерінің ғұмыры қысқалығы туралы айтып жатады. Бұл - жағдай 
сол ешқандай мән берместен еркекке тән болмыс жасағандықтан, әйелдік 
энергетиканың әлсіреуінен болатын құбылыс. Мысалы, кірпі жерде ӛмір 
сүреді, ал тиін ағаш басында. Екеуінің орнын ауыстырыңыздаршы, не 
болады? Табиғи қақтығыс болады. Сондықтан нағыз еркекті, нағыз әйел ғана 
қызықтырады. 
 
5. Ер азаматыңыздың алдына шықпаңыз. 
Ер адам - отбасының тірегі, басы. Қазақта: "Алтын басты әйелден 
бақыр басты еркек артық" дейді. "Жақсы әйел - ерінің басын тӛрге сүйрейді, 
жаман әйел - кӛрге сүйрейді" деген дана халқымыз, аталы сӛзге арсыз ғана 
жауап беретінін айтқан.
Жауапкершілік - жақсы қасиет. Отбасы құрғанға дейін ӛз басыңызға 
ӛзіңіз жауап беріп, кез келген мәселені ӛзіңіз ретке келтіріп, ӛмір сүріп 
дағдыландыңыз делік. Отбасылық ӛмірде кездесіп жатқан проблемалар мен 
шешілуге тиісті мәселелердің шешімін ер азаматым шешеді деп отыруға
шыдамыңыз жетпей, жауапкершілік қасиетіңіз сізді алға сүйреп жатса, 
ӛзіңізді дер кезінде тоқтатып үйреніңіз. Ерінен билікті алып, шаңырағын 
әйелі билеп-тӛстеген отбасында береке болмайды. Әйелдің бойындағы 
шектен тыс жауапкершілік те еркектің болмысын қалыптастырады. Болмаса, 
«отыршы үйде ӛзім барып шешіп келемін, ӛмірі сен барсаң, бір нәрсені 
бүлдіріп келесің, қашан бір кӛңілімнен шығып едің» деген сӛздерді 
қолданысыңыздан алып тастаңыз. Мұндай сӛздер ер азаматыңызды 
қанаттандырмайды. Бұл сӛздердің орнына «иә, осы шаруаны ӛзің-ақ шешіп 
келетініңді мен білгенмін, бұл істі сенен артық ешкім істей алмас еді» деген 
қанаттандыратын сӛздермен алмастырыңыз. Ер азаматтың қашан да әйелден 
бір бас артық тұратыны белгілі. Ӛйткені әйел адам қашан да сезімге берілгіш 
келеді, ал ер адам қай істі болсын сезімге ерік бермей, ақылмен шешеді.
6.Кешіре білу.
Ер азаматыңыз болсын, басқа адам болсын кешіре біліңіз. Кешіре білу 
де - ӛнер. Адам ӛзі үшін адамдарды кешіруі керек. Иә, ондай жағдайлар 
болады, егер сізді біреу ренжітіп тұрса, яғни сіз сондай жаман энергияны 
ӛзіңізге тартып тұрсыз, ойланыңыз . Сіздің кӛңіліңізге қарауға немесе тура 
сіз сияқты ойлауға адамдар міндетті емес. Егер ол адам сіз сияқты ойлағанын 
қаласаңыз, ұрсысқыңыз келмесе, сізге деген ойын ӛзгертіңіз. Біреудің ойын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет