ЖАНҰЯ
- 132 -
жаннатқа кіруге кедергі болмайды.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Жаннатта әйелдердің
аз болғанын көрдім. Себебін сұрадым “Оларды бұл
жолдан алтын және әшекей бұйымдары адастырды”
деді.» (И. Ахмет)
«Саған тиіп не көрдім» деп күфрани нимет (жақсылықты
түсінбеушілік, шүкірсіздік, көрнемектік) етпеу керек!
Екі хадис шәрифте былай айтылады:
«Егер күйеулеріне
күфрани нимет етпегенде, намаз оқитын әйелдер дереу
жаннатқа кіретін еді.» (Шира)
«Жаһаннам халқының көпшілігін әйелдер құрай-
тынын көрдім. Себебі көп лағынет (қарғыс)
айтып,
күйеулеріне қарсы күфрани нимет етуілері.» (Бұхари)
Күйеуіне жақсылық жасаған болса,
оны міндет етпеуі
керек. Азық-түлік, киім-кешек сияқты мәселелерде күйеуін
ренжітпеуі керек, орындай алмайтын нәрсені одан талап
етпеуі керек! Күйеуінің
намысын қорғауы керек, әркез
оның разылығын алып оны қуантуға тырысуы керек! Хадис
шәрифте былай делінді:
«Әйел мойнындағы күйеу ақысы, сендердің мойын-
дарыңдағы менің ақым секілді. Олай болса, күйеуінің
ақысын орындамаған әйел, Аллаһу та’аланың ақысын
орындамаған болады.» (Шира)
Әйел күйеуін ренжітпеуі керек.
Бір күні хазреті Фатима, әкесінің алдына жылап келеді.
Расулуллаһ алейһиссалам:
-
Ей Фатима, неге жылап тұсың?-деді.
-
Ойланбай айтқан сөзіме Әли ашуланды. Мен кешірім
Достарыңызбен бөлісу: