ЖАНҰЯ
- 214 -
сен оның ақысын жеген екенсің. Ол саған жамандық етуден
бұрын, сен өзің оған жамандық еткен екенсің,- дейді.
Сұрақ: Кейбір адамдар: «Бала діни сабақтарды тек қана
мектеп бітіргеннен кейін, тіпті университеттен кейін үйренуі
керек. Одан бұрын үйренетін болса, ақылы айнып кетеді.
Жаратылыстану білімдерін үйренуі
және оған сенуі қиын
болады» - дейді. Сонда балаларға кіші жасында дінді үйрету
керек емес пе?
Жауап: Жаратылыстану білімдері діни білімдерден бөлек
емес. Жаратылыстану білімдері онсыз да Ислам ілімдерінің
бір тармағы. Ислам ілімдерін үйренген адам жаратылыстану
білімдерін де үйренеді. Әр мұсылман, бала-шағасына және
қол астындағыларға дінін үйретуге жауапты. Бір хадис
шәрифте былай делінген:
Достарыңызбен бөлісу: