ЖАНҰЯ
- 225 -
Тәрбиедегі негізгі факторлар
Зеректік: Бала өзінің алғаш көрген нәрсесін білеуге,
шұқылап көруге және сұрап үйренуге әуес болады. Сондықтан
балаларға үнемі жақсы және әдемі нәрселерді көрсету керек
және сұрақтарына дұрыстап жауап беру керек. Осылайша
баланың зеректігі,
сана-сезімі, түсіну қабілеті жетіледі.
(3-6 жас аралығындағы балаларда осы нәрсеге қатты мән
беру керек. Бұл кезең – баланың тілі, миы және зеректігінің
қалыптасуы үшін ең маңызды кезең болып табылады.)
Рух: Өте сезімтал және өкпелегіш балаларға ащы да болса
шындықты айтуды және оған төзе білуді үйрету керек. Ал
тас жүрек балаларға көңілін жібітетіндей өнегелі, ғибратты
мысалдар айтып, сезімтал болуына тырысу керек.
Қалау: Мықты қалауға, ерік күшіне ие болуына тырысу
керек. Қалауы әлсіз
балаларды біраз еркін жіберіп,
өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Қалауы күшті
балалардың тәрбиесі де қаталдау болуы керек. Алайда балаға
мейірімділікпен және түсіністікпен қарау шарт.
Достарыңызбен бөлісу: