ЖАНҰЯ
- 29 -
Пайғамбарымыз қарт анаға ұлының өлім төсегінде жатқанын
және кешірмесе жаһаннам азабына тартылатынын айтса да,
анасы: «Разы емеспін, кешірмеймін»,- дейді. Ал Алқама
болса үйде әлі шаһадат кәлимасын айта алмай жатқан еді.
Пайғамбарымыз кәрі кемпірдің аналық мейірімін ояту үшін
сахабаларына: «Маған біраз отын әкеліңдер»,- деп әмір етеді.
Кемпір таң қалып: «Отынды не істейсіз йа Расулаллаһ?-деп
сұрайды. Сүйікті пайғамбарымыз: «Ұлыңызды өртеймін.
Жаһаннамда жанғанша осында жанғаны жеңілдеу болады»,
деген кезде анасы шыдай алмай: «Ұлымның көз алдымда
жануына разы емеспін йа Расулаллаһ! Оған ақымды халал
еттім, кешірдім!- дейді. Пайғамбарымыз хазреті Алқаманың
халін білуге Билал Хабаши хазреттерін жібереді. Билал
Хабаши Алқаманың жанына барып, шаһадат кәлимасын
талқин еткен кезде Алқаманың тілі ашылады. Хазреті
Алқама: «Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдән расулуллаһ»,- деп
жан тәслім етеді.
Достарыңызбен бөлісу: