Бақыттың кілті


тұрмасын! Құлым Әли жолда бір қарттың сақалына



Pdf көрінісі
бет23/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   184
тұрмасын! Құлым Әли жолда бір қарттың сақалына 
құрмет етіп, жай келе жатыр. Ол да алғашқы рәкатқа 
үлгерсін!» Сондықтан мен сізді, хазреті Әли келгенге дейін 
рукуде ұстап тұрдым.
Ата-әже мектебі
Италиялық профессор Анна Масала былай дейді: «Түркi 
халықтарының үлкендерiне, ата-әжелерiне деген құрметтерi 
соншалық ата-енесi ме өз әжелерi ме ажырата алмайсың. 


ЖАНҰЯ
- 32 -
Бүкiл балалар екi мектептен тәлiм алады: ата-әжесiнiң 
мектебi және ұстазының мектебi. Менiңше бүкiл дүние жүзi 
өлкелерi түркiлердегiдей ата-әже өмiр салтына мұқтаж...»
Шынында мұсылман халықтарында үлкенге құрмет, кішіге 
ізет әдет-ғұрпына, қанына сiңген қасиет. Дініміз де мұны 
әмір етеді. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Әлсіздерге, 
науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік 
көрсетіңдер!» (Шира)
«Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген 
адам бізден емес..» (Бұхари)
«Жас адам бір қарттың жасына қарап құрмет көрсетсе, 
оның жасына барғанда Аллаһу та’ала оған жастарды 
құрмет еттіреді» (Шира) 
Дініне, әдет-ғұрпына берік мұсылмандар қарттарын 
лайықты түрде құрметтейді. Сапарға шығатын адам 
үлкендерiнiң рұқсатын, батасын алып шығады. Бiр ауылға 
немесе қалаға барған адам бiрiншi болып сол жердегi 
үлкендерiнiң қолын алуға барады. Той, жиындар қариялардың 
батасымен ашылады. Ата-әжелеріміз жиындарда ақыл-
кеңестерін, насихаттарын айтып, адамдарды жақсылыққа 
шақырып, жас буындарға рухани тәрбие береді. Ата-әженің 
өмірлік тәжірибелері, білім-танымдары бала-шаға, немерелері 
үшін құн жетпес қазына болып табылады. Өйткені өмірлік 
тәжіриебені ешқандай ақшаға да, мал-мүлікке де сатып ала 
алмайсың. Келін үшін баланы қарауда, тәрбиелеуде, ауырған 
жағдайдағы ем-шаралар жөнінде жалпы барлық тұрғыда 
енесінің тәжірибелері, насихаттары асыл мұра. Ата-әжелер 
ертегі, аңыз-әңгімелері, насихаттары, өмірлік тәжірибелері 
арқылы, дінін, әдет-ғұрыптарын үйрету арқылы отбасын, 
немерелерін тәрбиелейді. Мұндай тәрбие көріп өскен бала 
әлбетте жетістікті болады. 


ЖАНҰЯ
- 33 -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет