Бақыттың кілті


жыныстық мүше зина етеді.»



Pdf көрінісі
бет38/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   184
жыныстық мүше зина етеді.» (Ахмед, Табарани)
«Көздің зинасы – харамға (намахремге) қарау, тілдің 
зинасы – ұятсыз нәрселер айту.» (Бұхари, Мүслим, 
Әбу Дауд)


ЖАНҰЯ
- 57 -
«Бір әйел әдемі иістер себініп, назар тартатын әдемі 
киімдер киіп, бір топтың жанынан өтсе, зина істегендей 
күнәға батады.» (Ибн Хиббан)
«Харамға қарамаған көздер жаһаннам отын да 
көрмейді.» (Исфахани)
«Әйелге шахуатпен қараған адамның көздеріне 
балқыған қорғасын құйылып жаһаннамға тасталады.» 
(М.Әнһур)
«Көрші әйелге, досының жұбайына шахуатпен қарау 
бөтен әйелге қараудан он есе үлкен күнә. Үйленген 
әйелдерге қарау, қыздарға қараудан үлкенірек күнә.» 
(Табарани)
Әйелдердің шашы да әурет. Әурет жеріне зәрулік болмай 
шахуатсыз да қарау харам. 
Имам Ғазали хазреттері былай деген: 
Әйелдердің, қыздардың, басы, шашы, қолдары ашық 
түрде көшеге шығуы харам болғаны сияқты, жұқа, сәнді, 
хош иісті киіммен шығуы да харам. Бұлай шығуына рұқсат 
берген, разы болған ата-анасы, күйеуі немесе бауырлары да 
оның күнәсы мен азабына ортақ болады. (Кимия-и са’адат)
Имам Зәһәби былай деген: 
Еркектерге әшекейін көрсеткен әйелдерге, мысалы алтын, 
інжу-маржан сияқты нәрселерді орамалының үстіне таққан, 
иіс сепкен, түрлі-түсті және жібек матамен оранған, жеңдері 
кең болып қолдары көрініп тұратын және осы сияқты өздерін 
еркектерге көрсеткен әйелдерге Аллаһу та’ала дүние мен 
ахиретте азап береді. (Зәуәжир Ибн Хажери Мекки)
Орануға мән бермеу және әшекейлерін көрсету сияқты 
күнәлар көбінесе әйелдерде кездескені үшін сүйікті 
пайғамбарымыз, «Миғраж түні жаһаннамды көрсетті, 
көбісінің әйел болғанын көрдім» деді. (Тирмизи)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет