Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет46/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   184
естіртіңдер!» делінген. Бұл өте маңызды жайт. Бұларды 
назардан тыс қалдырмауға тырысу керек. Бұлардың ең 
басында ата-ананың рұқсатын, дұғасын, батасын алу 
келеді. Ата-ананың разылығын алмаған перзент мақсатына, 
мұратына жете алмайды. 
Мұсылман фитнаға себепші болмауы керек. Фитна – бүлік 
шығару, дін атына кір келтіру, дінді жаман атты қылу деген 
сөз. Діннен сауатсыз жастардың ешкімге білдіртпей неке 
қиғанын естіген басқа адамдар (ата-аналар) не істесін?! 
Дінге кері көзқараспен қарайтыны, ұл-қыздарын діннен алыс 
ұстауға тырысатындары анық. Осы сияқты фитналардың 
кесірі тікелей мұсылмандыққа келіп тиюде.
Алдыңызға мақсат қойыңыз, сабағыңызды жақсы оқып, 
жақсы жұмысқа тұрып, ертерек отбасы асырай алатындай 
жағдайға келіп үйленіңіз. Хадис шәрифте «Үйленген адам 
дінінің жартысын қорғаған болады» делінген.


ЖАНҰЯ
- 68 -
 Үйленер алдында кездесу
Сұрақ: Менің үйленетін жағдайым да, кәсібім де бар. 
Мұсылман қызбен үйлену мақсатында кездесіп, көрісуге 
бола ма, әлде кездеспей үйлену керек пе?
Жауап: Үйлену мақсатымен бөтен қызбен қылует 
болмайтындай (көзден таса емес) жерде кездесуге, сөйлесуге 
үйленетін уақыттарын келісіп алуға болады. Бірақ, жақын 
арада үйленетіндей жағдайы болмаған адамның қатты 
ғашық болып қалса да бөтен қызбен сөйлесуіне, кездесуіне 
болмайды.
Некеден бұрын, танысу үшін бір рет кездесу, көрісу сүннет 
болып табылады. Бұл болашақ жарын таңдау үшін берілген 
мүмкіндік. Қажеттілікке қарай екінші рет те көрісуге болады. 
Бұл мүмкіншілікті тым асырып, күнә істеп қоймау керек. 
Өйткені (қажеттілік болмағанша) некесіз қандай да бір 
қатынас (кездесу, сөйлесу, хат жазысу және т.б.) дінімізде 
харам болып табылады. Жар таңдау үшін көрісу қажеттілік. 
Көріспей, таныспай жанұя құру – болашақта отбасының 
бұзылуына себеп болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет