Бақыттың кілті


“Мінездеріңді жақсартыңдар!”



Pdf көрінісі
бет55/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   184
“Мінездеріңді жақсартыңдар!” деп айтар меді? (Ибн 
Лал)
Хазреті Лұқманнан былай деп сұралады:
- Әдеп, тектілік, мал-мүлік пен ілімнен қайсысы үстем?
- Әдеп тектіліктен, ілім мал-мүліктен қайырлы.
Хазреті Лұқманнан ұлы былай деп сұрайды:
- Ең жақсы қасиет не?
- Діндар болу.
- Жарайды, әке. Егер де бұл қасиет екеу болса ше?


ЖАНҰЯ
- 78 -
- Діндарлық және мал-мүлік иесі болу.
- Үшеу болса?
- Діндарлық, мал-мүлік және ұяттылық.
- Төртеу болса?
- Діндарлық, мал-мүлік иесі, ұяттылық және көркем 
мінез.
- Бесеу болса?
- Діндарлық, мал-мүлік иесі, ұяттылық, көркем мінез 
және жомарттық.
- Алтау болса?
- Балам, осы бес мінез кімде бар болса, ол адам тақуа 
иесі, Аллаһу та’аланың досы, шайтаннан ұзақ, таза адам 
болып табылады.
Ар-намыстың маңыздылығы
Аллаһу та’ала адамзат ұрпағын жалғастыру үшін еркек 
пен әйелдің табиғатын бір-бірлеріне құштар етіп жаратқан. 
Сонымен қатар осы сезім қарсаңында адамдарды дүниеде 
күрделі сынаққа салған. Бұл сынақтан өткен адам дүние 
мен ахирет қаһарманы. Адамның жақсы немесе жаман екені 
көбінесе осы ар-намыс тұрғысынан белгілі болады.
Аллаһу та’ала Құран кәрімнің бірқатар жерінде ар-
намысын сақтай алған адамға үлкен марапаттар беретінін 
уәде еткен.
Ал ар-намысын сақтамайтын, (жүргіш) адамға жаһаннам 
азабын білдірген. Аллаһу та’ала арсыздарды адам өлтірген 
адамдармен бір тұтқан. Мүминдердің сипаттары туралы 
айтқанда да былай деген: «Мүминдер намаздарын хушумен 
(ықыласпен) оқиды. Бос, қажетсіз нәрселерден аулақ 
болады. Зекеттерін береді. Ұятты жерлерін сақтайды. 
Аманаттарын қорғайды және уәделерінде тұрады.» 
(Муминун 1-8)
Ар-намыссыз адам Аллаһ алдында күнәһар, халықтың 


ЖАНҰЯ
- 79 -
алдында құрметсіз болады. Бір намыссыздың қоғамдағы 
жақсы адамдардың қасындағы қадірі бір иттің қадірі құрлым 
жоқ. Бай және өте әдемі әйел егер ар-намыссыз болса 
абыройсыз болады. Кедей әйел намысты болса, әрдайым 
қадірлі, құрметке лайық болады. 
Дүние жүзіндегі көптеген жанжалдар, адам өлтірулер, 
ұрыс-керістер, қызғаныштар, қысқасы барлық жамандықтар 
ар-намыссыздық, ұятсыздықтың кесірінен болуда. Адамд-
ардың көпшілігі ұятсыздықтың жамандықтарын біле тұра 
өздерін бұл жаман жолдардан бас тарттыра алмауда. Осындай 
қуатты сезімдердің қарсаңында, бұлардың алдын алатын 
шаралар бар. Бұл – тәрбие және ахлақ мәселесі.
Аллаһтан қорқатын адам ұятсыз бола алмайды. Сондықтан 
балаларымызға Аллаһтан қорқуды үйретуге тырысайық, бұл 
біз үшін ең басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. 
Аллаһу та’аладан қорқу үшін Аллаһты жақсы білу керек. 
Аллаһты білу үшін Оның ұлылығын және сипаттарын 
үйренуге мәжбүрміз. Аллаһу та’аланы мүлдем ойламайтын 
қоғам үшін Аллаһтан қорқу деген сезімге ие болу оңай емес. 
Аллаһу та’аладан қорқу да бір білім, қызмет және қажырлы 
іс, бұларды үйрену, талпыну керек. Аллаһтан қорқу сезіміне 
қараптан қарап ешкім қауыша алмайды. Діннің әмірлері мен 
тыйымдарын орындайтын адам үшін оңай болады.
Әсіресе үлкен қалаларда ар-намыс мәселесі қауіпті 
жолда. Бойжеткен қыздардың өз ақылы-көзқарастарымен 
ар-намысын сақтауы шынымен де қиын. Егер бойжеткен 
қыз біраз сұлу болса, адамның ойына, қиялына келмейтін 
қауіптермен қоршалған деген сөз. Бұл қауіп оқу орындарында, 
жолда, автобуста, көршілердің арасында, тіпті үйдің ішінде, 
телефонда, интернетте, қайда барса да қыр соңынан 
қалмайды.
Қыздарымыз қауіп-қатерлердің қарсаңында әлсіз махлұқ 
ретінде ахлақсыз, ниеті бұзық адамдардың қолында ойыншық 


ЖАНҰЯ
- 80 -
болмауы керек. Мұндай заманда кез келген адамнан, кез 
келген жерде оған зиян тиюі мүмкін. Тисе де оның ақшасына, 
пұлына емес, ар-намысына, абыройына тиеді. Ақшаға тиетін 
зиянның орнын толықтыруға болады. Ал рухани дүниеге 
тиетін зияндылықтың орны толмайды. Ахлақсыз, ниеті 
бұзық адамдардың ортасында жас қыз үшін абыройын сақтап 
өмір сүру өте қиын. Ар-намысты қыз өзге қыздар секілді 
жүргіштік жасауға әуестенбеуі керек. Бұл қауіпті тәжірибе. 
Негізінде жүргіштікпен құрылған отбасылар көбінесе 
бақытты болмайды.
Ар-намысын сақтау үшін жастарды өз уақытында 
үйлендіру керек. Ар-намысқа зиян келтіретін жерлерден 
алыс тұру керек. Жастық шақта жүріп қалу керек деп 
жасалатын әр түрлі көңіл көтеру жолдары жас қызды қолға 
түсірудің бірден-бір тұзағы. Мұның тұзақ екендігіне сенбеген 
қыздар, қай кезде де сол тұзаққа түседі, сол кезде барып есін 
жияды. Бірақ болар іс болып кетеді. Тұзақтың көріністегі 
тартымдылығына алданған қыздар еркектердің қолына 
түскенде көзді ашып жұмғанша ойыншыққа айналады. Өзіне 
сенімді қыз да, олардың алдында соңына дейін төзе алмайды. 
Сымбатты жігіттің алдамшы, күлімсіреген жүзінің алдында 
жеңілуі мүмкін. 
Тұзаққа түскенін байқамай да қалады. Ол тұзақтан 
құтылған адам аз немесе мүлдем жоқ. Ал негізінде сол тұзақ 
деген көңіл көтеретін жерлерге бармаған одан да оңай іс. 
«Көзден таса болса, көңілден де таса болады» деген сөз бар. 
Ондай жерлерге бармаған қыздар, ондай жерлердің қауіп-
қатерінен де сақтанған болады. Егер баратын болса, құтылуы 
қиын болады.
Ар-намыс – жас қыздың немесе әйелдің құн жетпес асылы. 
Бұл асыл тасқа қол жеткізу үшін Аллаһу та’аладан қорқпайтын 
еркектер барлық шайтани тірліктерін қолданады. Қолға 


ЖАНҰЯ
- 81 -
түсіргеннен кейін мақсатына жетеді. Сосын асыл тастың 
құны кетіп, жай тасқа айналып, көшеге лақтырылады. Бұл 
жерде еркек – ар-намыс ұрлықшысы, ал әйел – құндылығын 
жоғалтқан, асыл тасын ұрлатқан бейшара болып қалады.
Расулуллаһ алейһиссалам былай деген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет