«Ғашықтығын жасырып, ар-намысын қорғап, сабыр еткен адамның күнәларын Аллаһу та’ала кешіріп, жаннатына қояды.» (Ибн Асакир)
Демек дінімізде намысты қорғау және ғашықтық
себебімен күнә жасамауға сабыр ету, үлкен сауап. Өйткені
әдетте ғашықтық адамды көр қылғаны үшін, адамның өз-өзін
күнә жасаудан ұстап қалуы қиын. Қиын болған істерді іске
асырудың сауабы да үлкен болады. Хадис шәрифте былай
делінген: «Үмметтімнің үстем болғандары ғашықтық бәлесіне ұшырап, арын сақтағандар» (Дәйләми)
Арлы (пәк) адамның жары да арлы болады Имам Ғазали хазреттері балай дейді:
«Ақылды тыңдамайтын, оған ең көп қарсы шығатын
шахуат (ләззат, құмарлық) болып табылады. Адамдардың
басқалардың айыптауы сияқты себептермен бұл шахуаттан
ұзақтаулары пайдалы болса да, олар үлкен сауап ала алмайды.
Бірақ, күнә жасау үшін барлық жағдайларға ие бола тұра,
арада ешқандай тосқауыл болмай, тек Аллаһ разылығы және
Аллаһтан қорққаны үшін шахуатының тұтқыны болмай, оған
қарсы шықса, ең үлкен құндылықтарға жетеді. Бұл дәреже
сыддықтар мен шәһидтер мәртебесі.» Хадис шәрифте былай
делінген: «Ұяттылық, ар-намыстылық, тілге ие болу және ақыл – иманнан. Мұндай адамдардың ахирет қалауы көбейіп, дүние қалауы азаяды. Сараңдық, әдепсіздік, арсыздық – ұятсыздық пен екі жүзділіктен туындайды. Бұларда дүние қалауы көбейіп, ахирет қалауы азаяды.» (Бәйһақи)
Ер адамдар ар-намыссыз, (жүргіш) болса, жақындары да
жаман жолға түсуі мүмкін. Пайғамбарымыз «Сендер арлы болсаңдар, әйелдерің де арлы болады» деген. (Табарани)
ЖАНҰЯ
- 74 -
Хазреті Ибн Нәжжарбілдірген «Зина еткен адам, дәл сол нәрсеге тап болады» деген мағынадағы хадис шәриф,
ар-намыссыз болған адамның жақындары да ар-намыссыз
болуы мүмкін екендігін көрсетуде. Арын сақтауға тырысқан
адам бұны іске асырады. «Арлы болуды қалаған адамды