Байқаудың өткізілу тәртібі: Интелектуалды ойын 7 кезеңнен тұрады



бет2/3
Дата26.01.2023
өлшемі23,6 Kb.
#63071
1   2   3
Таныстыру

(ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады)
1-топ: «Ойыншылар» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз
Сәлемдесуі
Достарым ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос
Жеңіс пен мәреге барайық
Жеңістің ұранын салайық
2-топ: «Тапқырлар» тобы
Ұраны: қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
Сәлемдесуі
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым

  1. Бәйге

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда,-деп келесі бөлімімізді бастайық. Бұнда 2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
«ойшылдар» тобына

  1. Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме (өзгермейді)

  2. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (Қаныққан бу)

  3. Молекула кинетикалық теорияның негізін салған орыс ғалымын ата.

  4. Қандай ыдыстарға су құйылмайды. ( су толы ыдысқа)

  5. Капилляр грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді (шаштай,жіңішке)

  6. Сұйықта,газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы. (Броундық қозғалыс)

  7. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесуі елеусіз азболатын газ. (идеал газ)

  8. Дененің жүйесінің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын шама. (температура)

  9. Беттік керілу коэффициентінің өлшем бірлігі. (ДЖ/м2)

  10. Судың газға айналу процесін не деп айтамыз. (булану)

«Тапқырлар» тобына:

  1. Кебу дегеніміз не? (Сұйықтық буға айналуы)

  2. Қанықпаған бу дегеніміз не? (өз сұйығымен тепетеңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген бу)

  3. Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған аспапты ата? (Психрометр, гигрометр)

  4. Универсал газ тұрақтысы неге тең? (8,31)

  5. Бір заттың молекулаларының екінші молекула аралық кеңестігіне еніп кетуі не деп аталады? (Диффузия)

  6. Денелердің Жерге тартылу күші. (Ауырлық күші)

  7. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ. (идеал газ)

  8. Күштің өлшем бірлігі. (Ньютон)

  9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  10. Газдың көлемі тұрақты, яғни V=Const, алтемпературасы (Т) мен қысым (р) өзгеретін термодинамикалық процесс. (изохоралық)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет