Байқаудың өткізілу тәртібі: Интелектуалды ойын 7 кезеңнен тұрады



бет3/3
Дата26.01.2023
өлшемі23,6 Kb.
#63071
1   2   3
3 «Сөз шебер» бөлімі
Бұнда экранға назар аударамыз. Экранда физикалық шамалар берілген. Бұл физикалық шамаларға мақал жазылған. Осы мақалдың 1) тәрбиелік мәнін ашу: 2) Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек. Әрбір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.
F: Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отты үрлеген кезде,отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады).
M: түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды. (Қыста үйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті, ащып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды)
G: жел болмаса, шөптің басықимылдамайды. (инерция заңы)
V: нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек)
T: тонның жылуы терісінен емес-жүнінен. (Жүннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денгесіне тигізбейді)
А; бір құиалақ бір қарын майды шіртеді. (Диффузия құбылысы)

  1. «Жасырын терезе» бұл бөлімде тақтада нөмірленген қағаздар беріледі, әрбір топ өздеріне ұнайтын тақырыпты таңдап,соған сәйкесті сұрақтарды аша алады. 10 санында –жеңіл,20 санында –орташа, 30-40 санында –қиын сұрақтар жасырылған. Қай санды таңдаса, сонша ұпай қосылады.



10

10

10

10

10 салт дәстүр

20

20

20

20

20 салт дәстүр

30

30

30

30

30 салт дәстүр

40

40

40

40

40 салт дәстүр



  1. 10 ғалымдар – орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым. (М.В. Ламаносов)

  2. 20 Ғалымдар -1730 жылы Реомюр шкаласына қай ғалым ашты? (Француз жаратылыстанушы Реомюр)

  3. 30 Ғалымдар – Сұйықтар мен гадардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым. (Блез Паскаль)

  4. 40 Ғалымдар –Атмосфералық қысымның ауа райына байлансты өзгереттінін алғаш байқаған қай ғалым еді? (Э. Торричелли)



  1. 10 формула – бұл


  1. 30 Өлшем бірлік-Паскаль қай формулағатиісті. (қысым)

  2. 40 Өлшем бірлік –Ньютон қандай формуланың өлшем бірлігі (күш)

  1. 10 аспаптар –Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап. (Ареометр)

    1. аспаптар –Ауаның салыстырмалы ылғалдығын немен өлшейміз. (Гидрометр, психрометр)

    1. аспаптар –Ұшақтардың ұшу биіктігін қадағалап отыратын аспап. (Альтиметр)

    1. аспаптар –Сфигмотанометр дегенеміз қандай аспап? (Жүрек соғуын өлшейтін аспап)

1.10Салт-дәстүр –Айтыстың ең көне түрі? (Бәдік)
2.20Салт-дәстүр-Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген? (Жаңа түскен келін)
3.30Салт-дәстүр –Өмілдірік деген не? (Ер тұрман әбзелі)
4.40Салт-дәстүр-Үш қуатты ата. (Ақыл,жүрек,тіл)
5. «Қызықты тәжірибе»
Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 минут уақыт беріледі, 2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге 10 ұпай
«А» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стакан, бірнеше қасық ас тұзы
Тапсырма: 1.Суы бар стаканға жұмыртқаны ептеп қасықпен сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа стакан түбіне дейін түседі, яғни батады.
Себебі: жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.
Жұмыртқаны стаканның ішінен ал, стаканға 10 шай қасық тұз сал, толық ерігенше
араластыр. Енді жұмыртқаны стаканға ептеп сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.
Себебі: жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.
2.Жұмыртқаны стаканның ішінен ал, стаканға 10 шай қасық тұз сал,толық ерігенше
араластыр. Енді жұмыртқаны стаканға ептеп сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды. Себебі: тұзды судың
тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.
«В» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: стакан, өлшемдері стакан диаметрінен үлкен қалың қағаз.
Тапсырма: стаканға жиегені дейін су толтыр.

  1. Бетін қағазбен жап.

  2. Бір қолыңмен стакан түбінен ұстап, екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стаканға қысып ұста.

  3. Енді түбін жоғары қаратып, стаканды өте шапщаң төңкер.

  4. Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқадыныз?
Су стаканнан төгілмейді. Қағаз стаканға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стакандағы су неге төгілмейді?
Себебі: стакан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысымы күші стакан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стаканға тығыз жабысып, су төгілмейді.
6.Жұмбақтар бөлімі
Бұл бөлімде әр топқа жұмбақтар беріледі.
Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
«Ойыншылар» тобына

  1. Өзі затты құрайды, теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)

  2. Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

  1. Тіршіліктің қамы үшін,

Жоқшылықты түзейді,
Егер іскер жан үшін,
Жоқшылықты тежейді. (Жұмыс)

  1. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді,
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға олкеледі. (күш)

  1. Пайдаланады мені жұрт,

Отын және жарыққа,
Қызмет етем әрқашан,
Түсіне білген халыққа. (ток көзі)
«Тапқырлар» тобына

  1. Бойындағы зарядты,

Ұзақ уақыт сақтайды.
Реленің күшінен,
Бүлдірместен баптайды. (акумлятор)

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (Шам)

  1. Мұз жарғыш жүзіп келеді,

Бауыры қызып келеді
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді. (Үтік)

  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен басы айналды (электр есептегіш)

  1. Құйрығы інге кірсе беті өртенген,

Ішегіне ішегі тисе қатер төнген. (Электр пеші)
7 «Физик бізде қонақта» сайысы
Бұл бөлімде экранан көрінген 2 тақырып бойынша әр топ қысқаша өз ойларын
ортаға салады. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай. Оны әділқазы алқасы өзі бағалайды.

  1. Физика және техника

  2. Физика және медицина

-сонымен,біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың
бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
«Қызықты физика әлемінде» атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құтықтаймын. Сайысқа өзбілімдерін көрсетіп, белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет