Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет55/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91
 
 Қорымтас 
Жуалы ауданының солтүстігіндегі Қошқарата ӛңірінде 
Қорымтас аталатын жерлер бірнешеу. Қорымтастардың пайда 
болуы жоңғар шапқыншылығымен байланысты. Бұл Қорымтас 
аталатын тастан үйілген тӛбелердің кӛлемі онша үлкен емес 


99 
әртүрлі болып келеді. Биіктіктері үйдің биіктігінен аспайтын тас 
пен топырақтан үйіп жасалған. 
Қорымтас атауының топонимикасына байланысты Еркебай 
Қойшыбаев мынандай түсініктеме берген: «Қорым сӛзінің тӛркіні 
жалпы түркі және монғол тілдерін былай қойғанда, одан арғы 
кӛнеге, тіпті, санскритке келетіні байқалады. Ол тұжырымға 
Қарақорым топонимі түрткі бола алады. Қарақорым жалпы 
азиялық атау: Орхон билеген мемлекеттің астанасы сол сияқты 
Үндістанның қиыр теріскейіндегі тау аймағының аты» (173 бет). 
Қошқарата ӛңіріндегі сонау жаугершілік заманның сұрапыл 
жорықтарының белгісіндей болған осы қорымтастарды жазушы 
Еркінбек Тұрысов былай суреттеп жазады: «Қазіргі ел арасын 
жалғап жатқан қасқайған қара жолдан аз кем шығып, айналаға 
кӛз жіберген жолаушы Шыбықбел мен Мұзбелдің жон – 
жотасында, Хорен мен Сарытаудың биігінде, Үсіктас пен 
Үзгендінің адырлы арқасында Жамантас пен Шоқанның асуында 
Тарақты мен Садырдың Тау қамалында жайдақ – жайдақ жер де 
тозып біткен, жермен – жексен болып пәсейген Қаратас тӛбелерді 
кӛреді. Білетін кӛнекӛздер оны Қорымтас дейді». (Е.Тұрысов 
Бәйдібек. 41 бет).
Осы жерде біз құба қалмақтардың будда дінін ұстанғанын 
айта кетуіміз керек. Будда дінінде ӛлгендерді жерлеу рәсімі де 
бӛлек болған. Олар ӛліктерін биіктеу тӛбелерге үйіп, сонан соң 
оны ӛртеп, сүйек қалдықтарын тастармен кӛміп, үйіп тастайтын 
болған. Сол себепті осындай қорымтастар пайда болған. Демек 
бұл тӛбелер құба қалмақтардың шаһит болған шеріктерін топтап 
жерлеген тӛбелері деп білеміз.
Қазақ тілінің қосымша мағынасында «Қорымтас» - сӛзі бейіт 
- дегенді білдіреді яғни бұл атау тастан жасалған қорым 
мағынасын береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет