Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет81/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91
6. Шақпақ желі. Құлан тауының оңтүстік – шығысында
теңіз деңгейінен 1100 – 1350 м биіктіктен соғатын жел «Шақпақ 
желі» - деп аталады. Ол әсіресе кӛктем мен күз айларында 
кӛбірек байқалады. Кӛршілес Түлкібас ауданының шығысынан 
бұл жел қатты соғады.
Шақпақ желінің жылдамдығы секундына 25 – 40 метрге 
дейін жетеді. 
7. Шақпақ ӛзені. Шақпақ ӛзені Жуалы ауданындағы басты 
ӛзендердің бірі саналады. 
Ол ежелгі Мыңбұлақ қалашығының шығыс жағындағы 
бірнеше бұлақтардан бастау алып Шақпақ, Ынтымақ, Қарасаз, 
Зыковка елдімекендері арқылы ағып ӛтіп, Теріс ӛзеніне 
қосылады.
Шақпақ ӛзені 36 шақырым ұзындықты құрайды. Шақпақата, 
Ынтымақ, Қарасаз елдімекендерінің тұрғындары ӛзен суын 
тӛңірегіндегі егін алқаптарын суғаруға пайдаланады. 
Шақпақ ата елді мекенінің оңтүстік жағындағы тау 
беткейінен соғыстан кейінгі жылдары канал қазылып, құламадан 
аққан суға шағын электр станциясы орнатылған. Ол станция 1959 
жылдарға дейін маңайындағы ауылдарға ток кӛзін беріп тұрды. 
8. Шақпақ құстарға сақина салу орталығы. Жуалы 


136 
ауданының Шақпақата асуындағы құстарға сақина салу 
ортпалығы Қазақстан мен Орта Азиядағы зерттеу орталығы 
болып саналады. Ол орталық 1966 жылы қазақстандық зоолог 
ғалым И.А.Долгушиннің басшылығымен ұйымдастырылды. 
Шақпақ асуы күзде құстар жылы аймаққа ұшар кездегі ең 
қолайлы жер болып саналады. Себебі шығыстан батысқа 
созылып жатқан 1000 шақырымға созылған Тянь – Шань тау 
жоталарынан құстар аса алмағандықтан Шақпақ асуы арқылы 
асады. Биік екі жотаның арасында тор құрылады да оған түскен 
түрлі құстарға сақина салынады. Сақина салынған құстар арқылы 
олардың қайда ұшып барғандығын, жасын т.б. анықтайды.
Бұл Шақпақтағы құстарға сақина салу орталығында бірнеше 
мемлекеттің ғалымдары жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет