арнайы сәулеленетін басы бар түтікшемен ультрадыбыс әсерін жасайды. Жал-
пы терапевтік мақсатта 800 кГц жиіліктегі
ультрадыбысты колданады, оньщ
орташа қарқындылығы 1 Вт/см
2
жэне одан кем болады.
Ультрадыбысты терапияның бірінші механизмі — ұлпаға механикалык
және жылулық әсері. Ота жасау кезінде ультрадыбыс «ультрадыбысты скал-
пель» (кандауыр) ретінде қолданып, сүйек ұлпаларын,
жұмсақ ұлпаларды ке-
седі.
Ультрадыбысты сұйыққа батырылған денелерді майдалау касиеті және
эмульсия түзуі оны фармацевтика саласында дәрі жасауға қолданады. Тубер
кулез, бронх астмасы, жоғарғы тыныс жолдарының танаурегі қабынуы (катар)
сияқты ауруларды емдеу кезінде ультрадыбыс көмегімен алынған әртүрлі ем
заттарының аэрозолдары колданылады. Қазіргі танда сынған немесе трансп
лантация ұлпаларын «желімдеу» (сварка) үшін ультрдыбыстың жаңа әдісі
(ультрадыбысты остеосинтез)
қолданылады.
Ультрадыбыстың микроағзаларға жойқын әсері зарарсыздандыруға колда
нылады.
Соқырлар үшін ультрадыбыстың қолданылуы кызықты. Ультрадыбысты
локация арқылы ыңғайлы, ықшам «Ориентир» қүрылғысы аркылы 10 м арака-
шықтағы денелерді анықтап, олардың сипаттамасын жасауға болады.
Жоғарыда аталған мысалдар ультрадыбыстың колдану мүмкіндігінің аясын
тарылтпайды, керісінше оның әлі де мүмкіндігінің
болашақта зор екендігін
көрсетеді. Сол мүмкіндіктің бірі ультрадыбысты голография (24-тарау қара-
ңыз).
8.7. ИНФРАДЫ БЫ С
Инфрадыбыс деп адам күлағы еститін дыбыстың жиілігінен аз (20 Гц) меха
никалык (серпімді) толқындарды айтамыз.
Инфрадыбыстардың көзі ретінде табиғи объектілер (теңіз, жер сілкінісі, газ
разряды т.б.) немесе жасанды (жарылыс, автомашиналар, станоктар т.б.) бо-
луы мүмкін.
Инфрадыбыс көп жағдайда естілетін шуммен бірге жүреді, мысалы автомаши-
нада, сондыктан оны өлшеу немесе инфрадыбыстың тербелісін зертгеу киын.
Инфрадыбыс үшін әртүрлі
орталарда әлсіз жұтылуы тән, сол себептен
анағұрлым кашықтыкка тарайды. Осы касиетін пайдаланып, жер кыртысын-
да инфрадыбыстың таралуын зерттеу арқылы алыс кашықтықтағы оның көзін
аныктауға болады, инфратолкынды өлшеу аркылы
цунамидің болуын болжау
мүмкіндігі туады. Инфрадыбыстардың толқын ұзындығы естілетін дыбыстар-
дың толкын ұзындықтарынан артык болғандыктан, олардың дифракциялану
мүмкіншілігі
артық болып, кедергілерді айналып өтеді.
Инфрадыбыс кейбір ағзаның функционалдықжүйесіне зиянды әсерін тигі-
зеді:шаршау, бас ауруы, ұйкышылдык, тітіркену т.б. Инфрадыбыстың адам
организміне эсер етуінде бірінші механизмінің
табиғаты резонансты деп та-
нылған. Резонанс әрекеттеуші күштің тербелісі мен өздік тербелістің жакын
мәнінде болады (§7.6 караңыз). Адам денесінің өздік тербелісінің жиілігі жат-
қанда (3—4 Гц), тұрғанда (5—12 Гц), көкіректің өздік тербелісі (5—8 Гц), ішперде
қуысы (3—4 Гц) жиілігі т.б. инфрадыбыс жиіліктеріне сәйкес келеді. Гигиена-
ның негізгі мәселелерінің бірі түрғын үйдің, өндіріс орнының және транспорт
ішіндегі инфрадыбыстың деңгейін төмендету.
8.8. ВИБРАЦИЯ
Техникада машиналардың және түрлі кұрылымдардың
механикалык тер-
белісі
вибрациятп
аталады.
Олар вибрацияланған объектілермен жанасатын адамдарға эсер етеді. Олар
зиянды болуы, яғни ауруды коздыруы немесе пайдалы болуы мүмкін, айталык
укалау. Вибрацияның негізгі сипаттамалары дененің механикалык тербеліс-
терімен сәйкес келеді, олар:
►
тербеліс жиілігі немесе гармониялық емес тербелістің гармониялык
спектрі;
►
амплитуда, жылдамдық амплитудасы және үдеу амплитудасы;
►
энергия және тербелістердің орташа куаты.
Сонымен қатар биологиялык объектілерге вибрацияның әсерін білу үшін
тербелістердің таралуы мен өшуін білу маңызды. Бүл мәселені шешу үшін
инерциялы массадан, серпімді және тұткырлы элементтерден түратын модел-
дер қолданылады (§10.3 караңыз). Вибрация — естілетін дыбыстардың, ультра-
дыбыстардың және инфрадыбыстардың көзі болып табылады.