Байғали Мақұлбекұлы Есенәлиев (10.12.1962 ж. т., Төле би ауданы Майбұлақ ауылы) – актер, әнші. «Дарын» мемлекеттік Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992), Республикалық әнші-актерлер байқауының (1989) және бірнеше өнер байқауының жеңімпазы.
1984 ж. Т.Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясының актерлік факультетін бітірген. 1984 – 1998 ж. Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық театрда, Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік Жастар мен балалар театрында актер болып, ұлы Абай, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев, т.б. тарихи тұлғалармен қатар замандастар бейнесін «Ең әдемі келіншек» спектаклінде Абдолла, «Ауылдан келген ару» қойылымында Ақын, «Бақыт пен мұңда» – Сері жігіт сынды бір-біріне ұқсамайтын көптеген кейіпкерлер бейнесін жасады. 30-ға жуық образдарды сомдады. Сонымен қатар ол орындаған Ә.Бейсеуов, Ә.Телғозиев, И.Сапарбай, Т.Ізтаев, Г.Шәмшиева, И.Бәйгісиев, т.б. авторлардың әндері қазақ радиосының «Алтын қорына» енді. Өзінің де шығарған әндері бар. 1998 ж. Қ.Қуанышбаев атындағы Астана драма театрында М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің желісі бойынша жазған «Қанды азу» пьесасы қойылып, республикалық және халықаралық өнер фестивалінде жүлдеге ие болды. Осы жылы оның «Ерке едім әні желге ұшқан» жыр кітабы, ал 2002 ж. «Адам боп өтсем – сол арман» атты естеліктер кітабы жарық көрді. Қазір көп жылғы ізденістер нәтижесінде дүниеге келген «Сүгір», «Әніме қорған болар кім?!», «Тірі өлік» драмалық пьесаларының қойылымдары әзірленуде.[1] Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Киностудиясында «Хабар» телеарнасының түсірген телевизиялық фильмдерінде да әр жылдары жемісті еңбек етіп, экранда төмендегі кейіпкерлерді сомдады:
«Асуда» реж: С.Жармұхамбетов. Саламат-ролі. 1986 ж.
«Жусан» реж: А.Әшімов. Дерменеші жігіт-ролі. 1986 ж.
«Таудан да биік» реж: Б.Омаров. Жолдасбек-ролі. 1987 ж.
«Әурелең» реж: С.Құрманбеков. Мәдениет басқармасының-ролі. 2007 ж.
«Кешіккен хат» реж: Б.Сейтқазиев. Сәкен-ролі. 2008 ж.
«Жаңа қала туралы аңыз» реж: Б.Санитасов. Марс-ролі. 2009 ж. «Хабар»
«Елім-ай» реж: А.Айтуаров. Болат Қарабаев-ролі. 2009 ж.
2009-шы жылы «Мұхаммед Хайдар Дулати» атты тарихи трагедиясы Оңтүстік Қазақстандағы Ж.Шанин атындағы облыстық театры сахнасында қойылды.
2006-шы жылы Түркістан қаласында өткен «Түркістаным-Тұраным» атты Республикалық сазгерлер байқауында «Ескі жұрт» деп аталатын әнімен лауреат болды. 2007-ші жылы Оңтүстік Қазақстанның Ленгір қаласында өткен «Төле би өрнектері» фестивалінде «Қазығұрт» әнімен бас бәйгеге ие болды. 2009-шы жылғы желтоқсанның 4-дегі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2010-шы жылғы Қараша айының 8-ші жұлдызында Республикалық «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің «Жылдың үздік драматургы» номинациясы бойынша жеңімпазы.[2]
https://youtu.be/rr9G0Hu8uWY?si=h60HiyKwcSFfvu0p
Өткен жылдың соңында ұлттық арана «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясын көрермендер назарынан ұсынаған болатын. Алты бөлімнен тұратын фильм продюсері Айсәуле Әбділдаева болса, сценарийін Мұрат Есжан мен Ұларбек Нұрғалым жазыпты. Режиссері де – Мұрат Есжанның өзі. Ал басты рөлді Байғали Есеналиев сомдаған болатын. Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен бір мөлтек сыр шертіп, Алаш арыстарының өнегелі өмір жолын шығарманың арқауы еткен бұл телехикаияны көрермендер жылы қабылған болатын.
Бұрын үлкен кісілермен өткізсек, қазіргі кезде орта, жас буынмен де пікір алмасуды қолға алып отырмыз. Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаш және мемлекетшілдік сана» деген жобаны бастап жатырмыз. Осы жерде жастарды алаштанушылармен, ғалымдармен ұдайы кездестіріп отырамыз. Бүгінгі сыр-сұхбат Ахмет Байтұрсынұлына арналғандықтан, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, танымал болып жатқан «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалы төңірегінде болды..