Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы бойынша 2023-2024 оқу жылындағы оқу- тәрбие жоспарына сәйкес айлық жоспары



бет4/4
Дата10.12.2023
өлшемі128,82 Kb.
#136437
1   2   3   4
Байланысты:
АЙЛЫҚ23

Әдістемелік кеңес отырысы




«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында
Рухани-адамгершілік тәрбие айлығының қорытындысы







ДЖК




Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие айлығының қорытындысы







ДЖК




«Үлгілі күнделік» көрмесі




Е. Оспангазиев







Келесі оқу жылына дарынды балаларды анықтау , мектепішілік «Мектеп мақтаныштары» стендке енгізу




Б. Баракова

-














































































Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы бойынша 25.09-29.09 аралығында 9 сынып оқушыларының сабаққа қатысу деңгейін анықтау, мұғалімнің сабақ беру әдісін бақылау, 9 сыныптың білім сапасының төмендігінің себептерін анықтау мақсатында директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Баракованың тарапынан бір апта сабаққа қатысу жұмысы жүргізілді.Қатыскан пәндер және саны:

Пәндер

Сабақ саны

Алгебра/геометрия

5 сабақ

Биология

2 сабақ

Қазақстан тарихы

2 сабақ

Қазақ тілі/ әдебиеті

3 сабақ

физика

2 сабақ

Химия

2 сабақ

Орыс тілі

2сабақ

Ағылшын тілі

3 сабақ

география

2 сабақ

жалпы

23 сабақ

Сабаққа қатысу барысында оқушылардың бастапқы кезеңінде қатысу деңгейі өте төмен болды. Пәнге деген қызығушылақтары байқалмады. Оқушылар пән мұғалімдерінің кім қалай сабақ береді, және қандай деңгей екенін жақсы біліп отыр, бірақ оқушылар арасында ынтықмақтастық орнатылған. Олар ешкашан мұғалімнің әрекетіне баға ашық түрде бермейді. Керісінше мұғалімнің қателігін жабу үшін олар барын салып оны білдіртпеуге тырысады. Бұл сыныпта артта қалған оқушы жоқ, әр оқушы өзінің жеке қабілеттілігімен танымал және әр оқу өзінің жүрек қалауы бойынша пәндерді ұнатады. Мысалы Ержан Бейбарыстың ойлау және ойын жеткізу тарих сабағында байқалды, жаратылыстану пәндер сабағында ол айталатын мәлеттерді жеткізуге қиналады. Сейсенбай Ералы өз ойын жеткізе алмай қиналады, бірақ тығырыққа тірелгенде салмақты ойлар айтуға бағыттайды өзін. Абдрашит Қожа өзің сенімсіз сезінеді, гуманитар пәндеге жақын, бірақ топтан шығып көзге көрінгісі келмейді. Төлеген Жаннур дарынды оқушы дейміз алайда қай пәнді алсақта ол өзіне үлкен сенімділік артып қай жерде қателесіп отырғанын байқамайды, бірақ көбінесе мұғалім тарапынан кателіктері түзетілмей калып жатады. Шарипкан Ақмарал дарынды оқушылардың бірі сөз жоқ үлгі тутатын оқушы, алайда кейбір жағдайда оның айтқан пікірімен мұғалімдер тарапынан санаспай оның шын мәнінде құнды ойлары бағаланбай жатқанына ол бала қапаланатын тәрізді. Нуртілеу Айгерім өте белсенді оқушы, бірақ мұғалімнің сабақ беру әрекетіне үлкен назар аударады, ұнамаған жағдайда жауап беруге өзін бас тартқызады.Тұрсын Наурызбайдың да өз ерекшелігі бар, жалқаулық бойында бар ол рас, бірақ бет бұрысы түзелетін оқушың бірі, егерде мұғалімдер тарапынан ол оқушыға деңгейіне сай тапсырмалар беріліп отырса ол бала үлкен жауапкершілікпен жумыс жасайды деген сенім бар. Еспатыр Альмұхамет сынды балаларды біз қандас балалар қатарына жатқызамыз. Бұл баланың шын мәнінде ой жеткізу сөйлеу қабілеттілігі, жылдам әрекеттілігі қалған балалардын алшақтау екенін белгілі. Дегенмен мен қатысқан сабақтарда ешкімге назар аудармай берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындауға тырысады. Мысалы алгебра , физика сабағында мұғалімнің сурағына ешкім мән бермеген болса, осы бала құны бар жауап қайтарып отырды. Валибай Сезім өте ұяң оқушы, ол өзін ешкашан алдыға тартпайды, мұғалім сұрағанда ғана жауап береді, егер оның жауабы дұрыс болса бойына күш сіңіреді, дұрыс емес болса ол күштен айырылып қаламынба деп қорқады. Қудайберген Мейіржан салмақты ақылды бала , жаратылыстану бағытына жақын, мұғалімнің сөзін ас мән беріп тыңдайды, Бірақ еліктеуіш, назарын тез ауыстырады.Осындай оқушыларымызды мұғалімдер тарапынан жеке қабілеттілігін ескере отырып жұмыс жасалған жағдайда ғана біз бұл сыныптың сапасын көтере аламыз деп ойлаймын. 9 сынып оқушыларынан қатысумен қатар сол өтілген тақырыптар аясында білімдерін анықтау мақсатында кейбір пәндерден тест тапсырмалары алынды.Нәтижесінде











Олқылықты жою мақсатында алынған тест нәтижесімен салыстырғанда :

пәндер

олқылық

зерделеу

алгебра

45

27,7

физика

57,7

25,5

Қазақ әдебиеті

Тест жұмысы алыңған жоқ

56

Қазақстан тарихы

53,7

46

Оқу сауаттылық

Алынған жоқ

41



Қарап отырсаңыздар айырмашылы бар.
Зерделеудің соңында 9 сынып оушыларымен жасырын түрде сауалнама жүргіздім. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың барлық пән арасында ұнатқан пәндер ол Қазақстан тарихы, биология и алгебра. Іштерінде жүрген шағым дұрыс бағаланбағандығы, маған жазған ұсыныстардың ішінде ешкімге ескертпей сабаққа кірсеңіз, негізгі пәндерден қосымша сабақ ұйымдастырсаңыз деген, мұғалімдерге ұсыныс жазып жатты соның бірі «Егерде ұстаздар ойын ашық жеткізіп, біз түсінетіндей әрі қызықты тапсырмалар мен ойын ұйымдастырса жақсы болар еді» беріліп жатты.
Құрметті әріптестер 25.09-29.09 аралығында мен 23 сабаққа қатыстым. Жаңартылған білім беру жүйесіне көшіп жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде жұмыс жасап жатқанымызға кем дегенде 4,5 жылға аяқ бастық. Мұғалімнің білім жүйесіне де оқыту процесіне де сабақ беру тәсіліне де жаңа көзқарас қалыптастыру жұмысы біліктілік арттыру курстарынан да аудандық ұйымдастырылған оқыту семинарынан да білімдерімізді толықтырып, біліктілілгімізді молайтып, көзкарастарымызды өзгертіуге бағыталу керек болатынбыз. Алайда осы аптада сабаққа катысқан кезде мұғалімнің сабақ беру тәсілі еш өзгеріссіз қалып отырғанына көзім жетіп отыр. Мұғалімнің өзі сабақ беру тәсіліне жаңалық еңгізілмесе оқушыдан қалай үй жұмысын орындадыңба деп сураймыз, себебі сіздің сабақ берген мақсатыңызға жетпей берген сабағыңыздан ол бала еш нәрсе түсінбей кетіп, үй жұмысын қалай орындайды. Орындағаны өзінде келесі күні сол балаға орындағаны үшін кері байланыс берілмесе дұрыс, бұрыстығына көз жеткізілмесе ол баланың ынтасы қайдан болмақ. Қатысқан сабақтарымның көпшілігі дәстүрлі форматта өтіп жатты. Оқушыларға бул формат жалықтырып отырғаны түсінікті.Амал жоқ отырады. Биология сабағында топтық жұптық жұмыс ұйымдастырған кезде оқушылардың көзі жанып, аз маз оянғандай болды. Белсенділік танытты, пәнге деген қызығушылық пайда болған сияқты, бірақ ол жұмыс үнемі болмағаны да байқалды, себебі ол дағдыланбағанын көрсетті. Топтық таныстырылымда оқушы бір бірін тыңдауға бет бурмаған. Кейбір мұғалімнің сабақ беру темпісіне ілесе алмай жатқаныда байқалды, бірақ қайталап сұрағанын ұялып қалып калғандары да болды. Сол сурақ ол бала үшін ашылмай кала беретінін де анық. Кейбір мұғалім оқушыға өз бетімен білім алуға, өз ойын жеткізуге, өз тарапынан шешім қабылдауға мүмкіндік бермей тек өзі сұрақ қойып өзі жауап беріп отырған мұғалімдеріміз де бар. Мұндай жағдайда оқушыға да сол керек. А деп ашқанда мұғалім Б деп жауып коя береді ауызын. Сабаққа дайындықсыз келген мұғалімдеріміз де бар. Сабақ барысында уақытты созу үшін оқушыларға керексіз сұрақтарын жаудырып, олардың жауаптары дұрыс емес болса да қанағаттанып турған ұстаздың сапалы сабақ қайдан болсын. Осы жерде оқушылар білім отыр мұғалім сабаққа дайын емес екенін, бірақ мұғалімдерін ұятқа қалдырмас үшін ұстазын қолдап шын өтірігін айтып тіреу болып жатты. Оқушы ынталандыратын әдістің бірі бағалау емеспе. Оқушы сабаққа келген менің білімім әділ бағалансын деп келеді, алайда оқушы сабақ бойы бір сөз айтып 7 балл алып кеткен, немесе сабақ бойы өзін көрсетіп отырған 5 балл алған оқушымызда болды. Бағалау жүйесінің сабақ барысында улкен рөл атқаратынына білеміз , дегенмен сабақ барысында қалыптастырушы бағалау тек биология сабағында байқалды. Қалған сабақтарда бұл жұмыс өз деңгейінде өтілмеді, бағалау жүргізілмеді, тек сабақтың соңында кейбір пән мұғалімі баға қойды, бағалау валидтік болған жоқ. Казіргі кезде ақпараттық технологиялардың әр түрлілігі кездеседі, тек мұғалімнің сабақ беру ынтасы жоғары болса болғаны. АКТ былай кояйық жай карапайым көркеніліктердің өзі сабақтарда тапшы болды. Егер әкелсе ол да бір жапырақ қағаз 6/9 көлемінде эстетикалық талабы ескерілмеген, оқушыларға таратып беріледі де сол күйі ұмытылып кала бергенде болды, артынан оқушы мынаны кайтеміз енді деп сурак койып жатканын құлағым шалып қалды. Кандай сабақ болсада ең бірінші қағида тақтада күн тақырып жазылу керек болатын. Кейбір сабақ таза тақтамен басталып, таза тақтамен аяқталады екен. Педагог мәртебесі заңында мұғалімдерге көптеген жеңілдік жасалынып отыр. Соның бірі қағазбастылықта арылу. Ол рас. Бірак сабақ жоспарсыз сабаққа кіру қағидасы алынып тасталынған жоқ. Солай емеспе. Жоспарсыз келген мұғалім қандай сабақ бермек. Осыдан тұжырым жасауға рұқсат етіңіздер. Біздің мектебімізде жай келіп кететін мұғалімдерімізде, уақытын өлітіп отырған мұғалімдерімізде, жыл басында сағатқа талысып, берілген сағатты өз деңгейінде жүргізбейтін мұғалімдерімізде, тығырыққа тірелгенде оқушылар алып шығады мені деп ойлайтын мұғалімдерімізде, сабаққа қатысып отырған мұғалімнің көзінше 3,4 сабақ бұрын өтіп кеткен тақырыптардың бетін ашып отырған мұғалімдерімізде, оқушы білімін көтермелеп бағалайтын мұғалімдерімізде, бағаны төмендетіп бағалайтын мұғалімдерімізде, оқушы ынтасын жоғалтып, оқушы көзінен сыйласымдықтан айырылған мұғалімдерімізде, оқушы жүрегін нұр кұя алатын мұғалімдерімізде , көңілдерін ашатын да жабатын да мұғалімдерімізде бар екенін байқадым. Қорыта келе бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу мұғалімге тікелей байланысты. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.Тек сондай мұғалімнің шәкірті өмір бойы ұстазын құрметтеп, сыйлайды.
Ұсыныс:

  1. Мұғалімдерінің сабақ беру тәсілін зерделеу мақсатында мектепщілік қомисся құрылып сабаққа қатысу жұмысы жалғасын тапса.

  2. Критериалды бағалау жүйесін өз деңдейінде жүргізу жұмысы мұғалімдер тарапынан қолға алынса.

  3. Сабаққа жоспарсыз келген мұғалімдерге мектепшілік шара қолданылса.

  4. 9 сынып оқушыларының білім деңгейлерін қайтара зерделеуге қараша айының 06-10 аралығында жүргізілсе.

  5. 9 сыныпты ББЖМ дайындау мақсатында пән мұғалімдері жұмыс жүйесін күшейтсе.

  6. Мектепшілік бақылау негізінде барлық пән бойынша оқушыладың білімдерін тексеру мақсатында тест алынып, нәтижесі төмен көрсеткен пән мұғалімініне мектепшілік бұйрықпен ескерту берілсе




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет