Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020



Pdf көрінісі
бет38/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92
Байланысты:
ОҚУ ҚҰРАЛЫ Инф оқыту әдістемесі

 
 


61 
2.3 Мектеп информатикасының базалық курсын оқыту әдістемесі
1. Базистік оқу жоспары 
2. Информатиканың базалық курсының қҧрылымы мен мазмҧны. 
Базистік оқу жоспарына сәйкес информатикаға бӛлінген сағат 
санының қысқалығына байланысты білімге қойылатын талаптар да 
қайта қаралып нақтыланады.
Стандарт қҧрылымы талапқа сәйкес тӛмендегідей бӛлімдерден 
тҧрады:
- қолданылу аймағы;
- нормативті сілтемелер; анықтамалар мен қысқартылған сӛздер;
- жалпы ережелер, информатика пәнінің жалпы сипаттамасы;
- оқу бағытының тҥрлері мен мазмҧны;
- информатикадан оқу жҥктемесінің кӛлемі;
- информатикадан білім берудің базалық мазмҧны;
- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
- оқу ҥрдісін ҧйымдастыру мен оны жҥзеге асыру шарттарына 
қойылатын талаптар.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын 
ҥздіксіз оқытудың тӛмендегідей қҧрылымы ҧсынылады: 
пропедевтикалық, базалық (негізгі) және бағдарлы кезеңдер.
Бірақ, бҧл ҧсынысты барлық мектептер толық меңгермейді, 
мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері
толық емес.
Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі ӛзегі – 
информатиканың базалық курсы, ӛйткені информатика бойынша білім 
беру стандартының жобасына сәйкес базалық курс «оқушының 
информатика бойынша дайындығының міндетті жалпы білімдік 
минимумы» болып табылады.
Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны 
информатиканың базалық курсы, себебі информатикадан білім беру 
жобасының стандарты бойынша, базалық курс информатикадан 
оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын 
қамтамасызетеді(2017жылғы«25»қазандағы 
№545 бҧйрығына 
12-
қосымша).
1. «Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмҧны 4 бӛлімді 
қамтиды:
1) компьютерлік жҥйелер; 
2) ақпараттық процестер; 
3) компьютерлік ойлау; 
4) денсаулық және қауіпсіздік. 
2. «Компьютерлік жҥйелер» бӛлімі келесі бӛлімшелерден 
тҧрады:
1) 
компьютердің қҧрылғылары;


62 
2) 
программалық қамтамасыз ету; 
3) 
компьютерлік желілер.
8. «Ақпараттық процестер» бӛлімі келесі бӛлімшелерден 
тҧрады: 
1) 
ақпаратты ҧсыну және ӛлшеу; 
2) 
ақпараттық нысандарды қҧру және тҥрлендіру. 
9. «Компьютерлік ойлау» бӛлімі келесі бӛлімшелерден 
тҧрады:
1) модельдеу; 
2) алгоритмдер; 
3) программалау. 
10. «Денсаулық және қауіпсіздік» бӛлімі келесі бӛлімшелерден 
тҧрады:
1) 
эргономика;
2) 
ақпараттық және онлайн қауіпсіздік. 
11. 5-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмҧны:
1) «Кіріспе. Компьютер және қауіпсіздік». Қауіпсіздік техникасының 
ережелері мен жҧмыс орнын ҧйымдастыру. Компьютердің негізігі 
қҧрылғылары (процессор және қатты диск); 
2) «Интернеттегі қауіпсіздік». Басқа адамның жҧмысын кӛшірудің 
заңсыздығы. Қҧжатқа қҧпиясӛз орнату. Ортақ қолжетімді файлдармен жҧмыс 
атқару (орналастыру, ӛзгерту, жҥктеу); 
3) «Ақпарат және оны ӛңдеу». Ақпарат. Ақпаратты әртҥрлі формаларда 
ҧсыну. Программалық қамтамасыз ету. Растрлық кескіндерді қҧру және 
ӛңдеу; 
4) «Алгоритмдер». Алгоритм. Орындаушы, орындаушылардың 
командалар жҥйесі. Қадамды сӛз тҥрінде ҧсыну; 
5) «Программалау». Ойын программалау ортасында (Лого, Scratch). 
Тармақталу. Цикл; 
6) «Жобаны әзірлеу». Ойын ортасындағы программалау кезеңінде 
(Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалардың анимациясын қҧру. Қҧжатты 
баспаға дайындау (парақ ӛлшемдерін ӛзгерту, бет ӛлшемдерін қою, алдын 
ала кӛру). Жобаны ҧсыну. 
12. 6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмҧны: 
1) «Компьютерлік жҥйелер мен желілер». Эргономика, қауіпсіздік 
техникасының ережелері. Есептеу техникасының дамуының тарихы. 
Компьютердің негізгі қҧрылғыларының ӛзара байланысуы. Операциялық 
жҥйенің негізгі функциялары. Сымсыз желілер; 
2) «Мәтіндік қҧжаттардағы сілтемелер». Тҥсіндірме. Гиперсілтемелер. 
Мазмҧн. Реферат жасау; 
3) «Мәтіндік ақпаратты ҧсыну». Ақпаратты тасымалдау. Мәтіндік 
ақпаратты шифрлеу. Ақпаратты екілік код тҥрінде ҧсыну; 
4) «Компьютерлік графика». Векторлық бейнелерді қҧру. Растрлық 
және векторлық бейнелерді салыстыру; 
5) «Компьютерлік ойындарды әзірлеу». Компьютердегі есептерді шешу 
қадамдары. Алгоритмді блок – схема тҥрінде ҧсыну. Компьютерлік ойынның 
тҧжырымдамасы; 


63 
6) «Компьютерлік ойындарды қҧру». Ойын ортасындағы сценарийді 
әзірлеу және жҥзеге асыру. Ойынды жасау барысында қолданылатын 
компоненттер. Программа ортасында қателерді табу және жӛндеу. Ойындар 
ҥшін қҧжаттамалар. Сілтемелерді ҧйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмҧн, 
атау, тҥсіндірме). Қолданылған ресурстарға сілтемелер.
13. 7-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмҧны: 
1) «Ақпаратты ӛлшеу және компьютер жады». Ақпараттың ӛлшем 
бірліктерін атап ӛту, ақпаратты бір ӛлшем бірлігінен басқа ӛлшем 
бірліктеріне ауыстыру. Компьютердің жады тҥрлері (жедел сақтау 
қҧрылғысы, тҧрақты сақтау қҧрылғысы, сыртқы сақтау қҧрылғысы, кэш – 
жады). Бірдей ақпарат сақталған әртҥрлі пішімдегі файлдардың кӛлемін 
салыстыру. Ақпаратты сығу, мҧрағаттау программалары. Мҧрағаттарды қҧру 
және мҧрағаттан шығару; 
2) «Жҥйелер және қауіпсіздік». Қызметі, компьютерлік желілердің 
жіктелуі (масштаб, топология, тиістілігіне қарай). Компьютерді зиянды 
программалардан қорғау; 
3) «Тапсырмаларды электронды кестелердің кӛмегімен шешу». 
Мәтіндік процессорда кестелерді қҧру, ӛңдеу, пішімдеу. Электронды 
кестелер, электронды кестелердің негізгі ҧғымдары. Мәліметтерді енгізу, 
ӛңдеу мен пішімдеу, толтыру маркері. Мәлімет типтері. Формулаларды 
енгізу. Шартты пішімдеу. Диаграммаларды қҧру; 
4) «Шешімдерді программалау (С/С++, Python, Delphi, Lazarus 
тілдерінің бірінде)». Программалау жҥйесі. Программалау тілдері. Мәлімет 
типтері. Жобаның интерфейсі. Сызықтық алгоритмдерді программалау. 
Тармақталу алгоритмдерін программалау. Кірістірілген және қҧрамды 
шарттарды программалау; 
5) «Нысандар мен оқиғаларды модельдеу». Ҥшӛлшемді нысандар,
3D – редакторлар. Редакторға кірістірілген нысандар. Нысандардың 
ҥшӛлшемді модельдері. Оқиғалардың ҥшӛлшемді модельдері. 
14. 8-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмҧны: 
1) «Компьютер мен жҥйелердің техникалық сипаттамалары». Ақпарат 
кӛлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану. Процессордың 
негізгі сипаттамалары. Желінің ӛткізу қабілеті; 
2) «Денсаулық және қауіпсіздік». Адам ағзасына тҥрлі электронды 
қҧрылғылардың әсері, электронды қҧрылғылардың жағымсыз әсерінен 
қорғану тәсілдері. Желі қолданушыларының қауіпсіздігі: интернеттегі 
алаяқтық пен агрессия; 
3) «Ақпаратты электронды кестелерде ӛңдеу». Электронды 
кестелердегі мәліметтердің пішімдері. Абсолютті және салыстырмалы 
сілтемелер. Берілген функция графигін қҧру. Кірістірілген функцияларды 
қолдану: математикалық (қосынды, кӛбейтінді, дәреже), статистикалық (егер, 
минималды, максималды, орташа мәні, есептеу), логикалық (егер); 
4) «Программалар жасаудың кіріктірілген орталары (С/С++, Python, 
Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)». Программалық жасақтаманың міндетіне 


64 
қарай жіктелуі. Программа қҧрудың кіріктірілген ортасының қҧрамдас 
бӛліктері. Таңдау операторы. Цикл операторы (параметрлі цикл, алғы 
шартты цикл, соңғы шартты цикл). Алгоритмнің трассировкасын орындау; 
5) «Программа қҧрудың кіріктірілген ортасында тапсырмаларды 
шешу». Қолданбалы есептерді программа қҧрудың кіріктірілген ортасында 
модельдеу. 
15. 9-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмҧны: 
1) «Ақпаратпен жҧмыс». Эргономика (компьютерді ҧзақ уақыт бойы 
қолдануға байланысты қауіптерді сынап бағалау). Ақпараттың қасиеттері. 
Бҧлттық есептеулерді қолдана отырып, қҧжаттарды қҧру, ӛзгерту және 
қарастыруда бірлесе жҧмыс істеу. Желілік этикет және қҧқықтық нормалар; 
2) «Компьютердің конфигурациясы». Компьютердің міндетіне қарай 
конфигурациясын (аппараттық және программалық жасақтама) таңдау; 
3) «Мәліметтер қоры». Мәліметтер қоры, жазба, ӛріс. Электронды 
кестеде мәліметтер қорын қҧру. Мәліметтерді іздеу, сҧрыптау және сҥзгілеу; 
4) «Деректер ауқымы (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің 
бірінде)». Бірӛлшемді массив. Массивті ӛңдеудің негізгі алгоритмдері: іздеу, 
сҧрыптау, орындарын ауыстыру, массив элементін жою және қосу; 
5) «Процестерді электронды кестелерде модельдеу». Модельді қҧру 
және оны зерттеу (электронды кестедегі мәліметтер қоры). Есепті әртҥрлі 
әдістермен шығару, әрқайсысын сипаттау және сәйкесін таңдап алу. 
Процестер модельдерін электронды кестелер арқылы зерттеу (физикалық, 
биологиялық, экономикалық). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет