60
мазмҧны былай айқындалған:
Ақпарат және ақпараттық моделдеу. Ақпараттық технологиялар.
Қоршаған орта мен адам ӛміріндегі ақпарат. Ақпарат кӛздері.
Ақпаратпен жұмыс: ақпаратты беру, іздеу, ӛзгерту, сақтау.
Қарапайым логикалық формулалар қҧру. Команда, команданы
орындаушы, алгоритм. Қарапайым алгоритмдік мысалдар.
Компьютермен жұмыс. Компьютер - негізгі қҧрал-жабдық.
Техника қауіпсіздігінің ережесі. Тышқан мен клавиатураны қолданып,
ақпараттық нысандармен жҧмыс жасау іскерлігі. Оқу іс-әрекетінде
сандық фото және бейнекӛрініс. Мәтін теру, кӛрініс қҧрау.
Информатика пәнінде сабақты
ұйымдастырудың басты тәсілі ойын
болып табылады. «Ойын» сӛзі курстың атауына кездейсоқ енгізілген жоқ.
Психологтардың дәлелі бойынша, 6-10 жас шамасындағы балалардың
қызметінде ойын бастапқы орында тҧрады. Оқыту – ӛте кҥрделі және жан-
жақты ҥрдіс. Оқыту мҧғалімнің де, оқушылардың да белсенді қызмет
етуін талап етеді. «Ҧстаздық еткен жалықпас» деген қанатты сӛз бар. Бҧған
дейін мҧғалімнің басты міндеті білім беру болса, қазіргі талап – оқушыны
оқу ҥрдісіне тарту, ӛздігінен еңбек ету дағдысын қалыптастыру. Бастауыш
мектепте бірінші орында сабақ беру техникасы, оқу әрекетін
ҧйымдастыру ҥлгілерін табысты ҧйымдастыру ҥшін:
- сабақ эмоцияға толы, оқуға деген қызығушылықты оятып, білімге
деген тҧтынушылықты тәрбиелеу қажет;
- сабақ қарқыны мен ырғағы оңтайлы, мҧғалім мен оқушылардың
әрекеттері аяқталған болуы қажет;
- мҧғалім мен оқушылардың қарым-қатынасында толық байланыс
болып, сабақта педагогикалық ырғақ пен педагогикалық оптимизм
сақталуы тиіс;
- сабақта жайлы жағдай мен белсенді шығармашылық еңбек ету
басымдылық етуі керек;
- мҥмкіндігінше оқушылардың әрекет тҥрлерін ауыстырып отыру
керек, оқытудың алуан тҥрлі әдістері мен тәсілдерін оңтайлы
пайдаланған жӛн;
- сабақ барысында шаршағандық пен қысымды басатын ойындар
оқушыларға әрекет ету ҥлгілерін ауыстыруға мҥмкіндік береді;
- әр ойынның басты мақсаты – сабақта берілген мағлҧматты
тҥсінуге және оны бекітуге кӛмек беруі қажет
Бастауыш мектептегі информатика сабағында қолданылатын сынып- сабақ
жҥйе шартында мҧғалімдер оқытудың келесі әдіс және формаларын табысты
қолданылады, олар оқушының ӛзіндік спецификалық ерекшеліктерін
ескере отырып, нәтижелі оқу ҥрдісін қҧруға мҥмкіндік береді: диалог;
ойын әдістемелері; ақпараттық минуттар; эвристикалық әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: