Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020



Pdf көрінісі
бет7/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92
Байланысты:
ОҚУ ҚҰРАЛЫ Инф оқыту әдістемесі

 
 
1.2 Информатиканы оқытуды реттейтін қҧжаттар 
1. Информатика курсының мазмҧны мен қҧрылымы. 
2. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
мақсаты. 
3. Информатиканы ҥздіксіз оқытудың ҥш кезендік қҧрылымы. 
Информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының құрылымы: 
1. ақпараттық процестер, информаияның берілуі: 

адам ӛмірінде, табиғатта, техникада информацияны пайдалану, 
алу, тарату, тҥрлендіру және сақтау; 

информацияны сандық бағалау, информация мӛлшерінің 
бірліктері; 

тіл информацияны беру тәсілі, информацияның екілік тҥрде 
берілуі және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары; 

компьютердегі командалардың және мәліметтердің берілу 
принциптері; 
2. алгоритмдеу және программалау: 

алгоритмдер, алгоритмнің қасиеттері, алгоритмді атқару арқылы адам 
қызметін автоматтандырудың мҥмкіндіктері; 

шама атауы және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі 
қҧрылымы; 

алгоритмнің негізгі қҧрылымы және оны алгоритм қҧру ҥшін 
пайдалану, алгоритмдер кітапханасы; 

мектептік алгоритмдік тіл (немесе программалау тілі); 
3. компьютер және оны программалық қамтамасыз ету: 
- ЭЕМ жҧмысын басқаруды ҧйымдастыру, компьютердің негізгі 
қҧрылымының жалпы жҧмыс істеу принципі; 
- ЭЕМ де программаның автоматты тҥрде атқарылу принципі; 
- ЭЕМ 
ді программалық қамтамасыз етудің тҥрлері (базалық 


10 
программалық қамтамасыз ету, транслятор, программалау тілдері
инструменталшілер, қолданбалы программалық қамтамасыз ету); 
4. формальдау және модельдеу негіздері: 

формальдаудың негізгі принциптері; 

компьютерлік модель қҧру және оны пайдалану; 
5. ақпараттық технологиялар: 

компьютерде есеп шығару кезеңдері: есептің қойылымы, модель қҧру, 
алгоритм жазу және атқару, нәтижелерді талдау; 

мәтіндік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры, 
электрондық кестелер; 

телекоммуникациялар, әртҥрлі типтегі телекоммуникациялық желілер 
(жергілікті, аймақтық, аумақтық) , оның тағайындалуы мен 
мҥмкіндіктері, электрондық телеконференциялар; 

мультимедиа технологиясы; 
Әрбір мәселені оқыту тереңдігі мен деңгейі, оқушының білімі, 
іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы пән бойынша 
мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалады. Ал материалдың 
жҥйелі баяндалуы, логикасы – мектепке информатиканы оқытудың 
әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мҧғалім, әдіскер, ғалымдардың 
жҧмысы болып есептеледі. 
А.А.Кузнецовтың 
жасаған 
тҧжырымдамасында 
тӛмендегідей 
мәселелер:
1.Пәнді орта буыннан бастап оқыту;
2.Пәнді тереңдетіп оқыту;
3.Пәнді экономика, математика, физика және т.б. басқа пәндермен 
байланыстырып оқыту;
4.Оқыту ҥрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тиімділігін 
анықтай отырып, оқу-тәрбие ҥрдісін ҧйымдастыруды тҥбегейлі қайта қҧру 
және т.б. сипатталады.
Бірақ, тҧжырымдаманың мазмҧнына ҥңіліп қарайтын болсақ, онда 
білім беруді ізгілендіру мен демократияландыруда, саралауда информатика 
курсын оқытудың мазмҧнын, қҧрылымын және әдістерін қайта қҧру мәселесі 
қарастырылмаған.
М.П.Лапчик тҧжырымдамасында информатика пәнін оқытудың 
қҧрылымы мен болашақ осы курстың мҧғалімдерін жоғары оқу орындарында 
даярлаудың ҥлгілері келтірілген.
Бҧл тҧжырымдама бойынша мектепте «ИжЕТН» пәнін оқытудың 
қҧрылымы тӛмендегі кӛрсетілген кезеңдерден тҧрады:
1-кезең. 1-4 сынып оқушыларына информатика курсының алғашқы 
мағлҧматтарын ҥйрету. Мҧнда компьютерлік техникамен жҧмыс жасаудың 
алғашқы мағлҧматтары, ЭЕМ-ның кӛмегімен нысандарды басқару мен 
бейнелеуді ойын тҥрінде ҥйрету, математика, тіл, бейнелеу және т.б. 
пәндермен байланыстыра отырып, қарастырылады.


11 
2-кезең. Негізгі мектептің 5-9 сыныптарында информатика пәнін оқыту. 
Бҧл кезеңнің 5-6 сыныптарында компьютерлік техниканы оқу қҧралы ретінде 
қарастыра отырып, атқарушылармен – Роботпен жҧмыс жасай білуге 
дағдыландыру.7-9 сыныптарда программалау элементтері курсы жҥргізілді. 
Мҧнда информатика курсының қоғамдағы әлеуметтік аспектілері: 
ақпараттарды мемлекеттің қызметтеріне сәйкестендіріп, тҥрлендіру, 
компьютерге қҧқық бҧзушылар тізімін енгізу және т.б. Осы кезенде 
информатика курсын оқытудың негізгі міндеті – бҧл компьютерлік 
техниканы барлық пәндердің оқытылуына пайдалана отырып, оқушылардың 
білімін жҥйелеу.
3-кезең. Орта мектептерде 10-11 сыныптарында «ИжЕТН» пәнін оқыту. 
Бҧл кезеңде оқушыларға жоғарғы дәрежедегі программалау тілдері 
ҥйретіледі. Қоғамның қажеттілігіне байланысты қуатты программалық 
қҧралдары пайдаланылған: экономикада, бизнесте және коммерцияда
мемлекеттік қамсыздандыру жҥйелерінде, әлеуметтік салаларда және т.б.
И.П.Лапчик информатика пәнін оқытудың қҧрылымын ҧсына отырып, 
пәнді 
оқушыларға 
жан-жақты 
меңгерту 
негізінде 
мҧғалімдерден 
тӛмендегідей мәселелерді оқыту барысында жҥзеге асыруды талап етті:
а) қазіргі талапқа сай информатика курсынан терең білімі бар жоғарғы 
дәрежелі маман болу;
ә) жаңа педагогикалық технологияны информатиканы оқытуға 
пайдалану. Бҧл кӛрсетілген талаптар уақыттың ӛзгеруінен туындап отыр.
И.П.Лапчик жасаған тҧжырымдаманың негізгі мақсаты – ол «ИжЕТН» 
пәнін оқытудың тиімділігін арттыру ҥшін ӛз мамандығын терең білетін 
мҧғалімдерді дайындау. Бҧл ӛте орынды кӛтерілген мәселе. Ҧсынылып 
отырған тҧжырымдаманың басқа жоғарыда айтылған тҧжырымдамалардан 
ерекшелігі де осында болып отыр.
Сонымен орта мектепте информатикадан ҥздіксіз білімберу 
мақсатында оны оқыту тӛменгі сатыларға тҥсірілді. 11-жылдық мектепте 
информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жҥзеге асыру ҥш кезеңде қамтиды:
* Бірінші кезең (І-VI) – препедевтикалық. Бҧл кезеңде оқушылардың 
компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым 
компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. 
сабақтарында қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері 
қалыптасады.
* Екінші кезең (VII-IX)- негізгі курс, информатикадан оқушылардың 
міндетті, жалпы білім берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етеді. Ол 
оқушылардың есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін 
меңгеруге, кәсіптік, оқу әдістеріне компьютерді тәртіпті және саналы 
қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
* Үшінші кезең (X-XI)- оқушыларды информатика саласында 
қызығушылығына байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары кӛлем 
бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет