Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020



Pdf көрінісі
бет74/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92
Тапсырмалар:
1. Информатиканың 
негізгі курсында графиктік ақпаратты ӛңдеу 
технологиясы тақырыбын оқып-ҥйренудің дидактикалық мақсаттары 
мен міндеттеріне талдау жасау. 
2. Оқушыларда графиктік ақпаратты ӛңдеу технологиясы тақырыбын оқып-
ҥйрену барысында жалпы интеллектуалды және жалпы оқу іскерліктері 
мен дағдыларын қалпытастырудың шарттары мен дидактикалық 
мҥмкіндіктерін анықтау. 
3. Оқушылардың 
алгоритмдік 
мәдениеттіліктерін 
қалыптастырумен 
байланысты информатиканың негізгі курсының жалпы білімдік 
есептерін шешуде аталған тақырыптың ролі. 
4. Информатика мен басқа пәндердің интеграцияланған сабақтарын 
ҧйымдастыруда графиктік ақпаратты ӛңдеу технологиясы бойынша оқу 
материалдарының дидактикалық мҥмкіндіктеріне талдау жасау.
5. Графиктік ақпаратты ӛңдеу технологиясы, оларды қалыптастыру әдістері 
мен кезеңдеріне байланысты негізгі ББД анықтау.
6. Оқу материалын тақырыптық және сабақ жоспарлауды қҧру. 
7. Графиктік ақпаратпен жҧмыс істеу технологиясын оқытудың оқу мазмҧнын 
қҧрыңыз. 
Зертханалық жҧмыс №10 
«МӘТІНДІ АҚПАРАТТЫ ӚҢДЕУ» БӚЛІМІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
 
Жоспары: 
1. 
Мәтіндік ақпараттарды оқытудың әдістемелік ерекшеліктері 
2. 
Мәтіндік ақпаратты ӛңдеу технологиясы


108 
Әдістемелік нұсқау
 
Мәтіндік редакторларды оқыту әдістемесі 
Қазіргі кезде дербес компьютер қҧжаттар мен мәтінді даярлауда кеңінен 
пайдаланылады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана 
қоймай, қҧжаттарды даярлау ҥрдісінде кӛптеген қосымша мҥмкіндіктер 
береді: 
1) 
Компьютердегі мәтінді тҥзетуге, оған мәтін ҥзінділерін қосуға, мәтін 
арасына жаңа жолдар қосуға, әртҥрлі қҧжаттарды бір-біріне қосуға, 
мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарын экранның ортасына 
келтіруге, қҧжатты сақтап, баспаға қанша данасын болсада шығаруға 
болады.
2) 
Әр тҥрлі қаріптерді, тҥрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық 
символдарды пайдалануға болады.
3) 
Мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен 
қатар мәтіннің ӛзін тҥрлі пішінде орналастыруға болады.
4) 
Қағазға жазылған мәтіндерді, қҧжаттарды сканер арқылы ӛткізіп, 
танымдық бағдарламасының кӛмегімен мәтіндік пішімге келтіруге 
болады.
5) 
Стандартты қҧжаттарды шығарғанда дайын ҥлгілерді пайдалануға 
болады.
Бҧл айтылғандарды жҥзеге асыру ҥшін, мәтіндік редакторы қолданылады. 
Мәтіндік редактор қарапайым мәтіндік қҧжаттарды жасауға пайдаланылады. 
Мәтінмен жҧмыс жасаудың компьютерлік технологияларының теориялық 
негізіне – мәтіндікақпаратты кодтау, мәтіндік қҧжаттарды және файлдарды 
қҧрылымдау мәселелері жатады.
Деректер. Мәтіндік редактор, символдық ақпаратпен жҧмыс жасайды, онда 
қҧрылымның мына формаларын ерекшелеуге болады:

символдар;

сӛздер;

жол; символдар жолы;

абзацтар;

мәтіннің ҥзінділері (блоктар);

файлдар.
Бҧйрықтар жҥйесінде осы қҧрылымдардың әрқайсысымен тҧтастай жҧмыс 
жасайтын бҧйрықтар бар. Символ – символдық ақпараттың ең кіші бірлігі, МР 
ӛңдеуге жататын минимальды объект. Символдар мен амалдар негізінен оларды 
енгізгенде, әр символды тҥзеткенде жҥреді.
Сӛз – оң және сол жағынан бос орынмен (орысш. – пробел) немесе тыныс 
белгілерімен шектелген, символдар жиынтығы; мәтін бойы тез жылжыту, 
ҥзінділерді жою бҧйрықтарында қолданылады. Жол – нҥктелер арасындағы 
символдық ақпараттың ерікті тізбегінің кесіндісі. Символдар жолы – мәтінде бір 
жол алатын деректер, оның ӛлшемі мәтінді пішімдеумен анық сызылады. Абзац 
(нем. absatz – бӛлім, мәтіннің бӛлігі) – бірнеше сӛйлемнен қҧралған жазбаша 


109 
сӛздің кесіндісі. Абзац ойы, тақырыбы, идеясы 110 және сюжеті бірлескен 
мәтінді логикалы бӛліктерге бӛлуге қолданылады.
Абзац әрқашанда жаңа жолдан басталады. Әр абзацқа сол және оң жақ 
шекаралары және бірінші жолдың ығысуы қойылады. Жаңа абзацқа ӛту ҥшін 
міндетті тҥрде пернесін басу қажет. Оң абзацты шегініс (орысш. – 
отступ) – мәтіннің бірінші жолының оң жаққа жылжуы (қызыл жол). Мәтіннің 
ҥзінділері – тізбектелген жолдардың жиынтығы, олармен тҧтастай жҧмыс 
жасауға (жоюға, орнын ауыстыруға, кӛшірме алуға) болады. Файл ҧғымы 
ақпаратты магниттік дискіде сақтау, оқу және жазумен байланысты. Мәтіндік
файлдарды – аты аталған мәтіндік деректер деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет