Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет11/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
 
Халық кеңесі, 
18 сәуір,1992, 2-б.
ЖАТ СӨЗДЕР ЖАҒАДАН АЛА БЕРМЕСІН 
Маңайындағы елден: «Осы жұрт халықаралық терминдер дегеннің не 
екенін біле ме екен?» -деп сұрағың келеді де тұрады. Зиялы қауымның 
біразының оны анық білетіндіктеріне де күмәнім бар. Анық білсе... 
Халықаралық терминдер дегеннің екінші аты-интернационализмдер, 
яғни интернационалдық терминдер(сөздер) немесе интернационалдық 
лексика. Бұлардың мағыналарын ертелі-кеш шыққан лингвистикалық 
сөздіктерден қарап көріп едік, 1996 жылы шыққан І. Кеңесбаев пен Т. 
Жанұзақовтың «Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігінде» 
былай депті: «Интернационалдық лексика- жер жүзі халықтарының бәрі 
білетін, бәріне ортақ сөздер» (73-б.) Дәл сол жылы шыққан О.С. 
Ахманованың «Словарь лингвистических терминов» деген еңбегінде: « 
Интернационализм- слово, принадлежащее к общеэтическому фонду ряда 
языков, близких по происхождению или сходных по
25 


своему историческому развитию», - дейді (180-б.) Ал осылардан он жыл 
кейін шыққан Д.Э. Розенталь мен М.А. Теленкованың «Словарь –
справочник лингвистических терминов» деген анықтамалағында: 
«Интернациональная 
лексика- 
словаобщего 
происхождения, 
существующие во многих языках с одним и тем же значением, но обычно 
оформляемые в соотвествии с фонетическими, морфологическими 
нормами данного языка» (м.,1977. 132-б.), -дегенді айтады. 
Сонда осы пікірлердің қайсысы дұрыс?
Меніңше, халықаралық терминдер дегенді «жер жүзі халықтарының 
бәрі білетін, бәріне ортақ» деу дұрыс болмайтын сияқты. Өйткені 
халықаралық терминдер бар болғаны бір топ тілдерге ғана тән, соларға 
ғана ортақ сөздер. Бұл жағынан жоғарыда келтірілген анықтамалардың 
ішіндегі дәлірегі соңғы Д.Э. Розенталь мен М.А. Теленкованың 
анықтамасы.
«Дәлірегі» деп отырған себебіміз олар «Интернационализмдер 
көптеген тілдерде қолданылады» (существующие во многих языках)депті. 
«Көптеген тілдерде» емес, «бір топ тілдерде» деген дәл келеді. Себебі 
әдетте лингвистикалық әдебиеттерді жиі кездесетін халықаралық 
терминдерді сөздіктерден індете іздестіріп көріп едік, олар тек біраз 
Еуропа тілдері мен түркі тілдеріне ғана ортақ болып шықты. 
Интернационалдық сөздердің Еуропа тілдеріне ортақтығы түсінікті. 
Өйткені олар бір-біріне жақын, туыс тілдер. Ал түркі тілдеріне не жорық?
Біздің ойымызша, түркі тілдерінің Еуропа тілдерімен ортақтығының 
сыры көпшілікке белгілі ғой деп есептейміз. Өйткені ол өз еркімізбен 
таңдап алған ортақтық емес, сырттан күштеп таңылған ортақтық, 
зорлықпен ендірілген ортақтық. Оның үстінде бұл ортақтық әлгі 
терминдердің шығу тегіне қатысты емес, олардың қолданылуына ғана 
қатысты. Шығу тегі жағынан халықаралық терминдер тек грек, латын 
тілдері мен Еуропа тілдерінің біразына,онда да негізінен ағылшын, орыс, 
неміс, француз, италия, испан сияқты дамыған елдердің тілдеріне ғана тән 
сөздер. Халықаралық терминдер, халықаралық сөздер десе болады, елдің 
еуропа тілдерінің сөздеріне жүгіретіні сондықтан. Болмаса халықаралық 
терминдер деп жүргендеріміздің бүкіл дүниежүзі халықтарына ортақтығы 
шамалы.
26 


Бір сәт ойланып көрелікші. Егер халықаралық терминдер бүкіл дүние 
жүзі тілдеріне ғана емес, басқа да Азия, Африка, араб, қытай, жапон, үнді, 
индонезия тілдеріне де ортақ болулары керек еді ғой. Жоқ, олай емес. 
Халықаралық терминдер делініп жүрген газ, йод, цемент, цех деген сияқты 
көптеген сөздерді Шығыс Азия (қытай,жапон,корей, вьетнам) араб, үнді, 
индонезия халықтарының тілдерін кездестіре алмайсың. Бұл тұрғыдан 
алып қарағанда аймаққа ғана тән ортақ сөздер болып шығады. 
Ортақ терминдерінің болуы жағынан Еуропа, Азия тілдерін шартты 
түрде 5 аймаққа бөлуге болады: 1) Еуропа аймағы (Бүкіл еуропа тілдерімен 
бірге ағылшын, орыс тілдері де осы аймаққа кіреді), 2) Орта Азия мен 
Қазақстан, Орта және Шығыс Сібір аймағы (түркі тілдері), 3) Таяу және 
Орта Шығыс Сібір аймағы (араб, парсы тілдері), 4) Шығыс Азия мен 
Қиыр Шығыс аймағы (қытай, жапон, кәріс, вьетнам тілдері), 5)Үнді 
аймағы (Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Индонезия тілдері).
Олардың бұлай бөлінуінде белгілі бір заңдылық бар. Ол заңдылықты 
жағырапиялық жағынан да, экономикалық жағынан да, саяси жағында да, 
тіпті сол топтардағы тілдердің туыстығы, жақындығы жағынан да 
іздестіруге болады. Басқа мәнбірлерді (факторларды) былай қойғанда, ол 
топтағылардың әліпбилерінің ортақ болуының өзі неге тұрады? Айталық, 
бүкіл Батыс Еуропа тілдерінің басын қосып тұрған латын әліпбиі болса, 
Шығыс Еуропа тілдерінің басвн- славян (кириллица) әліпбиі, араб 
халықтарының басын- араб әліпбиі, ал Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс 
халықтарының басын иероглиф, Үнді алабындағы халықтардың басын – 
санскрит (деванагари) қосып тұр. Өздері жағырапиялық жағынан қатар
көрші жатқаннан кейін, аліпбилерінің негізі бір болғаннан соң, олардың 
ортақ терминдерінің болуы заңды да.
Өзіндік төл әліпбилері де жоқ, ортақ терминдері де жоқ жалғыз-ақ 
аймақ, ол-түркі тілдері аймағы. Ата тегі жағынан олар бір-бірінен туыс 
бола тұрса да, сөздік құрамының дамуы мен қалыптасуы жағынан сол 
туыстығынан ажырап қалған тілдер тобы – тағы да осылар. Оның басты 
себебін жағырапиялық орналасуынан,
27 


халықтардың 
өздерінен 
емес, 
тәуелділіктен, 
басыбайлылықтан, 
бодандықтан іздеген жөн.
Бұл айтылғандарға қарап, халықаралық терминдер дегеннің негізі – 
тілдері туыстығы мен жақындығы екен деп қалуға әбден болады. Бір 
қараған кісіге солай екендігі де рас. Оған интернационализм сөздердің 
басым көпшілігі тек еуропа тілдеріне ғана тән екендігін дәлел етіге 
болады. Бірақ теориялық әдебиеттерге қарасақ, «интернационализм болу 
үшін, әлгі ортақ сөздер туыс тілдердің сөздері емес, туыс емес тілдердің 
сөздері болуы керек» деген қағида баса айтылады. Бұл қағида тұрғысынан 
түркі тілдеріне тән ортақ сөздер (конгнаттар-шығу тегі жағынан ортақ 
сөздер) түркі тілдері үшцн интернационализмдер болып табылмайды. Олай 
болса, еуропа тілдеріне ортақ сөздер де еуропа тілдері үшін халықаралық 
сөздер болып табылмауға тиісті ғой. (Шындығында да,туыс тілдердің 
сөздері онсыз да ортақ емес пе? Сондықтан да, олар туыс тілдер деп 
аталынбай ма?.)
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: егер әлгі еуропа сөздері 
еуропа тілі мен еуропа тіліне жайтпайтын (яғни туыстығы жоқ) басқа бір 
тілдерге, мәселен, түркі тілдеріне ортақ болса ғана олар 
интернационализмдер 
болып 
табылады 
екен. 
Көрдіңіздер 
ме, 
интернационализмдер кімнің сөзі болуы керек екендігін және олар кім 
үшін керек екендігін?
Халықаралық сөздер, біріншіден, еуропа тілдерінің сөздері болуы 
керек, екіншіден, олар еуропа тілдері үшін емес, түркі тілдері үшін ғана 
қажет.
Осы мәселеге екінші жағынан қарап көрелікші. Егер білгілі бір тілдің 
сөздері халықаралық термин болуы үшін, ол сөздердің туыс емес тілдерге 
ортақ болуы шарт болса, онда қазіргі еуропалық интернационализмдердің 
ішінде неге ең болмағанда он ақты түркі сөздері жоқ?
Мысалға «базар» сөзін келтірелік. Бұл сөз түп төркіні жағына- парсы 
сөзі. Ол бүкіл араб-парсы, тәжік, ауған, үнді, урду, бенгал,индонезия 
тілдерін, бүкіл түркі, монғол, кавказ тілдерін былай қойғанда, орыс, 
украин, белорус, молдаван, поляк, чех, словак, румын, болгар, серб, хорват 
тілдеріне де ортақ. «Шамадан» (немесе «шабадан») сөзі де дәл осы сияқты. 
Ол да парсы тілінен жоғарыда
28 


аталған тілдердің бәріне және онда аталынбаған – эстон, литван тілдеріне 
де ауысқан. Солай бола тұрса да, бұл екі сөзді интернационалдық сөздерін 
қатарынан таппайсыз. Неге?
Егер халықаралық термин болуы үшін, белгілі бір тілдің сөздері 
бірнеше (кемінде -3-4 тілдерге, онда да туыс емес тілдерге ортақ болуы 
міндетті болса, онда ең алдымен жоғарыдағы «базар» мен «шамадан» 
сөздері интернационализм сөздер болуы керек еді ғой! Жоқ, кең тарай 
берсән, ортақ бола берсін, бәрібір, сіз ол екі сөздің күндіздің өзінде 
қолыңызға шамалып іздесеңіз де халықаралық сөздердің ішінен таба 
алмайсыз. Себебі не?
Себебі біреу ғана. Ол – жоғарыда аталған сөздер шовинизм уымен 
уланған, экономикалық жағынан мықты, күш-қуаты (қару-жарағы) 
жағынан үстем халықтардың сөзі емес. Егер ол сөздер «күшті» 
халықтардың (роман, герман, славян) біреуініңсөзі болса, олар баяғыда-ақ 
интернационалдық сөздер болып шыға келген болар еді.
Бұдан шығатын қорытынды қандай? Қорытынды: халықаралық сөз 
болу үшін, олар ең алдымен еуропа тілдерінің біреуінің сөзі болуы керек 
деген тұжырым. Басқаша айтсақ, кім мықты болса, кім экономикалық 
жағынан күшті болса, солардың сөздері халықаралық термин болып 
табылады.
Біз 
болсақ баяғы мәңгүрттігімізге басып, осы тұжырымды 
мойындаймыз, соған бас ұрамыз. Керек десең, оған табынамыз. Өзіміздің
асылымыздан гөрі олардың жасықтары бізге асылдау, артықтау көрінеді. 
Әйтпесе өз тілімізде Жоғарғы Кеңес, кеңсе, басқарма, әмір, оралман деген 
сөздеріміз 
тұрғанда 
ағылшынның 
парламент,офис, 
француздың 
департамент, мэр, гректің диаспора деген сөздерін қолданып, оларға 
тіліміздің төрінен ойып тұрып орын беріп қояр ма едік?!
Біздің кейбір зиялыларымыз: « Бұлар – халықаралық терминдер. 
Халықаралық терминдерді өзгертпей, аудармай алу керек»,-дейді. Неге 
басқа халықтар солай етпейді? Мәселен, гректің кинема (kinema – 
«движение» ) деген сөзін ағылшындар да, француздар да, италияндықтар 
да дәл осы жерде көрсетілгендей айтады және солай жазады? Ал орыс тілі 
болса бұл сөзді кинема деп емес, кино деп өзгертіп қабылдады. Жоғарыда 
айтылған белгілеріне қарағанда
29 


кинема - интернационалдық сөз. Ендеше, оны неге орыс халқы өзгертпей 
алмады?
Себебі, кинема сөзі (мейлі ол халықаралық сөз болсын) дыбысталуы 
жағынан орыс тілінің заңдылығына сай келе ме, келмей ме, онда 
жұмысымыз жоқ, «коммунизмге тезірек жету үшін», «орыс тіліне 
жылдамырақ көшу үшін», әлгі сөз орыс тілінде қалай алынса, солай «кино» 
деп (ең болмаса «кинө» деп те емес) алғанды дұрыс деп табамыз. 
Осынымыз жөн бе?
Әрине, жөн емес. Бұл сияқты сөздерді «халықаралық терминдер», 
«интернационалдық терминдер» деп, қаншалықты әспеттесек те, жаттың 
аты –жат. Олар тіліміздегі сөздік қордың түрін бұзады, сынын кетіреді. 
Сөйлегенде болсын, жазғанда болсын төл сөздеріміздегі үйлесіп, үндесіп, 
бір сыдырғы айтылып келе жатқан дыбыстардың тіркесіне іріткі түсіріп, 
күйісінен жаңылған малдай мәңгіріп қалатын кездеріміз жиі байқалады. 
Оған кінәлі- тіліміздегі жат сөздер, жат сөздердегі жат дыбыстар. «Жат 
сөздерді тілімізге сол күйінде қаптата беріге болмайды» дегенді айтқанда, 
біз, міне, олардың осы сияқты ерекшеліктерін еске алып отырмыз.
Хош! Халықаралық терминдерді тілімізге осы қазіргі кезде алып 
жүргеніміздей алуға болмайды екен. Ендеше, оларды тілімізге қалай 
аламыз? Әлде олардын мүлде беземіз бе? – деп, менен сұрауларыңыз 
әбден мүмкін ғой. Жауап берейін: Жоқ, олардан безуге болмайды, 
безбейміз бе.
Осыдан біраз бұрыңғы бір мақаламызда біз халықаралық терминдерді 
алудың 4 түрлі жолын көрсеткен едік («Ана тілі», мамырдың 21-і, 1992). 
Сол төрт түрлі жолды осы жерде де көрсете кеткеніміз артық болмас. 
Оның біріншісі – әлгі интернационалдық сөздердің қазақ тіліндегі 
баламасын көрсету. Мыс., ангина-баспа, кредит – несие, бартер –баспабас, 
брокер – делдал, спонсор –демеуші, таможня – кеден, финансы – қаржы, 
фонд – қор, т.б. екіншісі –халықаралық сөздерді калька жолымен тікелей 
аудару: пятилетка –бесжылдық, множитель – көбейткіш, производство- 
өндіріс, колхоз – ұжымшар, совхоз – кеңшар, т.б. Үшіншісі – халықаралық 
терминдердің орнына қолдан (жаңадан) сөз жасау: аэровокзал-әуәжай, 
самолет–ұшақ, вертолет – тікұшақ, герб – елтаңба,
30 


концепция-тұжырымдама, программа-бағдарлама, цивилизация –өркениет, 
т.б. Төртінші – халықаралық терминдердің өзін алу.
Бірақ бұрыңғыдай ешбір өзгеріске түспеген қалпында емес, дыбыстық 
жағынан тіліміздің заңдылығына сай өзгеріске түскен қалпында алу. 
Мұндай өзгерістің екі түрі бар. Біреуі – сөз сәл ғана өзгереді. Мыс., 
бензин- бензін, миллион- милион, театр- тиатыр, билет- белет, журнал- 
жұрнал, карта- қарта, трамвай – тырамбай, рельс- реліс, т.б. Екіншісі –олар 
дыбыстық жағынан кәдімгідей өзгеріске түседі. Мыс., автор- аптыр, 
слесарь- сілесір, режиссер – режисер, спектакль – іспектәкіл, циркуль –
серкүл, т.б.
Бұл, әрине шет тілінен келген сқз болса болды, олардың бәрін өзгерте 
бері керек деген сөз емес. Дыбысталуы жағынан, әріптерінің тіркесуі 
жағынан қазақ тілінің заңдылығына қайшы келмейтін халықаралық 
терминдер болса, оларды сол күйінде ала беруге болады. Неге болмасын! 
Мыс., опера, балет, ария, кит, машина, депутат, ром, роман, радар, палата, 
партия, сорт, сода, т.б.
Сонымен, халықаралық терминдер дегеніміз не болды?
Халықаралық терминдер деп- бір топ тілдерге ортақ (қандай тілдерге 
ортақ екендігін жоғарыда айттық), мағынасы жағынан бірдей немесе бір-
біріне өте жақын сөздерді айтамыз. Бұл тезиспен ешкімнің таласа қоймасы 
анық. Бірақ, ортақтықтың да ортақтығы бар ғой. Әңгіме сол ортақтықтың 
немен айшықталатындығында. Айталық, халықаралық термин деп 
айтылуы (орфоэпия) мен жазылуы (орфография) жағынан бір-біріне жақын 
немесе ұқсас сөздерді айтамыз ба, жоқ, әлде айтылуы мен дыбысталуы 
жағынан да бірдей сөздерді айтамыз ба?
Дүние жүзі халықтарының бәрі интернационализмдер деп бірінші 
көзқарасты жақтайды. Тек қазақ оқығандарды ғана халықаралық 
терминдер деп – айтылуы жағынан да, жазылуы жағынан да бірдей 
сөздерді түсінеді, солай деп қабылдайды. Сондықтан да олар: 
«Халықаралық сөздерге тиіспеу керек», «Оларды аударуға болмайды», 
«Халықаралық сөздер орыс тілінде қалай айтылса, солай айтылу керек, сол 
тілде қалай жазылса, солай жазылу керек»,- деп біржақты байымдайды.
Бұл не? Елден ерекше болатындай, біздің басқаларын көп 
білетіндігімізден бе, жоқ, керісінше, білімсіздігімізден бе? Мүмкін 
31 


 мұнымыз шаш ал десе, бас алатын немесе»асыра сілтеу болмасын, аша 
тұяқ қалмасын» дейтін қазаққа тән ауруымыздан шығар. Әлде әсіре 
интернационалдығымыздан болар? Қалай да біздің халықаралық сөздер 
жөнінде жалған пайымдауға теріс жол,а түсіп кеткеніміз аян.
Академик 
В.В. Виноградовтың айтуына қарағанда екінші 
дүниежүзілік соғысқа дейінгі орыс тіліндегі интернационалдық сөздердің 
саны 100мыңнан асады екен ( РЯВШ, 1940, №3-5). Қазіргі кезге дейін 
олардың саны қаншаға өсті десеңізші? Кейіннен қосылғандарын былай 
қойғанда сол 100 мың интернационалдық сөздердің 7-8 мыңдайы 
ағылшын, орыс, неміс, француз тілдеріне ортақ сөздер екен.
Ал осы ортақ интернационализмдердің ішіндегі грек, латын 
сөздерінің саны қанша дейсіздер ғой. Олардың саны -1151 сөз (Қараңыз: 
В.Вү Акуленко, «Вопросы интернационализации словарного состава 
языка». Харьков, 1972, 65-б)
Егер біздің кейбір ғылымдарымыз айтып жүргендей: «тіліміздегі 
интернационалдық сөздерді орыс тілінде қалай айтып, қалай жазып жүрсе, 
біз де солай айтып, солай жазуымыз керек дейтін болсақ, онда жоғарыдағы 
В.В. Виноградов айтқан 100 мың интернационализмдердің бәрін біз солай 
жазуға тиістіміз. Өйткені олардың бәрі біздің тілімізге солайымен еніп, 
соламайымен қолданылып келе жатқаны баршамызға белгілі (Қараңыз: 
Ә.Қайдаров, «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас». Алматы. 1993, 
27-б.). 
Бір қараған кісі: «Онда тұрған не бар? Интернационалдық сөздерді 
орыстар қалай айтып, қалай жазса, біз де солай айтып, солай жазсақ, одан 
біздің ештеңеміз кетпейді», - деуі мүмкін. Солай болсын-ақ делік. Бірақ он 
томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (1974-1986) небәрі 60-ақ мың 
тқл сөздеріміздің бар екендігін ескерсек, соның үстіне В.В.Виноградов 
айтқан 100 мың интернационалдық сөздерді қоссақ, сонда қазақ тілі не 
болып шығады? 
Құдай оның бетін ары қылсын. Егер олай еткен болсақ, қазақ тілі 
қойыртпақтың қойыртпағы болып шығатыны анық.
Қысқасы, біз халықаралық терминдер жөнінде жақсылап адастық. 
Бізді шовинистік пиғыл шындап тұрып адастырды. Еліміз де, тіліміз де 
егемендік алғаннан кейінгі жерде бізге ары қарай адаса беруге
32 


болмайды. Тіліміздегі жіберіп алған қателіктерімізді түзеп, оны өзінің 
негізгі арнасына түсіре алмасақ, кейінгі ұрпақ бізді кешірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет