Ана тілі,
21 мамыр, 1992 ж.
«ЖАНҰЯ» ЕМЕС, «ОТБАСЫ»
Бұл мақаланы жазуға және оған бұлай деп ат қоюымызға «Алматы
ақшамы» газетінің ақпанның 23-і күнгі (1991 жыл) нөмірінде жарияланған
Ш.Дәрмағамбетұлының «Жанұяда- жылылық» деген мақаласы себеп
болды. Дәлірек айтсақ, себепші мақаланың мазмұны емес, оның аты, яғни
«жанұя» деген сөзі.Бұл сөз- бұрын бәріміз «семья» деп қолданып келген
орыс сөзінің қазақша баламасы.
«Семья» сөзін мемлекеттік терминология комиссиясы 1990 жылғы
мамырдың 3-інде «отбасы» деп бекіткен болатын. Қолданысқа: көп түсе
қоймаған соң, оны 1992 жылғы наурыздың 12-сінде «отбасы» деп екінші
рет бекітті (сол күндердегі «Егеменді Қазақстан» газетіне қараңыз). Содан
бері де біраз уақыт өтті. Бірақ кей басылымдар бұл сөздерді әлі күнге дейін
өз беттерімен қолданып келеді. Оны жалғыз «Алматы ақшамынан» ғана
емес, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Халық кеңесі», «Қазақстан
мұғалімі», т.б газеттерінен де кездестіруге болады. Сондықтан болу керек,
жазушы Қастек Баянбаев «Егемен Қазақстанның» бетінде
18
(1992 жыл, желтоқсанның 5-і): «Семья сөзінің
шаңырақ, отбасы, үй
іші
дейтін баламалары тұрғанда,
жанұя
деп бүйректен сирақ шығару
халқымыздан ұят емес пе?» - деп те жазды. Өкінішке орай, «отбасының»
орнына «жанұя» немесе «үйелмен» деп жазу әлі күнге дейін тоқталған жоқ.
«Бұларыңыз қалай?» деп әлгі сөздің иелерінен сұрай қалсаңыз, «бізге осы
сөз ұнайды», «отбасыға қарағанда жанұя дұрыс» деп жауап береді.
Егер «маған ұнайды», болмаса «біздіңше, осы дұрыс» деген ұстаным
(принцип) тұрғысынан қарайтын болсақ, онда осы жолдардың иесіне
жоғарғылардың екеуі де емес, үшінші бір сөз, атап айтсақ – «үй іші» сөзі
ұнайды. Төртінші адамға «түтін» сөзі, бесінші-алтыншы адамдарға
шаңырақ, түндік, отау
сөздерінің бірі ұнауы мүмкін. Тіпті «Бұл қазақша
баламалардың бәрінің де керегі жоқ, өзімізге үйреншікті болып кеткен
семья
өзі дұрыс», - деушілер де табылып қалады.
Сонда қалай болған? Бір ғана ұғымды әрқайсысымыз әртүрлі сөзбен
айта береміз бе? Олай етсек, онсыз да шатқаяқтап тұрған байғұс қазақ
тілінің күйі не болмақшы?
Мемлекеттік терминология комиссиясының мәртебесі бойынша,
бекіткен терминдер «маған ұнайды», «ұнамайды» деген сияқты ары-бері
бұра тартуға жатпауға тиісті.Терминком бекіткен соң, ол жеке адамдарға
ұнасын-ұнамасын, біз оны сол бекіткен күйінде қолдануға, пайдалануға
тиістіміз. Терминкомның терминкомдығы да сонда. Әйтпесе әркім әр
жаққа тартып, белгілі бір тұрақты пікірге келе алмай, әрі-сәрі күй кешсек,
тілімізді бейберекет күйге түсіретініміз анық.
Біз егер шын мәнінде демократиялы ел боамыз десек, онда ең
алдымен заңға бағынып, оны құрметтей білуді үйренгеніміз жөн. Заң
бойынша (терминкомның бекітуі бойынша) «семья» сөзі «отбасы» деп
қолданылуы керек екен, ендеше бәріміз де оны солай қолдануға
міндеттіміз. Өкінішке орай, бізде әр уақыт ондай тәртіптілік «заңды
мойындаушылық) жетісе бермейді. Тәртіптілік, мәдениеттілік болса,
жоғарыда айтылған «жанұя», «үйелмен» сөздері газет-журналдарымызды
былай қойғанда, жаңадан шығып жатқан оқулықтарымыздың ішіне де еніп
кетер ме еді?!
19
Мұндай жағдайға тап болуымызға кейде көпшіліктің заңды білмеуі
немесе оны құрметтей алмауы ғана емес, сонымен бірге сол заңды
шығарушылардың өздері де белгілі дәрежеде кінәлі сияқты. Неге десеңіз,
әрбір шыққан заң өміршең болу үшін, ол ең алдымен халықтың талқысына
түсіп, көпшіліктің сүзгісінен өтуге тиісті. Сөйтіп, әлгі заң қабылданғанға
дейін, оның қайнауын әбден келістіріп, пісуін жетілдіріп алған дұрыс.
Сонда ғана ол заң төрт аяғымен тең басып тұра алады, ешбір кедергісіз іске
асып кете алады.
Осы жерде бір мысал келтіре кеткен артық болмас деп ойлаймын.
1992 жылы наурыздың 12-сі күні мемлекеттік терминология комиссиясы
«гимн» сөзін «әнұран» деп бекітті. Халық тілімізге тағы бір жаңа сөз
қосылды деп қуанып қалды. Бірақ бұл қуаныш онша ұзаққа созылған жоқ.
Көп ұзамай «Қазақ әдебиеті» газетінң бетінде (1992 жыл, тамыздың 14-і)
бір топ ақын-жазушылардың Қазақстан Республикасы Жоғарға Кеңесінің
төрағасына арналған ашық хаты жарияланды. Онда: «Гимн сөзін
Достарыңызбен бөлісу: |