орнына «тәнтану» сөзін қойып оқысақ, онда бұл анықтама түсініксіз бола
ма?! Көзі қарақты оқырманның «жоқ» дері анық.
Осы арада тағы бір айтарым: маған және мен сияқты қазақтың
ғылыми төл терминдерін жасауды армандап, сол жолда тер төгіп жүрген
адамдарға түсініксіз бір нәрсе бар. Ол – «тәнтану» сияқты бірлі-жарым
қазақша терминдер жасала қалса, неге олар «түсініксіз», «қолдан
жасалған», «маңызы көмескі», «жұрт қабылдамайтын» сөз болып шығады
да, ал грек, латын, орыс сөздерін айтылуын да, жазылуын да ешбір
өзгертпей қазақ тіліне Халел Досмұхамедұлының сөзімен айтқанда
соламайымен қопара салсақ, ондайлар «өте түсінікті», «жұртқа мәлім»,
«тарихи кең мағыналы», «ел қабылдайтын» термин бола қалады?!
Ылғи да шетке жүгіне, жүгіре бермей өзімізде бар сөздерді біртіндеп
тілімізге кірістіре берсек несі ерсі?! Бұрынғысын қайдам, бүгін жарасым
тапқан жақсы сөздерге жанашырлық көрсету парыз. Әрине дәл баламасы
жоқ сөздер туралы әңгіме басқа. Ал, көзге де, көңілге де қонымдысынан
үрке бермей, оларды жас ұрпаққа үйретсек, ұтпасақ ұтылмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: