апрель, хлопачатник,
кабачок, каперцы
сөздерінің қазақша баламалары тілімізде бұрын
көкек,
мақта, қауақша (қабақша), кеуел
сөздерімен берілетін еді. Терминком
кейіннен осы орысша төрт сөзге балама ретінде
сәуір, қоза, кәді, киеуіл
деп
бекітті. Бұл сөздердің тіліміздегі қолданысына, мағыналарына жүгінсек,
«қоза» деп – мақта өсімдігінің өзін емес, сол өсімдіктің жаңа өсіп келе
жатқан жас өркенін немесе оның сабағын айтады (Ол кейде «қозапая» деп
те аталына береді). «Кәді» сөзі асқабақ өсімдігінің жергілікті атауы.
«Сәуір» болса, ол көкек (апрель) айынның арабша аты. Ал «киеуіл» деген
сөз тілімізде мүлде ұшыраспайтын жаңа қолданыс.
Бұл айтылғандарға керісінше, о баста «эквивалент» созінің аудармасы
ретінде қолданылып жүрген «балама» сөзі терминком бекіткеннен кейін
«альтернатива» сөзінің қазақшасы болып шықты. «Куәлік» сөзі де дәл
осындай. Ол бұрын «свидетельство» сөзінің баламасы болатын.
Терминкомның кезекті бекітуінен
кейін «куәлік» сөзі «удостоверениенің»
баламасы болды.
Терминкомның жұмысындағы тағы бір кемшілік – ол кейде термин
емес сөздерді де термин ретінде бекітіп жіберді. Мәселен, терминком
анисон, берденец, ждире
деген үш атауы бар бір өсімдікке «балбырауын»
деген қазақша балама ұсыныпты. Балама негізінен дұрыс. Бірақ
жоғарғыдай үш сөздің ешқайсысы да орыс тілінде жоқ. Терминком
бекіткен
зельц
(ауыл шар.),
подсед
(мамық шөп) терминдері де осы
тәріздес. Бұл сөздерінің ешқайсысын біз сөздіктерден іздеп таба алмадық.
Бұлар – орыс тілінде жоқ сөздер, ал егер бола қалса, онда олар өте сирек
айтылатын болу керек. Мұндай термин емес сөздерді бекітудің қажеті
шамалы деп ойлаймыз.
Орыс тіліндегі белгілі бір терминнің қазақша баламасы ретінде
терминком кейде екі сөзді қатар береді. Оның бірі – орысша, екіншісі –
қазақша. Мысалы, аудитория –
аудитория, дәрісхана
; логика –
логика,
қисын
; рынок –
базар
; статус –
статус, мәртебе
т.б. Бұлай етуге әрине
болмайды. Өйткені қазіргі заман адамдарының көзі де, қолы да (ауыз да)
орысша атауларға әбден үйреніп кеткен. Бірі орысша, екіншісі қазақша екі
сөз қатар тұрса, олар, сөз жоқ, оның орысша сыңарын ғана алып, көбіне
тек соны ғана пайдаланады. Ал ол
11
терминнің қазақша сыңары жұртта қалыр қояды. Бүйтіп термин бекітілді
деп марқайғанша оның бекітілмей-ақ қойғанының өзі артық.
Бұған мысал ретінде «семья» сөзін келтіруге болады. Ол сөзге
терминком «семья» және «отбасы» деген (бірі – орысша, екіншісі –
қазақша) екі сөзді бекіткен еді. Алғашында бұл екеуі жарыса қолданылып
жүрді де, кейіннен олар жайына қалды, Қазір олардың орнына терминком
бекітпеген
жанұя, үйелмен, үй-іші, түтін, шаңырақ, әулет, түндік
деген
сияқты толып жатқан жарыспалы сөздерді қолдана бастады. Бұл, әрине,
жақсылыұтың нышаны емес.
Терминком бекіткен терминдердің тағы бір тобының да қазақша
баламалары екі сөзден тұрады. Бірақ ол баламалардың жоғарыда
айтылғандай бірі – орысша, екіншісі – қазақша емес, екі сыңары да
қазақша. Мысалы: информация –
хабарлама, ақпар,
цитадель –
рабат,
қамал,
эпоха –
дәуір, заман,
юбилей –
мерейтой, мүшелтой
т.б. Біздің
ойымызша, бұлай етіп бекітуге де болмайтын сияқты. Өйткені бұл тәсілдің
терминнің тұрақтануына тигізер зияны өте мол. Оның үстіне терминнің
терминдік қасиеті де оның бір нұсқалығында емес пе еді?
Қысқасы, тізе берсек терминком бекіткен терминдерден бұл сияқты
кемшіліктерді әлі де көптеп табуға болады. Біздің мақсатымыз – ондай
кемшіліктерді іздеп табу емес, мақсатымыз – терминком сияқты
мемлекеттік дәрежедегі беделді органның атағына нұқсан келмес үшін,
оның жұмысында ешқандай кінәраттың болмауы. Жоғарыдағы
кемшіліктерді біз тек осы тұрғыдан ғана айтып отырмыз.
Сонымен, тіліміздегі терминдердің 70-80 пйызы орысша екен.
Қазақша делінгендірінің біразы әлі күнге дейін бірізге түспей, жарыса
қолданылып жүрген сиқы бар.
Енді не істеуіміз керек?
Ол үшін, ең алдымен, мынадай алты түрлі істі қолға алғанымыз жөн
сияқты.
1.
Терминком терминологиялық комиссия емес, мүмкін
терминологиялық комитет болып қайта құрылуы жөн болар. Бұл ойды
айтып отырған бір біз ғана емес, оны бізге дейін проф. Т.Кәкішев пен
жазушы С.Балғабаев та «Ана тілі» газетінің бетінде айтқан болатын.
Аталған комитетке Республикалық «Қазақ тілі» қоғамын, Мемлекеттік
ономастикалық комиссияны да біріктіруге болар еді. Мүмкін ол
комитеттің аты жоғарғы әріптестер ұсынғандай «Тіл
12
жөніндегі мемлекеттік комитет» деп аталар, мүмкін басқа болар. Мәселе
атында емес, затында. Қалай болған күнде де комитеттің өз мәртебесі, өз
қаржысы, өзінің арнайы іріктеліп алынған тұрақты қызметкерлері, отырар
белгілі орны болуы керек. Мүмкін қызметкерлерінің саны тым көп болмас,
әйтеуір онда әр ғылым саласынан бір-бір білікті маман болуы шарт. Сонда
ғана ол комитет қазақ терминологиясын тіліміздегі Қазақстан
Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес дамытудың мемлекеттік
бағдарламарын ойдағыдай жүзеге асыра алар еді.
2.
Қазақ республикасы Ғылым академиясының барлық
институттарында, барлық ғылыми мекемелерде тек қана ғылыми
терминдерді зерттеумен шұғылданып бір-бір терминшінің мамандығы
штаттық кестеде көрсетілуге тиіс. Аталған қызметтің 5-10 жыл ғана емес,
үнемі, яғни әлгі ғылым саласы қанша жыл өмір сүрсе, оның да сонша жыл
өмір сүруі міндетті және де ондай терминшінің терминнен басқа
жұмысының болмағаны жөн. Біз әлгіндей тұрақты терминшінің міндеті
деп – өз өмірін бағыштаған гылымға қатысы бар барлық терминдерді
жинау, реттеу, жүйелеу, олардың ескіргендері болса, күнделікті
қолданыстан шығарып тастап, жаңаларын жасап, оларды терминкомға
бекіттіріп отыру және терминологиялық сөздіктер түзіп, оларды бастырып
отыру дегендерді айтқан болар едік. Сонда ғана біз белгілі бір ғылым
саласына қатысты терминдерді жетілдіре аламыз, олардың дамуына,
қалыптасуына, тұрақтануына игі әсер ете аламыз.
3.
Терминкомның тек термин сөздерді ғана жаңа олардың тек
қазақша
баламалары барларын ғана бекітіп отырғаны жөн. Ал термин емес сөздер
мен қазақша баламалары жоқ терминдері терминком бекітпесе де болады.
Өйткені ондай орысша терминдер тілімізде онсыз д сол қалпында
қолданылып жүрген жоқ па.
4.
Мейлі бірі орысша, екіншісі қазақша болсын немесе екі сыңары да
қазақша болсын, бәрібір, әйтеуір бір ұғымды білдіретін орысша бір
терминге екі түрлі балама ұсынуға болмайды. Өйткені, мұның яғни екі
түрлі балама ұсынудың терминдерді тұрақтандыруға зияны көп. Ондай
жарыспалы терминдерді қолданушылар бірде ана түрпетін (вариантын),
бірде мына түрпетін пайдалану арқылы әлгі терминдердің тұрақтануына
кесірін тигізеді.
13
5.
Қазақша жаңа терминдерді қолданғанда кім болмасын әлгі
терминдер әбден қалыптасып, елдің бәріне түсінікті болып кеткенше, оның
орысша мәнін жақша ішіне қатар беріп отырған абзал. Ол арқылы біз
терминдердің орысша қай сөздің баламасы екенін айқындаймыз және оның
дұрыс қалыптасуына жәрдемдесеміз.
6.
Терминком өзі бекіткен терминдердің дұрыс қолданылуына әр
уақыт бақылау жасап отыруы керек. Әйтпесе әркім өз еркімен, кетсе,
бекіткен терминдермен де, терминкомнан да еш қадір-қасиет қалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |