Байжанова А. Н. «Фотограмметрия және қашықтан аймақтау» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021


Практикалық сабақ 4. Фототрансформациялық қатарды құру



бет7/22
Дата04.03.2023
өлшемі0,72 Mb.
#71549
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Фотограм практика

Практикалық сабақ 4. Фототрансформациялық қатарды құру

4.1. Трансформациялау әдістерінің мақсаты мен принципі.


4.2.Фототрансформациялаудың геометриялық қасиеті.
4.3. Трансформациялау әдістері.

1.Трансформациялау әдістерінің мақсаты мен принципі.


Суреттерді трансформациялау – еркін масштабтағы еңіс суретін
бекітілген масштабтағы горизонтальды суретке түрлендіру.
Сурет – ол ортаңғы (центральная) проекция, ал топографиялық карта
ол ортогональды контурлардың проекция. Соған байланысты
суреттегі орналасуы бекітілген масштабтағы топографиялықкартада контурларының орналасуына қатысты болады.Трансформациялау принципі ол сурет бойынша жобаланатын сәулелер түйінін түсіріс кезіндегі АФА алынған сәулелер түйініне қайта келтіріп соның көмегімен суреттегі бейнелерді горизонтальды жазықтыққа жобалау болып келеді.

2.Фототрансформациялаудың геометриялық қасиеті


P еңіс фотосуретте жергілікті жердің Т жазық горизонтальды участкесінің бейнесі алынған. a және b нүктелері А және В нүктелерінің бейнесі. Фотосурет P жергілікті жерді суретке түсіру моментіндегі жағдайға қатысты орналасады. Яғни P және Т жазықтықтары арасында перспективті қатынас болады. Егер түйін сәулелерін Е экранмен параллельді Т жазықтығымен қиятын болса, онда перспективті қатынас тек Р және Т жазықытқтарымен ғана емес ал фотосуретпен Р экран Е жазықтығы арасында да болады. Сондықтан жобаланған түйін сәулелері экранды қиып өтіп горизонтальды фотосуретке қатысты бейнені құрады. Трансформацияланып алынған бейнелердің масштабы S проекция центрінен экраннын Е алыстауына Z байланысты болады. Z – S проекция центрінен Е трансформациялау жазықтығына дейінгі ара қашықытық Н – суретке түсіру биіктігі; t – трансформацияланған бейненің бөлінді масштабы.

3. Трансформациялау әдістері


1.Аналитикалық әдіс.
Бұрыштар еңісінің әсеріне түзетулер еңгізуге және анықтауға мүмкіндік береді яғни еңіс суретіңде өшенген координаталардан гоизонтальды суреттегі координаталарға өту. Аналитикалық трансформациялауда есептерді шешуде еңіс суретіңде координаталарды өлшеу үшін стерекомпаратор қажет. Есептеген өңдеу айырмашылықтарын ЭВМ де қолданып орындайды. Егер сыртқы бағдарлау элементтері белгісіз болса, онда трансформациялауды тірек нүктелері бойынша орындауға болады. Суреттерді трансформациялау үшін тірек нүктеерінің саның анықтау үшін еңіс суретіне формулаларды қолданады.Бір тірек нүктесі екі теңдеу және сегіз бегісізді құруға мүмкіндік береді. Трансформацияаудың элементтерін анықтау үшін кем дегенде төрт тірек нүктесі болуы тиіс.

2.Графикалық әдіс.


Перспективті суретте негізгі нүктелерді және сурет сызығын анықтайды. Ватманда квадраттар торын сызады және сол квадраттар қатынасыменсуреттегі бейнелерді планшетке көшіреді.

3. Фотомеханикалық әдіс.


Суреттерді трансформациялау фототрансформатордың көмегімен орындалады. Сурет еңісіндегі бейнелерді объектив арқылы жобалап
бейнелерді горизонтальды суретке қатысты экранда аспапты сол жағдайға
келтіреді. Экранда алынған бейнелерді фотоқағазда фиксацияланады және
химиялық өңдеуден кейін трансформацияланған горизонтальды сурет алынады. Фотомеханикалық трансформациялауды фототрансформаторда орындау. Трансформациялау үшін суретте бейнеленген төрт тірек нүктелерінің координаталары белгілі болуы керек. Төрт тірек нүктелері еңгізілген планшетті экранға 1 орнатады. Кассетаға орнатылған суреттін негативін планшетке жобалап бейненің масштабын өзгертіп экран мен негативті бұрып планшеттегі нүктелермен негативтегі нүктелерді біріктіреді.
Фототрансформатордың I және IIтүрі болады. Фототрансформатордың I түрінде трансформациялау суретке түсіру моментінде жобаланған сәулелер түйінің сақтап орындалады. Сәулелер таралмайды себебі бейнелерді үлкейтіп жобалайтын объективті үлкейту қажет. Сондықтан II түрлі фототрансформаторды қолданады. Себебі оның объективінің фокустық ара қашықтығы тұрақты және АФА фокустық ара қашықтығына тең емес болады.
II түрлі аспапта трансформациялау сәуле түйінін түрлендіріп құруын шешеді.

4. Оптикалық әдіс.


Горизонтальды суретке қатысты бейнелер планшетке сурет еңісін оптикалық жобалау жолымен алынады. Бұл бейнелердің детальдары картада бейнеленіп шартты белгілермен сызылады

5. Оптика – графикалық әдіс.


Трансформациялық әдіс әр түрлі конструкциялы
оптикалық проекцияларды қолдануда негізделген. Бейнелерді трансформациялау құрылатын планның негізіне (планшетке) жобаланады ал элементтер шартты белгілермен сызылады.

6. Компьютерлік әдіс


Цифрлық трансформациялауда 1. бастапқы сурет цифрлық болады немесе аналогты суретті сканерден өткізеді. 2. Рельефтің сандық модельі болады. 3. Суреттіңішкі және сыртқы бағдарлау элементтерінің мағынасы. 4. цифрлық бейнелердің координата жүйесінде суреттің ішкі бағдарлау элементтерінің параметрлері болады.
Қазіргі кезде суреттерді трансформациялауда жергілікті жердіңсандық модельі биіктік матрица түрінде қолданылады. Ол жергілікті жердің квадраттар торын көрсетеді. Оның жақтары 0XYZ координата жүйесінде X және Y осьтеріне параллельді болады. Осы әдістердің әр біреуі берілген мәліметтерге трансформациялаудың 2 жағдайымен айырады:
1)сыртқыбағдарлауэлементтерімен
2)тірек нүктелерімен байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Трансформациялау деген не?
2. Трансформациялаудың неше шарты бар?
3. Оптикалық трансформациялау шарттары.
4. Трансформациялау әдістері.
5. Трансформациялаудың геометриялық шарттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет