Байжанова А. Н. «Фотограмметрия және қашықтан аймақтау» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021


Практикалық сабақ 8. Геоботаникалық және топырақтық дешифрлеудің эталондық аэро-космостық суреттерді оқып білу



бет10/22
Дата04.03.2023
өлшемі0,72 Mb.
#71549
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Фотограм практика

Практикалық сабақ 8. Геоботаникалық және топырақтық дешифрлеудің эталондық аэро-космостық суреттерді оқып білу

Аэросуреттерді дешифрлеу дегеніміз ол аэрофотосуреттердің бейнесін зертеп тану арқылы сондағы жеке объектілердің, жер беті элементтерін, олардың сандық пен сапалық қасиеттерін, сипаттамаларын анықтау. Бұл жұмыстар инженерлік ғимараттарды жобалау мен пайдалану кезіндегі техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне әсер тигізетін барлық топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық және басқа да элементтер жинауға көмектеседі. Оооооооооооооооооооооооооооооооооооо


Дешифрлеудің топографиялық және арнаулы түрлері бар. Топографиялық дешифрлеуде жер бетінің ситуациялық жағдайлары мен жер бедері сипатталары, ал арнаулы дешифрлеуде оларға қосымша шаруашылықтық түрлі арнаулы мақсаттарын шешуге қажет жер беті объектілердің және оның элементтерін сипаттайды.
Фотосуреттерді дешифрлеудің нәтижесінде инженерлік құрылысты жобалау аумағындағы қалыптасқан табиғи жағдайларды олардың құрылыстық негізгі көрсеткіштеріне тигезер әсірлерін анықтайды. Дешифрлеу жұмыстарын арнаулы даярланған мамандар жүргізеді.Көптеген ауылшаруашылық дақылдарды тура дешифрлеу белгілері арқылы, əсіресе, структуралық сипаттамалары жақын дақылдарды, ірі масштабты аэрофотосуреттер болғанжағдайда да ажырату қиын. Түрлі-түсті суреттерді көзбен шолып талдауда оның дұрыстығы артады. Егер спектралдық жəне текстуралық белгілер қатар қолданылса, дақылдарды ірі масштабты аэрофотосуреттерден тану дұрыстығы артады. Суретке түсірумасштабы кішірейген сайын өсімдіктердің структуралық белгілері төмендей береді, солсебепті майда масштабты аэро жəне ғарыш суреттерінде негізгі белгі болып түр-түсіқалады. Таза ауыз су жəне тұщы жер асты суларын іздестіру ауылшаруашылық өндірістеүлкен маңызы бар, əсіресе, оңтүстік аудандарда отарлы мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде. Топырақтың құнарлы қабаты жарым-жартылай немесе толығымен зақымдалған территорияларды бүлінген жерлер қатарына жатқызады. Көбінесе бүліну адамның өндірістік қызметінің салдарынан болады, мысалы, қазба байлықтарын өндіру карьерлерін өңдеуде, жол, құбыр жəне каналдар салу жəне т. б. жұмыстарда. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру деп бүлінген жерлерді шаруашылық пайдалануға жарамды ету үшін қолданылатын техникалық, инженерлік, мелиоративтік жəне басқа да жұмыстардың жиынтығын айтады. Бұл жұмыстардың міндетін жəне көлемін анықтауүшін жоба-ізденіс жұмыстарын алдын-ала орындайды. Оның мақсаты техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, қалпына келтіру бағытын жəне пайдалылығын, тегістеу жұмысының көлемін жəне сипаттамасын анықтау. Жұмыс жүргізу нəтижесінде бүлінген участкені кешендік қалпына келтірудің техникалық жобасын дайындайды. Кез келген уақытта қолданылуы мүмкін жəне ең тез жəне арзан тəсіл қашықтан бақылау тəсілі. Шолушы жеткілікті дəлдікпен егіс алқаптарын жəне олардың аудандарын анықтай алады, əсіресе, жинау жұмыстарының сапасын жəне жұмыс барысын бақылауда өте тиімді. Агротехникалық жəне агрохимиялық шараларды қолдану сапасын бақылауда түсіріс аспабтары қолданылады. Мысалы, минералдық тыңайтқыштарды енгізу, дұрыс суару жұмыстарының сапасын аэрофотосуреттер бойынша əділ бағалауға болады. Жер бетіндегі зерттеулерге қарағанда аэрофототүсіріс құралдарының көмегімен бақылау басымырақ, өйткені маман аурулардың таралу шекарасы туралы толық мəлімет ала алады. Бұл өнімді құтқаруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруды жəне жоспарлауды жеңілдетеді. Гидрогеологиялық ізденіс үшін аэрофототүсірістің ең қолайлы уақыты көктем мезгілі немесе жаздың басы болады.
Эрозиялық процестердің динамикасын тез жəне егжей-тегжейлі анықтауда қашықтан бақылау тəсілін қолданған өте ыңғайлы. Бөлек қалпына келтіру жерлерінің топографиялық негізін құрастыру кезінде суреттерді байланыстыруды шартты координаттық жүйеде орындауға болады. Егер бүлінген жерлердің ауданы 5 км 2 асса, мемлекеттік геодезиялық торды жиілендіруге талап қоюға болады. Анықталған негіз нүктелері болашақта жобаны жер бетінде белгілеу үшін қызмет етеді. Картографиялық аймақта 1:10000 немесе 1:25000 масштабтағы карталар бар болса, суреттерді байланыстыруды камералдық тəсілмен жүргізуге болады. Бұндай жағдайда қалпына келтіру участкелерін жер бетінде белгілеу үшін координаталары фотограмметриялық тəсілмен алынған контурлік нүктелерді пайдаланады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Дешифрлеу дегеніміз не.

  2. Эрозиялық процестердің динамикасын тез жəне егжей-тегжейлі анықтауда қандай тəсіл қолданған ыңғайлы.

  3. Қай ізденіс үшін аэрофототүсірістің ең қолайлы уақыты көктем мезгілі немесе жаздың басы болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет