Байжанова А. Н. «Фотограмметрия және қашықтан аймақтау» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021


Практикалық сабақ 7. Аэрокосмостық сурет бойынша су эрозиясын және тұздануын оқып білу



бет9/22
Дата04.03.2023
өлшемі0,72 Mb.
#71549
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Практикалық сабақ 7. Аэрокосмостық сурет бойынша су эрозиясын және тұздануын оқып білу


Ауылшаруашылық дақылдарды қашықтан зерттеп бақылаудың негізгі есептерінің бірі оның өнімін болжау. Бұндай есептерді шешу үшін екі вариантты айтуға болады. Бірінші вариантта тез жəне оңай болжау жасау үшін егістіктің жағдайын қашықтан анықтайды, яғни, өсімдік сабағының биіктігін жəне тығыздығын өлшеп, оның биомассасын анықтайды. Биомасса мен дəннің шығуының арасында заңдылық бар деп есептеп, биомасса бойынша дəннің шығу ықтималын болжайды. Көп жағдайда бұндай вариант жаман нəтиже бермейді. Кейде ойдағыдай шешім болмай шығады, оған себеп аталған байланыс бұзылады, мысалы, дəн (бас) байлау кезінде ауа райының бұзылуы. Сондықтан бұндай вариантпен болжауды қолдануға болады, егер биомассаның өзі шығу өнімі болса, мысалы, жем-шөп дақылдарының өнімін анықтау. Екінші варианттың негізі дақылдың өсу процесін математикалық моделдеу болады. Моделде өнімді қалыптастырудың барлық факторларын ескереді: топырақ жəне оның жағдайы, өсіру кезеңіндегі ауа райының өзгерісі, өсіру кезеңдеріндегі егістіктің нақты жағдайы жəне тағы басқалар. Бұндай моделдер динамикалыққа жатады, өйткені егістік пен ауа райының жағдайы туралы ақпарат тұрақты түсіп тұрады. Бұндай ақпараттар метеорологиялық спутниктерден түседі. Болжаудың сенімділігін арттыруда егіннін жағдайын, топырақтың ылғалдығын, температуралық режимді қашықтан бақылаудың үлкен маңызы бар. Бұндай бақылаудың нəтижелері бір уақытта өсімдікті қорғауға жəне егістің жағдайын жақсартуға тез шара қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұл вариантта болжау да динамикалық болады. Жағдайды жақсарту мақсатында қолданылған агротехникалық жəне агрохимиялық шаралардан кейін болжам қайталанып өзгертіліп отырады. Сондай-ақ, дəнді дақылдардың пісу уақытын жəне оптималдық жинау мерзімін болжайды. Бұндай болжам үш ай бұрын жасалады жəне ай сайын түзетіліп отырады. Соңғы болжам жинауды бастауға жарты ай қалғанда жасалады. Қысқы дəнді дақылдардың өсуі үш-төрт рет бақыланады. Өну кезеңінде, егу жұмыстарының орындалу сапасын, тыңайтқыш енгізудің біркелкілігін, егістіктің тазалығын бақылайды. Тексеру нəтижелері бойынша бұл кезеңдерде агрохимиялық шаралардың, гербицидтермен өңдеудің орындалуларын жоспарлайды. Арасында егістің өсу жылдамдығын, аурулары мен зиянкестердің əсерін, қолайсыз ауа райының тигізген зиянын бақылап отырады. Егін жинау алдында дақыл сабағының жағдайын жəне пісудің біркелкілігін, жатып қалған егіс участкелерін жəне жалпы егістегі оның үлесін анықтайды. Жер асты суларын табу мақсатында, жату тереңдігін, тұздылығын жəне орналасутерриториясын анықтау үшін аэро жəне ғарыштық суреттерді гидрогеологиялық дешифрлеу жүргізеді. Гидрогеологиялық дешифрлеу екі вариантпен жүргізіледі: индикациялық жəне ландшафттық. Бірінші вариантта жер асты суларының сыртқы белгілерін пайдаланып анықтайды, яғни, өсімдіктердің белгілі түрлеріне жəне олардың топтарына, топырақ түрлеріне жəне кейбір геоморфологиялық шұңқырлардың пайда болуына қарап анықтайды. Бұл ең кең тараған тəсіл. Ол қарапайым жəне оңай, бірақ, территорияның гидрогеологиялық сипаттамаларын анықтау үшін көп еңбекті қажет етеді. Шолып дешифрлеу кезінде индикаторлардың тура белгілерін пайдаланады. Ең маңызды белгілерге фотокөріністің өңі жатады. Өсімдіктің өсу кезеңіне жəне құрамына, топырақтың түріне жəне ылғалдығына байланысты фотокөріністің өңі өзгереді. Мысалы, биіктеу жерлердің өсімдіктері қураған сайын оның өңі ашық бола бастайды, ал тұщы су бар жерлерде өсімдіктер көгеріп фотокөрініс өңі қарайып тұрады. Ащы жер асты сулары төмендегенде жер беті ашық түспен айқындалады. Олардың көрінісі біркелкі емес ақ таңлақ болып келеді. Өсімдіктер біріңғай қураған кезде, яғни, өңдері біркелкі болғанда,индикациялық приоритер топыраққа ауысады. Тұзды топырақтың өңі тұщы топыраққа қарағанда ашық болады.Эрозиялық процестердің өзгешілігі жəне жылдамдығы тікелей шолу жəне өлшеу арқылы анықталады. Кейбір сандық сипаттамалар (аудан, ұзындық, биіктік айырмасы т.б.) топографиялық картадан алынады. Аэрофотосуреттер карталарға қарағанда толық ақпарат бере алады. Түсіру уақытын жəне түсіру жүйесінің элементтерін дұрыс таңдаған кезде суреттен топырақтың шайылу көрсеткіші, сызықтық эрозия элементері жəне т.б. туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға болады. Ауылшарушылық жерлердің кейбір сипаттамаларын, мысалы, көлбеулікті немесе көлбеу бұрышын тікелей суреттен анықтауға болады. Қазіргі кезде эрозияның пайда болу тегі туралы дəлірек ақпаратты фототеодолиттік түсіріс нəтижелерінен алады. Эрозиялық процесті сараптау үшін бұрынғы аэрофототүсіріс материалдарын пайдаланады. Түсіріс жүйесінің анық көру қабілетіне жəне жер бетінің көлемі мен пішініне байланысты түсіріс масштабын таңдайды.Бедер сипаттамаларын, шағын су жинау аудандарын, ірі орларды, жар-қабақтарды дешифрлеуде, су шайған кейбір участкелерді, адам тіршілігінің əсерінен болған (терраса, қорғаныс екпе ағаштар немесе бұталар) эрозиялық процестерді1:30000–1:50000 масштабтағы суреттер бойынша дешифрлеуге болады. Жылға арналарының сипаттамаларын, су жинау алқаптарын жəне адам тіршілігінің əсерін анықтауда 1:10000–1:15000 масштабтағы суреттер қолданылады. Ал осы объектілердітолығырақ жəне егжей-тегжейлеп зерттеу үшін 1:5000–1:7000 масштабтағы суреттеркерек болады. Бұндай суреттер екінші ұзын фокусты АФА объективінің көмегімен алынады. Барлық жағдайда суреттерді үлкейту арқылы дешифрлеу мүмкіндігін арттырады. Суреттердің ақпараттығы суретке түсіру уақытына ғана тəуелді емес, сонымен қатар, эрозиялық объектіге қарағанда күннің орналасу жəне түсіру биіктігіне байланысты болады. Эрозиялық процестерді зерттеуге контактілі жəне үлкейтілген суреттерден басқа бұрынғы фотопландар, топографиялық карталар, топырақ карталары, эрозияға қарсы шараларды ұйымдастыру жобалары жəне де басқа қашықтан бақылау материалдары қолданылады. Су жинау шекарасын анықтау үшін стереофотосхеманы қолданған ыңғайлы. Сондай-ақ, ауылшаруашылық жерлердің еңістік жерлерінің картасын құруға да ыңғайлы. Су жинау шекарасын су бөлгіш сызықтарының бойымен стереомодель бойынша белгілейді. Планиметрдің, палетканың немесе басқа құралдардың көмегімен су жинау участкесінің жалпы ауданын анықтайды. Қашықтан бақылау тəсілдері эрозиялық процестер динамикасын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, жыралардың көбейуін, орлардың үлкейу жылдамдығын, көшкін қозғалысын т.б. Бұндай зерттеулер жүргізу үшін, əдетте, арнайы участкелерді таңдайды. Фотограмметриялық өлшеулер нəтижелерін салыстыру үшін алынған шамалар біркелкі координаталар жүйесінде болуы керек. Ол үшін арнайы алынған участкелерде тұрақты пландық жəне биіктік негіз нүктелері болуы керек. Нүктелердің жиілігі əржұмыстық ауданда кемінде төрт нүкте болатындай етіп жасалады. Қашықтан бақылау жиілігі қойылған мақсатқа байланысты анықталады. Мысалы, қар суының немесе жауынның салдарынан қысқа мерзімдегі эрозияның пайда болуы немесе көп жылға бақылау нəтижесінде ордың ұлғайуы. Бірінші жағдайда зерттеу құбылысының пайда болғанға дейінгі суретін жəне болғаннан кейінгі суреттерді талдау барысында анықталады. Екінші жағдайда жаңадан түсірілген сурет бұрынғы суретпен салыстыру арқылы анықталады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Гидрогеологиялық дешифрлеудің қанша түрі бар.

  2. Шолып дешифрлеу кезінде қандай белгілерін пайдаланады.

  3. Су жинау шекарасын анықтау үшін нені қолданған ыңғайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет