Бір мезгілде екі немесе одан көп препараттарды бірге қолданғанда, әсер олардың әрқайсысын жеке қолданғандағы әсерден өзгеше болса, мұндай құбылысты ДЗ өзара әрекеттесуі деп атайды.
ДЗ өзара әсерлесуі төменде аталған құбылыстарға әкеледі:
препараттың бірінің әсерінің төменедуі, не болмаса толық жойылуы – бұл құбылыс антагонизм деп аталады.
ДЗ қосарлап қолданғанда бір бағытты әсер көрсетіп, эффект күшейсе синергизм деп аталады.
Бір бағыттағы әсер етудің нәтижелері:
егер, екі ДЗ қосарлап қолданғанда дамыған әсер екеуінің қарапайым суммасына тең болса (АБ=А+Б) – суммация деп аталады.
егер, екі ДЗ қосарлап қолданғанда дамыған әсер екеуінің қарапайым суммасынан артық болса (АБ>А+Б) – потенцирлеу деп аталады.
егер, екі ДЗ қосарлап қолданғанда дамыған әсер екеуінің қарапайым суммасынан кем, ал әрқайсысының әсерінен артық болса (АБ<А>Б) – аддитивті әсер деп аталады.
ДЗ ағзаға енгізгенге дейінгі байқалатын әсерлесу түрін фармацевтикалық өзара әрекеттесу деп атайды. Бұл әсерлесу түрінің негізінде ДЗ бір–бірімен физико–химиялық реакцияларға түсуі жатыр. Оның нәтижесінде ерімейтін қосылыстардың түзілуі, түсінің, иісінің өзгеруі, ДЗ фармацевтикалық қасиеттері өзгеруі мүмкін. Мысалы: сілтілі ортада жүрек гликозидтері ыдрауға ұшырайды, нәтижесінде оның белсенділігі төмендейді. Әлсіз қышқыл болып табылатын ДЗ негіз ретінде қышқыл ерітінділерді қолдануға болмайды, өйткені олар тұнбаға түседі