Тақырыбы : Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.
7 -сынып
Мақсаты : Денелердің өзара әрекеттесуі және дененің массасы туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:Денелердің өзара әрекеттесуін, масса ұғымын, массаның формуласын білу.
Танымдық:Масса ұғымына түсінік бере алады, формуласына сәйкес есептеу жүргізеді, денелер әсерлескенде жылдамдықтары қалай өзгеретінін біледі.
Эмоционалдық: Жаңа тақырып бойынша алған білімін өздігінен кез- келген жағдайда пайдалана білуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге құштарлығын арттыру.
Әлеуметтік:Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін
көрсету. Оқушыларды еңбектене, іздене білуге баулу. Шағын топтарда
үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу.
Күтілетін нәтиже: 1.Денелер әсерлескенде жылдамдықтары қалай өзгеретінін, масса ұғымын, оның бірліктері жайлы білім-білік дағдысы қалыптасады.
2. Жаңа тақырып бойынша алған білімін өздігінен кез- келген жағдайда пайдалана білетін болады. Оқушылардың логикалық ойлау жүйесі дамиды, білімге құштарлығы артады.
3. Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін біледі. Оқушылар
өздігінен ізденеді. Шағын топтарда үйлесімділікпен ынтымақтаса жұмыс жасауға қызығушылық пайда болады.
Ресурстар: қосымшаматериалдар,интербелсендітақта
Негізгі идеялар : ынтымақтастық, өзін-өзі реттеу, сұрақ қою, диалогтік оқыту, бақылау және сыни ойлау
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.