Гистологиялық препараттың және электроннограммалардың жекелеген құрылымдарын анықтау және белгілеу.
Негізгі гистологиялық және электронды-микроскопиялық құрылымдарды сипаттау.
Теориялық білімді гистологиялық препараттар мен электронограммаларды сипаттау барысында қолдана білу.
Гистологиялық препараттар мен электронограммаларды сатылы түрде сауатты сипаттау.
Гистологиялық препараттар мен электронограммаларды сипаттау барысында кәсіби гистологиялық терминологияны қолдану.
Жасушалардың, жасуша емес құрылымдардың және тіндердің құрылымдық ерекшеліктерін белгілі бір жүйенің мүшелерінің қызметтерімен байланыстыра білу.