Қалыпты анатомия пәнінен оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізуге арналған тапсырмалар тізбесі:
№1 сабақ.
Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының биомеханикасы. Сүйектің синовиальды қосылыстары. Буын биомеханикасы.
Сабақтың соңында студент істей алады: Тірек-қимыл аппаратының биомеханикасын, ірі буындардың құрылысын білу, препараттар мен муляждарда буын құрылымының негізгі және қосымша элементтерін тауып көрсету, оларды латынша атау.
Әдебиет, с.қ. электрондық ресурстар: Негізгі: 1. Адам денесі: көрнекіленген оқулық. 3 томдық. 1 том. Тірек-қимыл аппараты/ Авторы – А.Р.Рақышев: ГЭОТАР – Медиа, 2014. 212-275 беттер
Қосымша 1. Адам анатомиясы. Оқулық. Ред. Т.М.Досаев. «Ақнұр» баспасы. 2013. 366 бет
2.Адам анатомиясының атласы. Алшынбай Рақышев. 4 томдық. 1-том. «Кітап» баспасы. 2006
Электрондық ресурстар 1.Қалыпты анатомия кафедрасының компьютерлік базасында кафедра оқытушылары дайындаған қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі видеоматериалдар бар
2. Артросиндесмология. Оқу құралы https://drive.google.com/file/d/1vwJ0LVqW75MYZNfJWwkInXbeim9kP5Tz/view?usp=sharing
3. https://www.youtube.com/watch?v=xVUKdS6yfF8&feature=share
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: 1. Үздіксіз қосылыстар: фиброздық, шеміршектік және сүйектік қосылыстар.
2. Үздікті қосылыстар, буынның негізгі және қосымша элементтері.
3. Буындардағы қозғалыстардың сипаттамасы
4. Буындардың айналу білігі, пішіні және буындық беттері бойынша жіктелуі.
Сабақты өткізу түрі:Ылғалды материалмен, кестелермен, диаграммалармен және буын муляждарымен шағын топтарда жұмыс жасау. Ауызша сұрау. Тесттік және жағдайлық есептерді шешу.
Сабақты бақылау: Бағалау – суммативті, ауызша жауап, тәжірибелік дағдыларды қабылдау, тесттік және жағдайлық есептерді шешу негізінде қойылады.
ҚО кезінде Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams және Zoomплатформаларда.