Биохимия пәні бойынша аралық бақылауға дайындалуға арналған сұрақтар жағдайлық есептер түрінде: 1.Энергия алмасуы, түсінік. Балалардағы энергия алмасуының ерекшеліктері. Энергия алмасуының сатылары арасындағы байланыс.
2. Энергия алмасуының 1сатысы – көмірсулардың, липидтердің, нәруыздардың арнайы жолдар арқылы активті сірке қышқылына дейін ыдырауы.
3. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы, реакциялардың реті.
4. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, мәні, маңызы. БТ сатылары, протондар мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер.
5.Тотығу-тотықсыздану потенциалы дегеніміз не? Оған не тәуелді?
6.Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні және маңызы. Р/О коэффициенттері.
7.БТ мен ТФ қабысу нүктелері. Электрондарды тасымалдау тізбегінің реттелуі. Тыныс алуды бақылау.
8. Биологиялық мен тотығудан фосфорланудың ажырауы. Ажыратқыштар туралы түсінік. Мысалдар келтіру.
9.Тыныс алу комплектсері, олардың құрамы. Электрондарды тасымалдау тізбегінің ингибиторлары.
10.Гипоэнергетикалық күйлер: түсінік, себептері.
11.Оксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
12. Оксигеназды тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы.
13. Пероксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
14. Пероксидті (бос радикалды) тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы. Оттектің активті түрлерінің түзілуі.
15. Ферментті және ферментті емес антиоксиданттар.
16.Дәнекер тінінің химиялық құрамы және функциялары.
17.Коллаген – құрылымдары, қасиеттері, типтері, ролі.
18.Эластин – құрылымдары, десмозин және изодесмозин туралы түсінік, ролі.
19.Дәнекер тініндегі заттар алмасуының ерекшеліктері. Дәнекер тінінің жасқа байланысты өзгерістері.
20. Дәнекер тініндегі заттар алмасуының реттелуі.
21. Дәнекер тінінің құрамдас бөліктерінің жараның жазылуындағы маңызы. Қабыну және жарақат процесі туралы түсінік. Коллагеноздар кезіндегі дәнекер тініндегі негізгі өзгерістер.
22.Сүйек тінінің химиялық құрамы және функциялары.
23.Сүйек тінінің нәруыздары: а)оссеин, құрылысы, биологиялық ролі; б)коллаген емес нәруыздар, өкілдері, оларға сипаттама және ролі.
24.Сүйек тінінің ферменттері, олардың ролі.
25. Сүйек тінінің көмірсулары, липидтері, органикалық қышқылдары.
26.Сүйек тінінің бейорганикалық компоненттері. Гидроксиапатиттің кеңістік құрылысы, басқа апатит түрлерінің құрылысы туралы түсінік. және қасиеттері.
27.Сүйек тінінің жасқа байланысты өзгерістері.
28.Минералдану және минералсыздануға әсер ететін факторлар. Минералдану процесіне паратгормон мен кальцитониннің әсері.
29.Бұлшық ет тінінің химиялық құрамы (схема).
30. Бұлшық ет тінінің нәруыздары, олардың маңызы.
31.Азотты экстракцияланатын заттар.
32.Азотсыз экстракцияланатын заттар.
33.Бұлшық еттің бейорганикалық заттары.
34.Бұлшық ет жиырылуы мен босаңсуының химизмі.
35.Бұлшық ет жиырылуы мен босаңсуының реттелуі.
36.Бұлшық ет тініндегі АТФ синтезі мен ресинтезінің жолдары.
37.Бұлшық ет тініндегі заттар алмасуының ерекшеліктері.