Байласымды жүзеге асыратын сөздер тобы



Дата19.04.2022
өлшемі5,27 Mb.
#31568
Байланысты:
Байласымды жүзеге асыратын сөздер тобы


Байласымды жүзеге асыратын сөздер тобы

Қабылдаған: фил.ғыл.докторы,

профессор, Қосымова Г.

Орындаған:

Жолдина Ж.М.

Мәтіннің байласымы

Мәтін байласымы (когезия) күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс тәсілдермен ұйымдасуынан көрінеді.

Мәтіннің байласым категориясы сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық-тұлғалық жағынан байланыса келіп, біртұтас мәтінді ұйымдастыруға қатысуын білдіреді. Егер мағыналық-тұлғалық жағынан сәйкеспейтін сөйлемдерді бір мәтін ұйымдастыруда қолдансақ, онда ол мағынасы шашыраңқы, түсініксіз дүние болып шығады. Мәтіннің құрылымындағы көлемді тұлға-бірліктер күрделі синтаксистік тұтастықтардан бастап, лексикалық бірліктерге дейін мағыналық жағынан өзара байланысып, мәтіннің мазмұнымен астасып жатады. Мәтіннің негізін, оның тұтасымын осы бірліктер арасындағы тұлғалық-мағыналық байланыс түзеді. Соның негізінде байласымның эсплицитті және имплицитті тәсілдері болады. Эксплицитті тәсіл – мәтін құрамындағы сөйлемдердің өзара формальды, тілдік бірліктердің қолданысы арқылы байланысуы. Имплицитті тәсіл – мәтін құрамындағы сөйлемдердің өзара мағына бірлігі арқылы байланысуы.

Субституттар

1

Дейсксистар



2

Скреп сөздер мен шегендеуіштер

3

Мәтіннің құрылымдық бірліктерінің байласымын жүзеге асыратын құралдарға



Субститут деп бір сөздің, сөйлемнің не сөйлемдер тізбегінің орнына қолданылып, зат, мекен, мезгіл т.б. атаулардың мағынасында қолданылатын бірліктерді атайды . Субституттар орынсыз қайталауды болдырмау мақсатында, тілдік бірліктерді ықшамдап жұмсау үшін қолданылады.

Дейксис – тілдік құралдармен берілетін сілтеме, орнына жұмсалып отырған тілдік бірліктің мағынасына немесе қызметіне нұсқайды. Оларға есімдіктер, үстеулер, есімдік пен шылау, есімдік пен мекендік, мезгілдік ұғымды білдіретін сөздер жатады. Дейксистер мәтіннің алдыңғы бөлігінде қамтылған хабарға нұсқайды.

Субституттар

1

Дейсксистар



2

Скреп сөздер мен шегендеуіштер

3

Мәтіннің құрылымдық бірліктерінің байласымын жүзеге асыратын құралдарға



Шегендеуіштерге қыстырма құрылымдар (мысалы, құдайға шүкір, неге екенін қайдам), шылаулар (алайда, сондықтан, бірақ, өйткені т.б.) жатады. Шегендеуіштердің субституттар мен дейскистерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар мәтін құрамындағы дербес сөйлемдердің арасындағы байласымды жүзеге асырғанымен, есімдіктер, сан есімдер сияқты бір заттың, құбылыстың, мекеннің т.б. орнына қолданылмайды. Олар екі сөйлемнің немесе бірнеше сөйлемдер мен дербес бір сөйлемнің арасындағы мағыналық қатынасты тілдік амал-тәсіл арқылы көрсетіп, әртүрлі мағыналық реңктерді тудырады. Сөйлемдер арасындағы тұлғалық байласымды күшейте түседі.

Есімдіктер мағыналық және қолданымдық сипатына байланысты субституттар мен дейскистерге

жатқызылады. Мәтінішілік байласымды жүзеге асыруда жіктеу және сілтеу есмдіктері есімдіктің басқа

түрлеріне қарағанда анағұрлым жиі қолданылады. Есімдіктер есім сөздердің орнына жүріп, заттың атауын,

сынын т.б. білдіретіні белгілі. Осы есімдіктердің қай сөз табының орнына жұмсалып, қандай мағынаны

қамтып тұрғанын білу үшін контекстегі алдыңғы және кейінгі сөйлемдердің мән-мағынасына назар аударамыз.

Мысалы, Ол бұл шартқа келісті десек, сөйлемді дара түрде алғанда әңгіме кім жөнінде және қандай шарт

туралы екендігі түсініксіз. Бұл жөнінде біз алдыңғы сөйлемдерден білеміз. Ал сөйлемдегі жіктеу және сілтеу

есімдіктері бір сөзді қайталай бермеу үшін жұмсалып, мәтіннің алдыңғы бөлігінде орналасқан сөйлемнің

кейінгі сөйлеммен тұлғалық әрі мағыналық тығыз қарым-қатынасқа түсуін қамтамасыз етеді.



Есімдік мәтінтүзімдік қасиетке ие тілдік бірлік болып табылады. Оның бұл қызметі мәтін байласымын жүзеге асыруынан көрінеді.Есімдік жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыра отырып, сол сөйлемдердің, яғни құрмалас сөйлем сыңарларының арасында түсіндірмелі мағыналық қатынас жасайды. Басқаша айтқанда, сол, сонша, соншалық, сондай, соншама, осы т.с.с. сөздер келесі сыңарда айтылатын құбылысқа, ойға сілтейді де, осы сөздердің мән-мазмұны сол келесі сөйлемде анықталады. Мысалы, Менің сендерге берген парам сол: дәл сол Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым (М. Ә.). Бұл мысалда сілтеу есімдігінің морфо-синтаксистік қызметі байқалады. Сөйлемнің екінші сыңары бірінші сыңардың сол баяндауышының мәнін қамтып тұр. № 5 (120) 2017 39 Есімдік құрмаластың екінші не одан кейінгі сөйлемдерінде алдыңғы сөйлемдердегі бір сөздің орнына жүріп сол сөйлемдерді құрмаластырады. Мысалы, Абай ауылына ақын келетін болыпты және оған арнап киіз үй де тігіледі екен (М. Әуезов).

Мәтін байласымы – тек екі сөйлем аралығын ғана қамтымайды, бұл күрделі синтаксистік тұтастықтарды, абзацтарды, тарауларды да біріктіретін категория. Мәтін ішіндегі сөйлемдердің іргелес байласымы өзара іргелес сөйлемдер арасында жүзеге асса, араларында бір не бірнеше сөйлем орналасқан синтаксистік бірліктер арасында алшақ байласым түрі жүзеге асады. Іргелес және алшақ байласым түрлері мәтін бөліктерін бір мағыналық-құрылымдық тұтасымға ұйымдастыруда үлкен қызмет атқарады. Мәтіндегі байласымды жүзеге асырушы лексика-грамматикалық амал-тәсілдер – есімдік, тәуелдік жалғау, үстеу, шылау, қыстырма, синоним, антоним сөздер, етістіктің бірыңғай шақ тұлғасы, синтаксистік параллельдік, қайталаулар т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет