Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет104/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   117
Сауда.  Тҥркістан  қалалары  мен  Қазақстан  далалары  арқылы  Орта  Азия 

мен  Ресейдің  сауда  қатынастарының  қалыптасуы,  нәтижесінде  Қазақстан 

қалаларының  экономикалық  дамуы  транзиттік  саудадағы  жаңа  қҧбылыс 

болды.  

Орыс мемлекеті Орта Азиядан мақта-мата, мақта, жібек шикізатын, асыл 

тастар,  Шығыс  қаруын  алды.  Қытай  тауарлары  Ресейге  Орта  Азия  арқылы 

тҥсіп  отырды.  Қазақстан  мен  Орта  Азияға  Ресейден  шҧға,  атлас,  айна,  аң 

терілері, кҥміс әкелінді. 

Сауда  керуендері  Қазақстанның  Созақ,  Қарашоқ,  Тҥркістан  қалалары 

арқылы  жҥріп  ӛтетін  еді.  Рузбихан  Сығанақты  Дешті  Қыпшақтың  сауда 

айлағы  деп  атайды.  Сығанақты  суреттей  келіп,  былай  деп  хабарлайды:  бҧл 

елге  «...Дешті  жағынан,  Хажы  Тарханнан  кӛптеген  игіліктер,  семіз  қойлар 

және аң терісінен, киш пен тиннен, яғни бҧлғын мен тиын терісінен тігілген 

тондар, берік садақтар, ақ қайыңнан жасалған жебелер, жібек маталар сияқты 

басқа  да  бағалы  тауарлар  және  ӛзге  де  асыл  бҧйымдар  жеткізіледі... 

Тҥркістан,  Мауреннахр  аймақтарының  және  Шығыстың  кӛпестері  Қашғар, 

Хотан  шегінен  Сығанаққа  сол  елдердің  тауарларын  әкеліп,  Дешті 

адамдарымен  сауда  мәмілелерін  және  айырбас  жасайды».  «Ясы  қаласына,  - 

деп атап ӛтеді сол автор, - тауарлар мен қымбат бағалы бҧйымдар әкеліп, сол 

жерде  сауда  жасалады,  ол  (қала)  кӛпестердің  теңдерін  шешетін  жері  және 

саяхатшылардың топтанып, елдерге аттанатын жері болып табылады». 

Шығыс  деректемелерінің  деректерін  археологиялық  олжалар  да  растап 

отыр.  Отырар,  Тҥркістан,  Сайрам  қалаларының  жҧрттарынан  ХVІ-ХVІІ 

ғасырлардағы қытай селодоны мен фарфоры табылды. 

Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының кӛшпелі дҥниемен 

дәстҥрлі  саудасы  және  жергілікті  сауда  жҥргізілді.  Даладан  мал,  тері,  жҥн, 

дайын  бҧйымдар  әкелінген.  Мәселен,  Сефидің  1582  жылы  жазылған 

шығармасында  қазақтардың  саудасы  туралы  қызықты  хабар  бар.  Ол  былай 

деп  жазады:  «Оларда  қой,  жылқы,  мен  тҥйе  кӛп...  Олардың  шапандары  қой 

терісінен  тігілген,  олар  тҥрлі  тҥске  боялып,  атласқа  ҧқсас  болады,  оларды 

Бҧхараға  әкеліп,  атластан  тігілген  шапандардың  бағасымен  сатады,  олар 

сондай  сәнді  әрі  әдемі».  Сырдария  қалаларынан  далаға  астық,  қала  ӛнерінің 

ӛнімдері, мата апарылды. 

 Сауда-экономикалық    байланыстың  екі  жаққа    да  зор  маңызы  болды, 

сондықтан  қазақтардың  кҥш-қуатын  әлсіреткісі  келген  Шәйбанидің 

қазақтардың қалаларда сауда жасауына тыйым салуға тырысқаны  кездейсоқ 

емес.  Қазақтардың  қалалармен  сауда  байланысының  тҧрақтылығын 

қамтамасыз  етуге  ҧмтылуы  қазақ  және  ӛзбек  хандарының  кҥресін  туғызған 

себептердің бірі болды.  

Қалалар  тӛңіректегі егінші  және  кӛшпелі  халықты  қажетті  товарлармен  

базар  арқылы  жабдықтап  ӛтырда.  Қалалардың  базарлары    кӛшпелілердің 



 

383 


жабылған қатарлары  болатын. Дҥкен-дҥңгіршек  әдетте қолӛнерші шебердің 

иелігінде еді және  ол  әрі шеберхана, әрі сауда  жасайтын орын болды.  

Тҥркістан  қаласында    дҥкендер  болғанын  Ахмет  Ясауи  кесенесінің 

вакфтарына  қатысы бар жазбаша  қҧжаттардың мәліметтері де растайды.  

Халықаралық  сауданың  және  қалалар  мен  ӛнердің  арасындағы,  

жекелеген  Сырдария  қалаларының    арасындағы  сауданың  мӛлшері  туралы 

негізінен 

Отырарды, 

Тҥркістанды 

қазу 


жҧмыстарынан 

алынған 


нумизматикалық  материал  бойынша  білуге  болады.  Отырардан  мыс 

теңгелердің  кӛптеген  олжалары  шықты,  оларды  екі  топқа  бӛлуге  болады. 

Біріншісіне Яссы (Тҥркістан)   мен Ташкентте соғылғандары  жатады. Екінші 

топ  Орта  Азия  қалаларының  (Бҧхара,  Самарқанд  және  басқалар)  теңгелерін 

қамтиды. Ҧсақ мыс тиындардың да Тҥркістан ақша  сарайының ӛнімі болуы 

мҥмкін.  Оларда  жазбалардың  орнына  керамика  ыдыста  бейнеленген 

таңбаларға  ҧқсайтын  әр  тҥрлі    белгілердің  салынуы  жиі  кездеседі.  Яссы 

қаласында Абдаллах ІІ (1560-1583) әкесі Ескендір хан атынан кҥміс мәнеттер 

шығарылды. Бҧл ханның екі мәнеті Раң қалашығын қазған кезде табылған.  

ХVІ  ғасырмен  мерзімделінетін  мыс  теңгелердің  басым  болуы  бҧл 

кезеңде  мыс  қала  рыногында  маңызды  рӛл  атқарды  деп  пайымдау  жасауға 

мҥмкіндік береді. Бҧл сол замандағы бҥкіл Орта Азияға тән қҧбылыс еді. 

ХVІІ-ХVІІІ  ғасырлардағы  мыс  мәнеттердің  айналымдағы  сауалдары 

Орта  Азиялық  нумизматикадағы  аз  зерттелген  мәселенің  бірі  болып 

табылады.  Кейінгі  ортағасырлық  мыс  теңгелердің  нақты  айқын  белгісі  жоқ. 

Ең  кӛп  тобын  аниэпиграфтық  теңгелер    қҧрайды.  Олардың  бір  жағында  аң, 

екінші жағында  қҧс  бейнеленген, аң бейнеленген  кейбір теңгелердің екінші 

жағы тегіс.  

Мыс  кӛмбелердің  мерзімін  анықтауға  олардың  біреуінде  Алексей 

Михайлович  патшаның  есімі  кездесетін  1655-1663  жылдары  соғылған    отыз 

орыс тиынының болуы негіз береді. 

Қалалардың  аты  қойылмай    соғылуында  іс  жҥзінде  әлдебір  саяси  және 

фискалдық мақсаттар  кӛзделмеген, қалалар ӛмірінде рӛл атқарған рыноктық 

сауданы қамтамасыз етуге ғана арналған.  

ХVІІ  ғасырдың  аяғынан  басталатын  уақыт  Отырар,  Сауран,  Сығанақ, 

Аққорған,  Ҥзгент  ӛмірінің  бітуімен  баланысты,  бҧл  қалалардың   

жҧрттарынан таьылған  нумизматикалық олжаларда ол кӛрініс тапқан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет