Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет109/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   117
Дромос – обаға арнайы жасалған дәліз.  

Дольмен  –  ҥсті  тас  плиталармен  жабылған,  ҥлкен  тастармен  тҧрғызылған 

ғҧрыптық немесе жерлеу қҧрылысы. 



Доместикация  –  жабайы  жануарларды  қолға  ҥйрету.  Кейде  жабайы  дәндә-

дақылдарды мәденилендіруді де осылай атайды.  



Жарқыншақ – кез келген жаңқалаудан қалған ӛнім; вентраль бӛлігі сақталған. 

Соққы қырының болуы міндетті емес. 



Жерлеу ғұрпы - ӛлген кісіні ақырғы сапарға аттандыру рәсімі. Оған мҥрденің 

аяқ-қолын  бҥгу,  қырынан  қою  немесе  шалқасынан  жатқызу,  қасына  жерлеу 

саймандарын орналастыру секілді ғҧрыптық іс-әрекеттер кіреді. 

Жерлеу  камерасы  –  қима  ағаштармен  немесе  тас  плиталарымен  қабырғасы 

ӛрілген мҥрде қойылатын оба, қоршау астындағы орын. 



Жерлеу саймандары – қабірдегі мҥрде жанына қойылған заттар. 

Жертөле – жерге тереңдете қазылып, ҥсті ағаштармен жабылған баспана. 

Заттай  мәдениет  –  қазба  кезінде  табылған  тҥрлі  технологиялар  мен 

артефактілер жиынтығы. 



Зират,  қорым  –  жерлеу  кешені.  Ол  бірнеше  обалардан,  қоршаулардан,  т.б. 

тҧрады. 


Зооморфты – жануар сҧлбасының бейнеленуі. 

Идол  –  тас,  ағаш  немесе  сҥйек  материалдардан  жасалған  мифологиялық 

немесе эпикалық кейіпкер, «тәңірдің» мҥсіні. 



Ингумация – мҥрдені шҧңқырда, қабірде жерлеу.  

Инкрустация  –  бҧйымға  басқа  материалдар  немесе  асыл  тастар  орнатып 

дайындау. 



Кескіш – шеті ҥшкір, ҧзын келген тас тілікшесі. 

Кенотаф  –  алыста  жҥріп  қайтыс  болған  адамның  сҥйегі  қалмаған 

(табылмаған) жағдайда тҧрғызылатын еске алып тҧру обасы. 



Керуен  сарай  –  керуендер  аялдайтын,  тоқтап  тынығатын  кешенді  имарат. 

Оған саяхатшылар, т.б. жолаушылар да тоқтаған.  



Кремация – қайтыс болған адам денесін ӛртеу ғҧрпы. 

Крица – қҧрамында шлагы кӛп кеуекті қатты темір массасы. 

Кромлех – жеке тҧрған ірі тастар, әдетте дӛңгелек тҧрпатта орналасады. 

Қыш  ыдыстары  (керамика)  –  саз  балшықтан  тҧрпаты  жасалып,  отқа 

кҥйдірілген бҧйым. Жалпылама тҥрде ӛндірістік, тҧрмыстық және ғҧрыптық 

болып бӛлінеді. 



 

390 


Леваллуа  –  тас  ӛңдеу  техникасы.  Алдымен  мҧқият  дайындалған  дӛңгелек 

пішінді  ӛзектастан  тас  тіліктері  соғылып  алынады.  Одан  соң  тас  тілігінен 

қажетті қҧрал жасалған. Бір жағы дӛңестеу, келесі беті жалпақ болып келеді. 

Локализация – ҥш жақты фиксацияланған археологиялық олжалардың уақыт 

пен кеңістік аясындағы жағдайы. 



Макролит – ірітас; ірі етіп шағылған тас қҧралдары. 

Мәдени  дәстүр  –  ҧзақ  уақыт  бойы  ерекше  қҧралдардың  немесе 

технологиялардың сақталуы, ол археологиялық мәдениет жойылғаннан кейін 

де біршама уақыт сақталып қалады. 

Мәдени қабат – археологиялық олжалар кездесетін қабат. 

Мәдени  эволюция  –  тҥрлі  мәдени  ҥрдістер  нәтижесінде  уақыт  талабы 

бойынша адам мәдениеті ӛзгеріске ҧшырайды дегенді білдіретін теория.    



Меандр  –  бҧрмаланған  сызық  тҥріндегі  ӛрнек.  Ирелеңдеп,  бҧрмаланып 

ағатын Меандр ӛзенінің атымен аталған. 



Мегалиттер – ҥлкен тас блоктарынан тҧрғызылған ежелгі қҧрылыс. 

Менгирлер (сымтастар) – тігінен тҧрғызылған ҧзынша тас плиталары, кейде 

қатарласа, кейде параллель тҥрде кӛміледі.  



Мешхед – мҧсылмандар мінәжат ететін бейіт. 

Миграция – бір жерден екінші жерге қоныс аудару. 

Микролит  –  шағын  тас;  шағын  тас  трапеция,  сегмент,  ҥшбҧрыш 

тҧрпатындағы  тас  тіліктері.  Кӛбіне  шаруашылық  қҧралдарына  қыстырма, 

қондырғы ретінде қолданылған. 

Миоцен – неоген жҥйесінің тӛменгі бӛлімі. 

Наус – исламға дейінгі әулеттік мҥрдехана.  

Оба – топырақтан, тастан тҧрғызылған қабір ҥсті қҧрылысы. 

Оссуарий – мҥрде қалдықтарын (кҥл, сҥйек) салатын қыш ыдыс. 

Остеологиялық материалдар – малдың, жан-жануарлардың сҥйектері. 

Ошақ  –  баспана  ішінде,  жанында  от  жағылған  орын.  Әдетте  қаланған 

тастары, ошақ шҧңқыры, кҥл қалдықтары, т.б. бойынша анықталынады. 



Өзектас – нуклеус – қҧрал дайындау ҥшін арнайы ӛңделген тас. Ерте кездері 

тӛменгі  палеолитте  дӛңгелек,  мустье  дәуірінде  пирамида  пішіндес,  жоғарғы 

палеолитте  призма  тәрізді  тҥрлері  шыққан.  Тас  дәуірінде  олардан  басқа 

бірнеше тҥрі бар. 



Пандус – қоғамдық ғимараттарға баспалдақ тҥрінде жасалған еңіс не жайпақ 

жай. 


Пектораль – кеудеге тағылған зергерлік бҧйым. 

Петроглиф – тас плиталарға, жартастарға қашап салынған суреттер. 

Плейстоцен  –  геологиялық  бӛлім  атауы.  Ол  тӛменгі,  ортаңғы  және  жоғарғы 

болып бӛлінеді. Плейстоценді голоцен алмастырған.  



Пышақ  тәрізді  тас  тілік  –  призма  пішінді  ӛзектастан  шағылып  алынған 

ҧзынша келген еңбек қҧралдары. 



Реверс – тиынның (монетаның) сол беті. 

Саркофаг – ағаштан жасалған (діңгек, т.б.) табыт-астау. 

Соққы  алаңқайы  –  тас  қҧралдарын  соғып  немесе  шағып  тҥсіруге  арналған 

жазық бӛлік. 




 

391 


Тагора – тағара – шылапшын, шара секілді керамикалық ыдыс. 

Тас тілік – ені ҧзындығынан кемінде екі есе кіші, ҧзынша келген тас қҧралы. 

Тас  жаңқа  –  тасты  ӛңдеу  барысында  оның  сыртынан  шағып  алынған 

бӛліктері. 



Тасөзек - ядрище – тас қҧралдары шағып алынған жҧмыр тас кесегі. 

Терракота – балшықтан кҥйдіріліп жасалған мҥсіндік туынды, кейде боялуы 

да мҥмкін. 



Түзету – ретушь – ӛңделіп жатқан қҧралдың ҥстінен ҧсақ жарқыншақтар мен 

қабыршақтар алу. 



Фасад  –  қабырғаның  сыртқы  кӛрінісі.  Архитектуралық  ансамбльге  сай 

бірнеше тҥрлерге (бас, бҥйір, кӛше, аула, т.б.) бӛлінеді. 



Хум  –  азық-тҥлік  немесе  ауыл  шаруашылық  ӛнімдерін  сақтауға  арналған 

ҥлкен қҧмыра. 



Чоппер – малтатастан дайындалған ҧзындау келген кӛлемді тас қҧралы. Екі-

ҥш соққымен бір шеті ғана ӛңделеді. 



Чоппинг – екі шеті де бірнеше соққылармен ӛңделген малтатастан  жасалған 

кӛлемді тас қҧралы. 



Циста – жәшік тҥрінде жҧқа тас плиталармен қаланған қабір. 

Экофакт  –  адам  қолымен  жасалмаған,  бірақ  мәдениетті  зерттеуде  маңызы 

бар археологиялық олжалар. Мысалы, сҥйек, ӛсімдік, т.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет